Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Елордада Ұлттық комитеттің іс-шарасы өтті

Блогтар

09.07.2019
5104

Елордада Ұлттық комитеттің іс-шарасы өтті

Елордада Ұлттық комитеттің іс-шарасы өтті

Ұлттық академиялық кітапханада ЮНЕСКО Ұлттық комитет мүшелері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ЮНЕСКО Ұлттық комитетінің «Әлемдік мұра» бағдарламасы және Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу туралы өтініштерді қабылдау  бойынша Ұлттық комитеттің іс-шарасы болып өтті.  

 

1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) мүшесіне кірген болатын.

 

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік бағдарламасының еске алу жөніндегі Ұлттық Комитетінің басты мақсаты – Әлемдік құжаттық мұраны қорғау.

 

Қазақстан Республикасы ұзақ тарихқа ие, әлемдік өркениет қазынасына қосылған мәдени құндылықтардың иесі.

 

Қазіргі уақытта Дүниежүзілік бағдарламаның Дүниежүзілік еске алу тізіміне мыналар кіреді:

 

  • Қожа Ахмет Яссауи және оның ізбасары Сүлеймен Бақырғанидың қолжазбасы (2003 ж.);
  • «Неведа-Семей» антиядорлық қозғалысының құжаттары (маусым 2005 ж.)
  • Арал теңізін қорғауға қатысты құжаттар (шілде 2009 ж).

Бөлісу:      
Пікір қалдыру: