Бүгін!

10.10.2026 167

Таң азаны басталар көңіл қашып,

Хан баласы оянар көркі қашып,

Таң атқаннан басталар бұл жамағат

Арттан қалмас көлеңке болған тектес.

 

Неге "Бүгін" десеңіз мәлесе көп,

Мәселені шешетін жолдары жоқ.

Сатираны жіберіп айта салар,

Сатираның көлеңкеден шындығы жоқ.

 

Мәселеге келер болсақ бүгіндегі

Қаралардың қорыққан ізіндегі

Іздерінің шындығы қара болса,

Хан баласын дәріптеп алып қашып

 

Тағы не мәселе десеңіз ұшы табылар,

Маңдайыңызға тимегенше ұшы оның,

Қаралар аспан көкте өмір сүрер

Жетер жетпес лириканы ұрып,тығып

Көлеңкеге адамдықты тығып,бұғып

Бір бақтың өмірін талқан қылып

Хан баласы жүріпті талқан қылып

 

Мәселенің бәрі білім десе

Білім бардың орны бөлек қаралардан

Қаралардың бар ойлағаны алтындардан

Алтынымен білімді сатып алған

 

Жалған білім болашақта ас болмайды

Бейнет көрмес өмірдің құны болмайды

Сатып алған білімді қорғай алмай

Ашуланып ақыры ызаланды

Отбасыны қиратты надандығы

Түбінде сот залына түсер түспес

Алтынымен өтірікті сайратып

Білімдінің өмірін талқан қылып 

Қаралардың арманы үнсіз жол 

Білімдінің арманы үнсіз майдан 

Білімге ұмтыламын деген талпынысы

Алтынымен саналар қаралы заман

 

Білімнің бағасы уудан қымбат

Жастардың бағасы уудан арзан 

Білімді аңсаған қаншама жас 

Бүгінде білімге жетер алмас

 

Білімнің өмірдегі орны болар

Сол өмірдің білімдегі жолы болсам 

 

Білім жолын кешемін деп қаншама жас

Сол білімнің құрбаны болған тамшы тектес  

Тамшылар теңізден ажырамас 

Бірақ сол тамшылар енді оралмас...

Пікір қалдыру: