Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
Дөкейлікке үміткер

Блогтар

27.11.2017
4460

Дөкейлікке үміткер

Дөкейлікке үміткер

-Құрметті қауым, алдарыңызда бокстан үш дүркін олимпиада чемпионы, үш мәрте күрестен әлемдік дода жеңімпазы, шахматтан жер шарының әйдіктері  түскен сайыста бас жүлдеңі қанжығасына байлаған деген атақтарды расымен де мойынымен көтеріп жүре алатын, бірақ  оңдай ұсақ-түйекпен айналыспай ауылда қалып үлкен тірліктер істеп жүрген азамат Қырсық Бықсықұлы...

-Әй, бала тұра-тұр! Сен спорт түрлерімен айналысса осындай жетістікке жетер еді деп айт, дегенмен айтқандарын маған общым ұнады.

-Ә, аға сол ертеңгі жиналысқа дайындалып жатқаным ғой, сізді аудандық маслихатқа депутат қылсақ  деген арман орындалар күн жақын!

-Сен ана сөздерді мен айтқандай өзгерт, сосын мен депутат болғым келмей қалды, миллион теңгені аудандық емес мәжіліс депутаттары алады екен ғой, мен миллионер болам деп мәз болып жүрсем. Оданда мен әкім болайын,ә.

Қалай ойлайсын?

-Енді аға оны өзіңіз шешесіз ғой...

-Олай болса ертең халықтың алдына шыққанда мені әкім қылып сайлайық деп ұсыныс таста.

-Жарайды, аға.

-Мүмкін аға ..сосын  федерация құрайық.
-Пи...
-Ойбай,аға бүлдіресіз,қауымдастық деп атайықшы, қазақшасы солай-ау деймін?
-Ал конфедерацияң қалай болмақ сонда?
-Ой, аға ф-ға тіліңіз келеді екен ғой!
-Сол пәле бірінші тұрса п-ға айналып кете береді, айналайын...

-Жарайды аға федерацияға жоламай-ақ қояйық, онда.

-Ертеңге дейін ойлан кім болсам да дөкей болғым келеді!- деген Қырсық Бықсықұлы қарының сипалап қойып үйіне қарай кетіп бара жатты...

Негізі оның әкедең қалған мыңғырған малы бар сол арқылы бір дәу болғысы келеді...


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: