Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
10.10.2018
5524
Ерейментау
Тухан Нұрбол 05.03.1998 Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ажы ауылы
Атақты Жантай батыр қылған мекен,
Үмбетей жырау бұл жерді жырлап өткен.
Атақты болған бұл жерде көп адамдар,
Тарихқа толы мекенім, бұл - Ереймен.
Тауларыңа көз тоймас әсем, биік,
Табиғатқа тұрғандай басын иіп.
Өзендері сарқырап, көз тартады,
Бауырында жайылар арқар, киік.
Аспанында қалықтар қырандары,
Тау бойында жайылар құландары.
Жылқышылар үйір-үйір жылқы бағар,
Шұрқырасып, ойнақтар құлындары.
Топырағың құнарлы, шүйгін жерің,
Мақтанамын сенімен туған жерім.
Бөгенбайдай батырың қорғаған жер,
Байтақ жерім, қасиетті - Ерейменім!
Бөлісу:
Пікір қалдыру: