Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

06.12.2017
8477

Біз қазақпыз

Біз қазақпыз

Біз қазақпыз

 

Біз қазақпыз,сақпен ғұннан таралған,

Қасиетті топырақтан нәр алған.

Сан ғасырдың соқпағынан сау өтіп,

Қазағымыз қазақ болып жаралған.

Бізге жетті Қаңлы,Үйсін Ғұндармен,

Күлтегіннің тарихында бар арман.

 

Біз қазақпыз,Жәнібекпен Керейміз,

Тарихымда таңбамыз жоқ демейміз.

Рухты ұлт,еңселі ел ежелден,

Берекемен ел бірлігін жебейміз.

 

Біз қазақпыз,қасқа жолы Қасымның,

Есінде елдің,ескі жолы Есімнің.

Қара қылды қақ жарғанда әділ заң,

Жеті жарғы,жаршысы боп жетімнің.

Тәуке ханның тәртібіне тәубе етіп,

Нағыз қазақ болып мәңгі жетілдім.

 

Біз қазақпыз,Абылаймыз айбынды,

Қайратымен жеңе білген қайғыңды.

Рухы асқақ,есіл қазақ ер қазақ,

Дұшпанының талай бағын тайдырды.

Біз қазақпыз туырлықты үй  болған,

Құрманғазы,Тәттімбетпен күй болған.

Төле,Айтеке,Қазыбкектей айтулы,

Қара қалды қақ жаратын би болған.

 

Біз қазақпыз,Абай болдық данышпан,

Надандықпен бір кісідей алысқан.

Бес нәрсге асық етті ұрпақты,

Бес нәрседен қашық етті,мін тапты.

Ұлты үшін күйінген де намыстан,

Ғылым,білім өнер жолын көрсетіп,

Болашақты болжай білген алыстан.

 

Біз қазақпыз,қазақ болып жаралдық,

Ер түріктен бастау алдық,нәр алдық.

Қазақ болып қалыптасып ежелден,

Қазақ болып,танылдық та таралдық.

 

Біз қазақпыз,сан соқпаққа шыдаған,

Талай ғасыр артта қалды бұралаң.

Дінін,тілін ұлтын қорғап бабалар,

Жас ұрпаққа жетті бәрі дін аман.

Көк байрағы желбіреген көгінде,

Қазағымдай елім барда қуанам.

 

Біз қазақпыз,иманымен жылынар,

Бес парыз бен,құранына құнығар.

Жүректерге ұялатқан мейірім,

Жаратушы бір Аллаға сиынар.

Мұсылманның қасиетті елшісі,

Мухаммедтей пайғампары пірі бар.

Қазақ деген білгің келсе ұлы елді,

Тасқа жазған тарихынан біліп ал.

 

Біз қазақпыз,алмас қанжар қындағы,

Талай ғасыр шынықтырды,шыңдады.

Не бір нәубет тағдыр кешіп басынан,

Қайсар халық,майспады сынбады.

Ұдықты ұл,қылықты қыз өсірген,

Қасиетті бесікпенен құндағы.

 

Біз қазақпыз,Нұрсұлтан боп жаралдық,

Парасатпен жодас болған адалдық.

Бүкіл әлем мойындаған еріксіз,

Ұлағатты көш басшы ел бола алдық.

Ертеңі үшін жаңартылып рухы ,

Нұрлы жолмен болашаққа жол алдық.

 

Діні тілі ұлттың болған бар мәні,

Орындалып күллі халық армны.

Төрткүл дүние дамуына таңданған,

Қазақстан тәуелсіз ел болғалы.

 

Біз қазақпыз,Алла бізді қолдады,

Сынақ екен,тарпаң тарих жолдары.

Қой үстіне жұмыртқалап боз торғай,

Қазағымның,басына бақ орнады.

Бейбіт күнді бағалайық ұлы елім,

Қадіріне жетіп бақтың қолдағы.

Болашағы нұрлы болып илайым,

Орындалып күллі халық арманы,

Жана берсін,қазағымның мол бағы.

Желбіреген тәуелсіз ел байрағы,

Рухы асқақ,мәңгіліктің айғағы.!.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: