Блогтар
Дәл қәзір
Тереңнен түсінбедің жанымды сен,
Теңім болар ма едің, бағым десем.
Дәл қәзір жүректегі жырымменен,
Сезімім ағылады, ағыл десең.
Керемет күннің сұлу, нұры қандай,
Сені көріп жүрегім жылығандай.
Дәл қәзір Сезімім саған деген ...
Бұлақтың мөлдір таза тұнығындай.
Кетеді қайғы - мұңда бізден алшақ,
Бақытқа қол ұстасып бірге барсақ.
Дәл қәзір менен басқа сені жаным
Жүргені беймәлім ғой кімдер аңсап.
Кербез түн. Сол тыныштық тағы үнсіз,
Деуші-ең жүрегімнің бағы бір сіз.
Дәл қәзір ойландырған сұрақ болса,
Жанымның маған деген ары мінсіз.
Көңілсіз күй кешеме керемет күн
Өзіңсіз өмірді де елемеппін
Дәл қәзір басқаға көз салмаймын деп,
Жүргенім жоқ , өзгеден кереметпін.
Өзіңе жетелейді желік бір ой,
Жүрегің өз еркінде , ерікті ғой.
Дәл қәзір сол жүректі жаулап алып,
Ерніңнен сүйіп алғым келіп тұр ғой.
Сержан Әлімбет