Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Бостандық жырының бозжорғасы» атты кітап қалың оқырманға жол тартты

Блогтар

23.05.2017
7242

«Бостандық жырының бозжорғасы» атты кітап қалың оқырманға жол тартты

«Бостандық жырының бозжорғасы» атты кітап қалың оқырманға жол тартты

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында бостандықтың, тәуелсіздіктің құдіретін, кереметтігін жазған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты, сондай-ақ, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы турасында жазылған «Бостандық жырының бозжорғасы» атты кітабының тұсаукесері болды.

Аталмыш кітапта Несіпбек Айтұлы хақында әр жылдарда алдыңғы ағалары мен кейінгі інілері және замандастарының қаламынан туған шынайы толғаныстары топтастырылған. Кітапқа енген әрбір мақала әдебиеттің бүгіні мен ертеңі туралы жазылған.

Тұсаукесерге Дархан Қыдырәлі, Тұрсын Жұртбай, Қанапия Алпысбаев, Дүкен Несіпханұлы, Әмірхан Меңдеке, Ақеділ Тойшанұлы, Жаркен Бөдешұлы, Несіп Жүнісбайұлы, Жанат Әскербекқызы, тұсаукесердің әрі қонағы және модераторы болып Нмазалы Омашев және т.б. зиялы қауым өкілдерімен оқырмандар қатысты.

Сондай-ақ, ақын өмірі мен енеріне арналған «Жүректегі жаңғырық» атты кітап көрмесі де қойылды.

«Тәуелсіздік кезеңінің жыршысы, балалар әдебиетінің атасы, лирик ақын. Сегіз қырлы бір сырлы, кең тынысты батырлар жырын жазған, тұтас өмірдің панорамасын жасаған эпик ақын»,-деп Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі ақын кітабының таныстырылымына ізгі тілегін білідірді.

Несіпбек Айтұлы – 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.

Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны Д.Ж. Родаридың, М. Исаковский, A. Барто, С. Михалков, С. Баруздин, B. Берестов, Т. Сыдықов, С. Жусуевтің өлеңдерін тәржімалаған.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: