Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Британ кітапханасындағы «Түркия және түркі жинақтарының ХХ ғасырға дейінгі мәліметтерге және заманауи сандық аудиторияға ден қою» тақырыбындағы «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы аясында Майкл Джеймс Эрдманның шеберлік дәрісі өтті.

Блогтар

28.06.2017
5393

Британ кітапханасындағы «Түркия және түркі жинақтарының ХХ ғасырға дейінгі мәліметтерге және заманауи сандық аудиторияға ден қою» тақырыбындағы «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы аясында Майкл Джеймс Эрдманның шеберлік дәрісі өтті.

Британ кітапханасындағы «Түркия және түркі жинақтарының ХХ ғасырға дейінгі мәліметтерге және заманауи сандық аудиторияға ден қою» тақырыбындағы «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» Халықаралық симпозиумы аясында Майкл Джеймс Эрдманның шеберлік дәрісі өтті.

   Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Халықаралық «Оқу әлеміндегі оқырман ұлт» симпозиуының аясында Ұлыбританиядан келген қонағымыз Майкл Джеймс Эрдманның шеберлік сабағы болып өтті.

   Өзектілігі ХХ ғасырға дейінгі құнды Түркия және түркі халықтарының сирек кездесетін кітаптары мен декетері турасында болды.
   Аталмыш шараға ҚР Мәдениет спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және елімізге танымал түркітанушы ғалымдар мен ұлттық сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығының қызметкерлері, түрлі өңірдің мұражай және кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шеберлік сабақтың бірден-бір себепкер қонағы Майкл Джеймс Эрдман еліміздің елордасы Астана қаласының таңғажайп қала екендігінен бастап, өз елдерінің ұлы ақыны Шекспирдің кітабын тарту етті. Сондай-ақ түркі халықтарының тарихы терең құнды дүниелері турасында тәжірбиесімен бөлісе, тың ақпараттармен хабардар етті.
- ХVІІ ғасырларға тиесілі рунилердің бар екендігін айта келіп, Араб, Қытай елдері сияқты құнды ақпарат іздеуіміз керек. ХХ ғасырдан соң үлкен ғалымдар жаза бастады, 1920-1930 жж. Маңызды кезең болды. Ревалюция бітіп, халық алға адымдауын тоқтатпады. Түркі халықтары қашанда білімге құштар, оқуға құмар. Әсіресе қазақ халқы. Қазіргі таңда білім деңгейі үлкен орынға ие. Бізде моңғол, шағатай, латын графикасымен жазылған түркі жұрты туралы кітаптар көп. Өте құнды.
Шеберлік дәрістің барысында Қайып хан мен Петр І-ші туралы Стокгольмде шыққан монография Джеймс Майкл Эрдман мырзаға табыс етілді.
   Филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Шыңғысхан Академиясының Халықаралық Кемал Ататүрік атындағы Түрік Тарих Құрылтайының (академия) мүшесі, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы
- Біздің халықтарымыздың тарихы скифтерден басталады, рухани және материалдық байлықты бізге жасап кеткен ата-бабаларымыздың ұрпақтарымыз. Көне жазуымыздың алғашқы ескерткіші Алтайдан табылған, Руника Қазақстан мен Шығыс Түркістан өңірлерінен табылған. Сол тайпалардың ұрпақтары біз, сол үйсін, найман, қыпшақ атты тайпалардың жиынынан қазақ деген ұлт пайда болды. Тілдік, дәстүрлік, материалдық деректер сақталған. Мысалы: сыйлы қонағына бас тарту салты Сақ дәуірінен бастау алған екен. Оған археологиялық зерттеулер куә. Әлем ғалымдары ежелгі дәуірді зерттей келе көшпенділерде бір құдай ал қалған Орталық Азияда мың құдайлары болғанында дәлелдеп берді. Бәрі бізден үлгі алған. Ең алғашқы дін бізде сақталған. Сіздердегі руникстер көне найман, үйсін және кіші жүздердің турасындағы тарихи. Әлемде 30 руника бар. Олар теріге жазылған, Санк-Петербург не Лондонда сақталған, құпия ұстауда. Солай бола тұра скифтер алтын, күміс, ағаштарға да жазып қалдырған дүниелер өте көп. Сол көп деректер алдағы уақыттарда 3 кітап етіп жарыққа шықпақ. Сол заманғы халықтың дамығандығы VІІ ғасырға тиесілі үтік табылды.
   Шеберлік дәрістің қонағы Майкл Джеймс Эрдман
- 4 мыңға жуық қолжазба және 1000 түркі тіліндегі сирек кітаптар бар екендігін айтып өтті. Мамандар келсін, біз береміз оқуға көмектесеміз деп серттесті.
   Әлемде 1 ғана пайыз көне моңғол тілін оқи алатын мамандар қалған, сондықтан уақытты текке өткізбей ескімізді жаңартып, болашақты жарқын етейік деп екі жақты келісімге келіп, тарасты. Ел тарихы тағы да жаңара түспек.  


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: