Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Ермұханбет Мұрат. Тереземнің түбінен түн ұлыды

Блогтар

24.05.2019
5875

Ермұханбет Мұрат. Тереземнің түбінен түн ұлыды

Ермұханбет Мұрат. Тереземнің түбінен түн ұлыды
 
Мұратов Ермұханбет Архатұлы 19.11.2000. ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат
ауылында дүниеге келген. Үш-төбе ауылы, Өкпеті орта мектебінде оқыған
2006-2016, қазіргі таңда М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3- курс студенті. Республикалық
Ақберен оқушылар айтысының жеңімпазы, обылыстық, аймақтық айтыстардың
жүлдегері. Облыстық, қалалық мүшайралардың жеңімпазы. Үркер халқаралық
жасөспірімдер өнер байқауының Мүшәйра бөлімі бойынша Алтын жүлде иегері.
Өлеңдері көптеген кітаптар мен жергілікті газеттерде жарық көрген.
 
 
 
Ақша бұлт өлең
 
Аспаннан ары асалмай
Бұлттардан бақыт  іздедім.
Жалынды ішкі баса алмай, 
Жұтамын нәркес күз демін.
 
Жанардан тамшы төгілген,
Ақша қыз бұлттар сыңсиды.
Бақытым болып көрінген,
Нәркес аруды күн сүйді.
 
Ізімнен сыбдыр үн ерді, 
Үп желі күздің мұңайтқан.
Бұлттарда жылап жіберді, 
Жапырақтарға сыр айтсам.
 
Жапырақ өлең бөліп ап 
Жүрекке жаңбыр силадым.
Біздерсіз жабық! өлі бақ
Ол сөзге бірақ қимадым.
 
Ол жанда сенің бағың деп,
Айтады қашан құдай дүр.
Жапырақ сынды арым деп,
Мені ойлап қалқам жылай жүр...
 
Нәркеске ұқсар қандай жан,
Нұр самсар көктен қай асыл
Жапырақ сынды сарғайған,
Жанымды жаным аяшы...
 
Жолыңа қарап елеңдеп,
Жүрегім барад шатынап.
Ақша бұлт сынды өлең боп,
Жауып тұр сары жапырақ...
 
Менің жаным жапырақ...
Жанымыз күнге қонақтар,
Тәнімді көмер топырақ!...
 
 
* * *
 
Маңдайға қаққан қада ғып,
Таңбасы түскен тағадай.
Абройыма ада ғып,
Қорғасын құйған заман ай.
 
Көмірі қарып барады,
Өлімі іштің қызарып.
Намысы ары жаралы,
Сырымды түсін құз алып.
 
Кеудеме тиген соққылар,
Намыстың шоғын көседі.
Бақытқа қайғы боп тұнар,
Қараша шалдың өсегі.
 
 
Сүйемін сені, оны да 
       (Әзіл өлең)
 
Қонақтамай көкек сезім біріне,
Үлгермедім шын бақытқа жолыға.
Сезім ояу, жүректе жан тірі ме?
Сүйем сені, оны да. 
 
Шиырласқан үш жүректің тағдыры,
Шын бақытты қондыра алмай қолыма.
Ісім бе еді? Ғашық болу дағдылы, 
Сүйем сені, оны да.
 
Табыса алмай шоқ жанары үздігіп,
Жүрген жанмын тау мен тасқа соғыла.
Жараспаған едік біздер қыз жігіт,
Сүйемін сені, оны да.
 
Сезімдерің суық, бірақ ұнайды,
Қосылардай сорыңа. 
Бұл өмірде бөліп жармай күн-айды, 
Сүйемін сені, оны да...
 
 
* * *
 
 Жол үстінде сынғандай бесігіміз,
Жүрегімді тоқтатты есіміңіз.
Жын ұрып, өзің жайлы өлең жаздым,
Сүйеді екем сізді әлі кешіріңіз.
 
Біздер жайлы деп жүрсек болыпты аңыз,
Сүйем сізді Жалғызым торықпаңыз.
Масайған түн ішінде сезіміммен,
Мазаңызды алмаймын қорықпаңыз.
 
Алынбаған секілді өр қамалым,
Ботам сенсіз мұз қатып тоңады әлім.
Періштеме өзіңді аманат қып,
Өміріңнен бір сәтте жоғаламын.
 
 
 * * *
 
 Жолыңнан  сенің қашатын едім,
Келесің ылғи түсіме  еніп.
Тыныштық таппай аса күндерім,
Бергенім осы ісіме ерік.
 
 Жанымды менің таяқтар әлі,
Жалғыздығымның ертеңі.
Жалғасын таппай аяқталады,
Екеуіміз жазған ертегі!...
 
 Боларын сезбей тағы да ертең,
Оралып ойға көп күндер.
Аққудан  жарық  таңымдай еркем,
Қиялдап мейлі кеттің де!.
 
 Жылаған бұлттар көшіп барады,
Жүрегіңізге күрсінген.
Көкірегімді тесіп барады
Кеудемді соққан дүрсілдер!...
 
 Өткен күндерге еріп барамыз,
Серік болармыз кімдерге?
Сағыныш артып өліп қалармыз,
Сағынбаймыз деп жүргенде!
 
Уақытқа мынау көніп қаламыз,
Бағынбаймыз деп жүргенде.
Ұмытылмаспыз түндерде.
Бір-бірімізге серік болармыз,
Бұйырса келер күндерге!
 
 
 
       Қырқүйек қары
 
Бұла бұлттадан адасқан,
Қар жауар көктен өп-өрім
Жапырақпен жерге таласқан
Білмейді-ау еріп кетерін... .
 
Өктім де-өктім кедейлеп,
Сенімдер желге тоналды.
Өктетіп келіп өгейлеп,
Жебе кірпікке қонады.
 
Талдарға кінәз кілмиген,
Кілегей қабық жабады.
Қара қабағат үрдиген,
Түйіліп түскен қабағы!
 
Қардыңда қарғыс түскені,
Сынық жүзімен қарады.
Өңезі қалың іштегі,
Өлі су жайлап сананы... .
 
Бұлттардан күнде айығып,
Алып жын буды іштегі.
Кеудір боп қалқам жай ығып,
Күңдік боп жерге түскені... .
 
Өреме қонған қар семіп,
Өзегімде өріп оңалды.
Жерді құшып тәнді еміп,
Өнжорға өлең жоғалды
 
 
 ***          
 
Толғатады ойым түн сайын,
Толғаққа құмар ғаламдай.
Өзіңді ойлап жүр шайыр,
Қайдасың ару, анамдай.
 
Жетегіне ердім сезімнің,
Жақыным емес туысым.
Тауысқан майын көзімнің,
Мойыл көз ақын жырысың.
 
Біздерді бөліп барша өлең,
Ғашықтық шіркін ай құрбан.
Мойыл көз жасқа малынса егер,
Ақынмен аспан қайғырған.
 
Тартады мені ақмаңдай өңің,
Тартады мен келбетің.
Селдетіп төккен сезімнің нұры,
Тербетіп жатыр жер бетін.
 
 
К-ға
 
Өмірім ғажап жыр жалын,
Өзіңді көріп  қуандым.
Сезіммен отау құрмадым,
Кінәлі екен бұған кім?
 
Қоспаған бізді уақытқа
Сезімді несін жоқтадым.
Біздерді тоспас бақытқа,
Тағдырды неге оқтадым.
 
Білмеймін неге бөліндік,
Бақытты еді жыр шекпен!.
Сұрап ек елден көрімдік,
Қосылмасымызды білсекте.
 
Қол ұстасып ек көктімде,
Күн менен айдай теңеліп.
Естелік қалсын өткенге,
Жүрекке жылу берерлік.
 
Жүрекпен қолды бермедің,
О шіркін сезім мұнары...
Әй қой деп қолды сермедім,
Өркөкректігім кінәлі!.
 
Махаббат дейді сан ақын,
Сезімді сенен іздеппін.
Сен деп есік қағатын,
Ал ашсам маған күз кеп тұр.
 
Ауруым дертсіз асқынды,
Ел салар оған құлақ дүр.
Көзіме келген жас сынды,
Қос жүрегіміз жылап тұр.
Сен және мен...
Аспан...
 
 
 ***            
 
Қоспапты тағдыр біреумен,
Ал енді жаным қам жаса.
Өзіңсіз өмір сүрем мен,
Сезімді сақтай алмасаң.
 
Жауабы жалған сұрағым,
Тасада сені қалдырған. 
Жүрекке өгей сыңарым,
Кезігем бір күн алдыңнан.
 
Жүректің сынып бұтағы,
Іштегі зұлмат болмаса.
Өзіңсіз көңіл жұтады,
Жүректің күйі қан жоса. 
 
Ақ құсым кеттің арманда, 
Күзедегі гүлдей семідім.
Жауапсыз мына жалғанда,
Өзіңсіз шықтай ерідім.
 
Қайдасың енді қайдасың?
Жалғанда жалғыз серігім.
 
***
Эллада Жырларын қайталай,
Қайталай ұмытып бас ұрса.
Сылқ түсіп құлады шалқалай,
Ақ кемпір. Сөнгенде жасыл шам.
 
Айнадан шошынған тұрпаты,
Сағаттың ең соңғы шықылын 
Тыңдапта үлгірмей тіл қатып,
Үрледі аршаның тұқылын.
 
Не түсті есіне? О мүмкін,
Бұрыштан оқыған дұғасы, 
Өзі де... Қорқыныш жорудың, 
Қап-қара тықырлап сұлбасы.
 
Жан аза дауысы емісті, 
Кемпірдің қиналған өлімі.
Өлімге жығылма сен-ішкі.
Жығылу-жауыңнан жеңілу!
 
Қабырға сілкінген ар жағын,
Көріпкел болжаған тіріде.
Көтермес сайқалдың қылжағын
Мысықтары мияулап түнімен.
 
Оң қолын ысқылап сол қолмен
Пал ашып бұрыштан үнсіздеу,
Балауыз шырағы шер-көмген
Хабарсыз тараптан мұң сүзген.
 
Көріпкел әлемді құбылтқан,
Көктегі ғаламдар айнала.
Эллада жырларын ұмытқан,
Ақкемпір рухы тұр айнада.
 
Бер жағы бұлыңғыр көк сұлба, 
Ар жағы жоғалған бақыттар
Қабырға қирады морт сынған,
Жасыл шам-жастығын уатып қал.
 
Жылаған бұл емес елесі,
Қабырға-иманы гүлдеген 
Буддалық ілімнің кемесі 
Өртеніп кетсемші сөремен...
 
Христиан, Баптистік, Мантра,
Ислам, Тәңірлік, Иудей, 
Діндерді жусаннан аңқыған,
Сіңірген Ақын ба нұрымен
 
Көп құдай анығы-бір құдай
Әлемге ортақ-ты Адамдық 
Ойыңмен сарала шын құмай 
Топырақ жаралыс қалары-рух 
 
Жасыл шам намаздыгер уағы 
Үрлеген бала отыр мейірімді 
Ақкемпір құйылсын шуағың
Қазақтың даласы
Ең ұлы!
 
 
Ғашық бол, тасыма, жырларға,
Балбалдар жаңғырған дархан-төр.
Әруақтар айтады-бұл маңда,
Пайда болған жоқ бекерге Шайтанкөл.
 
Сырғасы кемпірдің көлбейтін
Тербетіп бұрымын Айнакөл
Түркіден қалған бұл жер бетін
Көкжалдай ұлыған Айдан көр.
 
* * *
 
Көше кезген тіршілік, қала түні,
Үзілердей сығыр көз көше шамы.
Адам атты имани жаратылыс,  
Адамилық сезімнің өшер шағы.
 
Жасы жуып жүректің  жара бетін,
Дәтім қысқан,жұлынған ақ қанатым
Сүт арынан айрылған қара жетім,
Сүндетсіздер астында тапталатын.
 
Нәпсі ұратын түндерде ұрғашыны,
Еркектердің сұйылып сілекейі.
Жер үстінің көрініп тұрды ашығы,
Көбелектің күңі еді Күнекейім.
 
Заманаға жыр айтан үш ақын ек,
Құса түнек ішінде ұлып қалған.
Ауыр мұңды жырға ұрып ұсатып ек,
Темір торы сыртына құлыпталған.
 
Тереземнің түбінен түн ұлыды,
Үрей ойдың ірісі іргемді ұрып.
Аспан жақтың салбырап тірі нұры,
Бөлме ішін жіберді гүлдендіріп.
 
Көктен келген қонаққа жүзім бергем,
Қос мүйізді қызылдан құтқар мені.
Жындылардың үйінде үзілгеннен,
Тіршілікке көңілдің құштар демі
 
Сағатым сорып бітті тағатымды,
Көңілімнің көзінен жас парлатқам.
Көктен түскен қайтаршы қанатымды,
Не өзіңмен алып кет аспан жаққа.
 
Бас ұрдым әміріңе,
Не жанымды ал. сәлем айт Тәңіріме...

 

 

 


Бөлісу:      
Адина
24.05.2019 21:16
Тамаша! Қаламың мұқалмасын. Шығармашылық табыс тіледім.
Пікір қалдыру: