Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
«Депутат» энциклопедиясы жарыққа шықты

Блогтар

17.01.2019
4532

«Депутат» энциклопедиясы жарыққа шықты

 «Депутат» энциклопедиясы жарыққа шықты

 

 

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада «Депутат» энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі болып өтті.

 

Аталмыш кітап осыдан екі жыл елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын қолдау мақсатында және ҚР Мәслихаттарының 25 жылдығына орай жарық көріп отыр.

 

Үш жылдан бері «Біздің депутат» газеті шығып келеді. Бұл газет еліміздің барлық депутаттарының алдында өзіндік орны бар және депутаттардың қызметін насихаттайтын тұңғыш басылым. Ал, «Депутат» энциклопедиясын шығару идеясы да осы үш жыл бұрын келді. Барлық аудандық, облыстық және республикалық депутаттардың басын қосу болатын. Яғни, араларында депутаттық байланыс болса деген мақсат тұрды, – дейді  энциклопедия авторы және құрастырушысы Эльмира Үсенқызы.

     

Кітап 5 бөлімнен тұрады: І бөлім Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, ІІ бөлім Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, ІІІ бөлім Бас қалалар мәслихаты, IV Облыс және облыс орталықтарының мәслихаттары, V бөлім Қалалық және аудандық мәслихаттар.

 

Энциклопедияның салмағы 3 кг. Жалпы парақ саны 600 бетті құрап отыр. Жоғары сапалы парақта басылып шыққан бұл энциклопедияда 3370 депутат туралы ақпарат көрсетілген.

 

Бастапқыда кітаптың тиражы – 3000 данамен шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, болашақта кітаптың тиражын көбейту жоспарға алынуда. Бір кітапты шығаруға кеткен қаржының шығыны 25 мың теңгені құрап отыр.

 

«Депутат» энциклопедиясы 2019 жылы Қазақстан Республикасы Мәслихаттарының 25 жылдығына және Жастар жылына орай шықты.

 

Кітапқа демеушілік көрсеткен Ноғайбай ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Алтынбек Сапаров Сейілұлы болды.   

 

Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Бақытжан Ертаев, Сауытбек Абдрахманов және ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірнеше депутаттары мен бірқатар облыстық және қалалық мәслихат хатшылары мен депутаттары қатысты.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: