Блогтар
Ел басы жолдауы
Кезінде күн елінде бейбіт туған,
Керей менен Жәнібек бірге құрған.
«Мәңгілік ел» боламыз деп аталатын,
200 мың адамнан ел құралған.
Тәуелсіз ерен елдің аясында,
Тыныштық пен бірлікті бірге ертіп,
Жерінен жау табанын бірге шертіп,
Найзаға үкі таққан ел құралған.
Күндер өте, ғасырлардың арасында,
Қиын-қыстау өмірдің шарасында.
Қой үстіне бозторғай қонған сәтте,
Еліміздің аспанына тұман басқан.
Осылайша Алаш елін отарлаған,
Орыстану саясаты оттай жанған.
Елімізге бейбітшілік орнатам деп,
Талай қазақ зиялысы өзін қиған.
Еңсесін ел көтерді 91-де,
Ата-бабам жырлаған әуресіздік.
Мәңгілікті жалғастырар бұл бір сәтте,
Жаңа патшам орнатты тәуелсіздік.
Ел намысын арқалаған Нұрсүлтаным,
Танытты бүкіл елге кім тұрғанын.
Азияның аспанында қалықтаған,
Көкке өрледі еліменен бұл сұңқарым,
Еліміздің еренін көтеруде,
Жолдады халықыма үш жолдауын.
Үшеуін кезек-кезек орындауда,
Әр азамат қосу керек өз ынтасын.
Бірінші жолдау болды бастамасы,
КСРО-дан қалған істің сақтамасы.
Жоспарлы әрекетке байланысты,
Нарықтыққа өзгертіп айналысты.
Екінші жолдау екен нақты себеп,
Туындауы жоспарлардың дамысын деп.
«Қазақстан-2030» деп айталатын
Бұл жоспарда 50 елге ену керек
Дамыған 50 елдің арасына
Салиқалы саясаттың саясында
Мықты деген елбасшының арқасында
Еніп отыр Қазақстанның баласы да
Үшінші жолдау болды шешушісі
Өркендеген мәңгі елдің кесіндісі
Технология дамыған бұл заманда
Expo-мен қарсы алды үлкен істі
Әр елдің болашағы жастар екен
Жастарға бұл өлеңді арнадым мен
Бәсеке мен бірліктен құралатын
Жастарға ел басымыз бағыт берген:
Әр азамат өз тарихын ұмытпаған
Мәдениет пен бірлікті құрыптаған
Жан-жақты талпыныс пен ізденіске
Елімізде жол ашып дұрыстаған
Осындай азаматтар болашақта
Ешқандай теріс жақа бұрылмағай
Шет елдермен бәсекені ұтып талай
Рухани жаңғырумен дұрысталғай
Ендігіде мақсатымыз үлкен біздің ,
Дамыған 30-елге кіргізер кім?
«Азия барысы» деп аталатын,
Қазақстанды көк аспанға тигізер кім?
Әрине бұл болады біздің жастар,
Жастарға сенемін мен құстан озар.
Егерде бәріміз біз атсалыссақ,
Мәңгілік ел аталады біздің Отан!