Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Депутат болғым келеді

Блогтар

06.01.2018
75559

Депутат болғым келеді

Депутат болғым келеді

 

 

Менің аты-жөнім – Шөңге Жаңқаұлы. Атам әкем туғанда ағаш жарып болған соң қолын шұқылап отырса керек, одан баланың атын «кім қоямыз?», – деп сұрап келгендерге, тікенді инемен суырып алып: «Өй, мынау жаңқа ғой», деген екен, сұраушылар  Жаңқа  деп  қой деп  айтты деп, әкеме азан шақыртып осы атты қойған екен. Ал, менің есімімді қойғанда, әкем қолына балта ұстады ма, жоқ па, ол жағынан тарих үнсіз.

Осы «адамның атымен, маңдайына тағдыры жазылады», дейді ғой бір білгіштер, сол рас-ау деймін, менің де сондай бір қасиетім бар. Әйтеуір бір жерге тікенек сияқты, шөңге болып кіріп кеткім келеді де тұрады. Жақында қалалық мәслихатқа депутаттардың сайлауы болады дегенді естіп, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым. Менің де депутат болғым келіп кетті. Олардан «қай жерім кем» деп қоямын. Сонда барып кірмесем болмайтын сияқты. Сөйтсем депутат болу үшін де көп ақша керек екен ғой. Ауылдағы әке-шешемнен ақша сұраттым, білдей бір хат келді «...балам соңғы малды да сатып жібергенбіз. Саған керек ақшанды тауып бере алмай отырғанымызға шынымен қиналып отырмыз. Өзін бірнәрсе  қылып тауып аларсың»,  –   деп жазылған.

Қайдан ақша алсам, кімнен сұрасам екен деп қиялға беріліп отырғанда ұйықтап кетіппін. Депутат екенмін, жиналыста отырмын, қалғып-мүлгіп... Сөйлеп жатқандарда  жұмысым жоқ. Әйтеуір арманыма жеткенге мәзбін. Далаға шықтым, бір кезде екі-үш сайлаушым  жетіп келді: «Әй, бізге орындаймын деген уәдең қайда? Бір жыл емес екі жыл өтті ауылымызға тоқ, су тартқызамын дегеніңе», – деп. Оларға сондай уәде бергенімді қайдан білейін, менің алдымда депутат болған халық қалаулысының бағдарламасын көшіріп бере салған болатынмын, онда не жазылғанын кім біліпті. Оқыған да жоқ болатынмын. Соны айтпақ болып едім, біреуі келіп жағамнан алды, екіншісінің дәу жұдырығы төніп келеді... Шошып ояндым.

Жоқ, мен Шөңге атымды жерге тастамаймын бәрібір депутат боламын. Мүмкін, қазір ауысып жатқан әкімдердің  біреуінің орнын басармын, ол орын да сатулы дейді ғой, қайсыңыз білесіз, қанша тұратынын айтып жібересіз бе?


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: