Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
24.09.2019
4237
Бақытқа мені баласаң
Сөзіңіз - жақұт, өзіңіз – асыл,
Бақыт қой сізбен тілдескен.
Жүрекке сеніп, сезімге көніп,
Сағынып қалай күй кешем.
Ансайды көңіл,ала бұлт ой бұл
Сезімді қалай жасырам?
Айта алмай сізге,бүгемін іште
Көруге бірақ асығам.
Кездескен кезде нұр жауып жүзге
Шаттықтан басым айналар.
Мас болып көңіл құанғанменен
Арқанмен тілім байланар.
Тұсалып аяқ кете алмай жырақ
Кібіріктеп қалармын.
Іштегі күйді жасыра алмай
Үн қатып тұрар жанарым.
Сезімге көніп бере алмай ерік
Сабырды серік қылармын.
Аңсауды жеңіп, қиялды жегіп,
Арманға оймен барармын.
Қол бұлғап сағым тұрғандай жақын
Көрінер күле қарасаң
Ұсынып қолын ертерсін өзің
Бақытқа мені баласаң.
27.10.2017ж.
Бөлісу:
Пікір қалдыру: