Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
СЫН
Электроника – адамзат құралы ма, әлде керісінше ме?

Блогтар

19.08.2019
7332

Электроника – адамзат құралы ма, әлде керісінше ме?

Электроника – адамзат құралы ма, әлде керісінше ме?

ХХ-шы ғасырдың соңы мен XXI-ші ғасырдың басының арасында адамзат тарихында алғаш рет ақпараттық электронды технологиялық сала кез келген басқа саладан он есе, тіпті жүз есе даму деңгейі мен жылдамдығы бойынша асып кетті. Және бұл сәйкессіздікке, қарама-қайшылықтарға, үйлесімзідікке толы үрдіс күннен күнге күшеюде.

   

Соңғы 12 жылдың ішінде Ғаламторлық технологиялар, компьютерлік цифрлі құралдар, ұялы байланыс пен кабельді (спутниктік) теледидар салалары бірігіп дамып кеткені соншалықты, тіпті кейде заңнамалық пен этикалық, қорғаныс пен қауіпсіздік, әлеуметтік пен гуманитарлы салалар артта қалып жатыр. Расында да, салыстырмалы түрде әлеуметтің гуманитарлы және интеллектуалды, психикалық және моральді-рухани деңгейі Жаңа Цифрлі Заман талаптарына көбінесе сәйкес келмеуде. Ал тым еркін нарықтық жағдай аталмыш үрдістерді әрі ұлттық, әрі халықаралық деңгейде реттеуге кедергі секілді.

   

Мұндай өте үлкен сәйкессіздік, терең үйлесімсіздік тек жүйкені тоздырып ыңғайсыздық тудырып қана қоймай, жағымсыз тіпті қауіпті нәтижелерге келешекте алып келуі ықтимал. Мысалы, ядролық энергетиканы адамзат жақсы-жаман болсын, әйтеуір үшінші дүниежүзілік соғысқа жеткізбей аман-есен «мирный атом» ретінде қолданып келе жатыр - әзірше. Ал қазіргі электронды технология және Әлемдік ақпарат көлемі мәселесі тіпті даулы, түсініксіз, күрделі және үрейлі құбылысқа айналып келе жатыр. Себебі, осы техниканы және ақпаратты игеру, меңгеру, қорыту, тұтыну, басқару және реттеу үрдістері кенжелеп, кешігіп және тым баяу даму үстінде. Қоғамның санасы үдемелі прогресстің соңынан ілесер емес...

   

Ұялы байланысты алсақ, соңғы он бес жылдың ішінде ұялы телефон, смартфон, айфон және планшет тек әлеуметтік психикалық интернет тәуелділікке ғана алып келмей, адам өмірінің тым көп уақыты мен орнын, тым үлкен бөлігін алып жатыр. Енді осы құралдарды, гаджеттерді дұрыс салауатты сауатты пайдалану, тұтыну және жалпы қауіпсіздік шеңберінде ұстау мәселелері әлі 10%-ға да шешіліп үлгерген жоқ. Алайда, бұл өткір әлеуметтік мәселемен Әлемнің ең дамыған елдері, оның ішінде Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ және Қытай сияқты мемлекеттер бұл өзекті заман мәселелерін шешуге әрекеттер жасап жатыр. Дегенмен, үлкен нәтиже әзірше жоқ.

    

Күні бүгінге дейін заң мен техника, этика мен техника, психология мен техника және әлеумет пен техника арасындағы ҮЙЛЕСІМДІ орнатудың әмбебап және тиімді жолын ешкім әлі ойлап тапқан жоқ, өкінішке орай. Ал техникалық үдемелі даму және кең таралу жылдамдығы әр жыл сайын он есе көбейіп келе жатыр. Соңғы жиырма жыл соның жарқын дәлелі. Барлық статистикалық графиктердегі көрсеткіштер (Ғаламтордағы ақпарат саны) арифметикалық геометриялық прогрессия бойынша өсіпті. Ал гуманитарлық сала тұрмақ, тіпті экономикалық көрсеткіштер 2008 жылғы Ғаламдық Дағдарыс салдарынан соңғы 11 жылдың ішінде орташа әлемдік есеппен алғанда төмендеп кетті. Сол кризиске және жалпы ӘЛЕМДІК ЖАҺАНДАНУДЫҢ кейбір қаржылық кемшіліктеріне байланысты, 2008 жылға дейінгі экономикалық көрсеткіштерінің көбісіне әлі жақындаған жоқпыз. Бұндай жағдайда моральдік рухани және мәдени ахуал төмендеп кеткенін түсінуге болады.

    

Биотехнология, медицина, экология, генді инженерия іспеттес бүгінгі ең ірі салалардағы өзекті мәселелерді айтпағанда жасанды интеллект мәселесі ол бір үлкен, ауқымды және терең тақырып. Қазіргі ең соңғы компьютерлік технологиялар мүмкіндіктері тіпті ең күрделі зияткерлік ойындардан жеңіп шығатын роботтарды жасап қойды. Енді бір сәтке елестетейік, егер осылай жалғаса берсе, келесі бес – он жылда робот (яғни, ойлап қарасақ, балға немесе калькюлятор сияқты құрал сайман!) ең ақылды адамнан қабілеттірек болып кетсе, оның үстіне өз өзін бір күні тосыннан «абсолютті азаттыққа құқығы бар дербес ТҰЛҒА, және ешкімнің және ешнәрсенің алдында міндетті емес» секілді болып сезіне бастаса, онда оның ойында не барын болжап айту мүмкін емес. Адамзатпен сонда не болмақ?! Осындай аса ықтимал қауіпті жағдайларға алдын ала арналған бүгіннен бастап-ақ қажетті заңдар, ережелер, этикалық қағидалар, мемлекеттік немесе халықаралық ортақ талаптар ауадай қажет!       

   

Біз қайталап айтқанымыздай, Ғаламтор және әлеуметтік желілер бойынша ақпарат көлемі күннен күнге ұлғайып келе жатыр. Және бұл үрдіс барған сайын тоқтаусыз және тежелусіз күшейіп жатыр. Әлеуметтік желілер мен қоғам арасындағы қарымқатынас әлі де реттелмеген, зерттелмеген және ешбір жүйеленбеген халде қалып барады. Керек десеңіз, мемлекеттік қауіпсіздік іс шаралары бұл төңіректе тым баяу дамып келеді. Бір жағынан ақпарат еркіндігі және сөз еркіндігі құндылығы бар, ал екінші жағынан әлеуметтік желіні оп-оңай түрлі экстремистік ұйымдар, қылмыстық және тағы басқа күштердің шоқпарына айналу қауіпі жоқ емес. Оның үстіне, Ғаламторға психикалық тәуелділік мәселесі (әсіресе, жастар мен балалар арасында) толық және нақты өз шешімін таппай келе жатқандығы жасырын емес факт. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) Ғаламторға психикалық тәуелділікті «психикалық мәселе» ретінде былтыр ғана ресми мойындады. Әлбетте, мұндай кешігіп шешім қабылдаудың салдарынан бүгінгі Ғаламтордың көмегінен гөрі, зиянын көбірек, қолайлығынан гөрі күрделілігін жиірек көрсетіп жатыр. Ғаламтордың өзі, әрине, кінәлі емес, қоғамның өзі бұл құралды бұрыс тұтынып жатыр!!! Мәселен, Қытайда бұл психикалық қиындықты қинап жасалған қалпына келтіру ем дом іс шараларын жүзеге асырып жатыр. Швеция мен АҚШ-та психикалық реабилитация шараларын сәл жұмсағырақ әдіспен болса да, әзірше тек эксперимент жүзінде іске асырып жатыр. Дегенмен, Әлем бойынша психиатрия, медицина, психология толыққанды оңалту жүйелерін әлі ойлап таппады.

    

Ақпараттың шектен тыс көлемі мен пайыздық өлшеммен алғанда тым көп күмәнді, қауіпті мазмұны мәселесі бөлек орын алып отыр. Оны да айтпаса болмас. Бұл алып ақпарат мұхитын, топан суын қалай реттеуге, қалай жүйелеуге және қалай әрі сауатты, әрі салауатты тұтынуға болады? Ақпарат тым көп және күннен күнге көбейіп келе жатыр. Ал адам миының ақпарат қорыту мүмкіндіктері шектеулі. Тағы осындай сәйкессіздіктің салдары ретінде түрлі психикалық ауытқулар, стресс, невроз, депрессия және тіпті суицидті де айтуға болады. 1990-шы жылдардың басында заманауи Ғаламтор енді-енді ресми түрде АҚШ-та пайда бола бастаған кезде жалпы жер бетіндегі ақпараттық көлесі бүгінгіден 100 000 есе аз еді. Ал Ғаламтор белсенді тұтынушылардың саны санаулы ғана болды. Практика жүзінде Ғаламтордың өзі бейтарап ақпараттық банк іспеттес ғана орын. Алайда, ақпаратты дұрыс жөнге келтіру, реттеу, іріктеу, жіктеу және пайдалану мәселелері әзірге тек теория жүзінде ғана қарастырылып жатыр.

   

Әрине, бір жағынан тіпті ең озық электронды техника ол тек адамның қолындағы құрал ғана, ал екінші жағынан сол құралдың өзі адамның психикалық тәуелділігін тудырып отыр. Оның үстіне, құрал функциясынан гөрі, Әлем бойынша көбінесе ақпараттық қару функциясы ретінде қолданылып жатыр. Ал сөз еркіндігі демекші, бұл жерде келесідей күмән туады: Егер электроника арқылы қажет кезде кез келген адамның қайда екендігін, не істегендігін, не сөйлегенін біліп қоюға техникалық мүмкіндік бар болса, онда қандай шын нағыз «жеке еркіндік» және толыққанды «либералді демократия» туралы сөз қазғауға болады?! Демек, қазіргі ең озық ақпараттық техника екіұдай ДАУЛЫ күйге алып келіп отыр. Осы үлкен парадоксқа қараңдаршы, бір жағынан жеке ақпарат еркіндігі, ал екінші жағынан жеке ақпараттық құрал кез келген хакер деңгейінде техниканы меңгерген белгісіз біреудің немесе белгісіз мекеменің ықтимал «проходной дворы» іспеттес. Бұнда қандай адами еркіндік, либералді құндылықтар және демократиялық идеалдар қалайша осындай «тым қарамақайшы технологиялық жағдаймен» ҮЙЛЕСЕ алады?! Еркіндік қымбат па, әлде қауіпсіздік қымбат па?! Осындай үлкен үлкен құқықтық, этикалық сұрақтарға жауап әлі жоқ. Қытайдың ішкі Ғаламторы толықтай қауіпсіз, ЯҒНИ әр тұтынушы қатаң бақылауда. Демек, жеке бас ақпараттық еркіндік аз. Ал он жыл бұрынғы Ресейде Ғаламторда реттелмеген, шектелмеген жеке бас еркіндігі толықтай бар еді, әйтсе де, жағдай мүлде қауіпсіз емес еді. Ғаламтордың жанама көмегімен бірнеше теракт, бірнеше жастар суицидтік әрекеті, сектаға тарту және шынымен заңсыз формадағы жалған «митингке» шақыру провакациялары көрініс тапқан еді. Осының барлығы әлеуметтік қауіпсіздік үшін жауап беретін мекемелердің мойынына қосымша жауапкершілікті артып, содан кейін Ғаламтор да жайлап реттеле бастады!

    

Көріп тұрғанымыздай, XXI-шы ғасырдың басында, бүгін Адамзат алғаш рет өзі игеріп, меңгере алмай жатқан жағдайға душар ететіндей аса күрделі қондырғыларды ойлап тапты. Менің жеке идеялық ұсыныс ойым тек келесідей келе жатқан 2020-шы жылға қаратай келесі екі негізгі жобаны жүзеге асырса, бұл Ғаламдық проблема шешімін табар еді. Әлемдік ақпараттық кеңістікті реттейтін ЮНЕСКО ресми мекемесі мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Комитеті негізінде Халықаралық құқықтық-этикалық Комитет құру. Әр елде Ғаламторды этикалық, моральді жағынан бақылап-реттейтін арнайы азаматтық ұлттық ұйымдарды құру. Бұл цензура емес, бұл сауатты әрі салауатты мәдени саясаттың көрінісі болар еді. Соның арқасында, Адамзат осыншама күрделі технологиялық жағдаятты өз пайдасына, ең тиімді түрде шеше алар еді, және өскелең ұрпақтарға психологиялық, технологиялық және ақпараттық тұрғыдан әлдеқайда қолайлы орта қалыптастырар еді. Ғаламтор біздің құрал болсын, балықтар түскен тор болмасын!!!                                                                                                                              


Бөлісу:      
Ермек
21.08.2019 16:19
Действительно, современная электроника в своём излишне бурном развитии содержит в себе много противоречии. Желаю Ризе успехов!!!
Риза Ысқақ
27.08.2019 18:07
Ермек, благодарю!
Сейтқали
21.08.2019 16:15
тақырып өте өзекті, тек ұсыныстар тым глобальный. нақтырақ әрі түсініктірек практикалық ұсыныстар көбірек керек.
Риза Ысқақ
27.08.2019 18:05
Түсінікті, рақмет!
Пікір қалдыру: