Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

23.06.2017
4775

ҒАШЫҚ ДЕРТІ

ҒАШЫҚ ДЕРТІ

Топырақ сипат – тәнім-дүр,

Жапырақ сипат – жаным-дүр.

Талап қылдым жамалыңды озалдан,

Жаппар Ием, ғашықтықтан сағындыр!

 

Тауқыметін тартсам дағы сынақтың,

Жүрегімді реушен нұрға шылаттым.

Тауап қылдым төккен сайын жасымды,

Жаппар Ием, ғашықтықтан жылатқын!

 

Тақтақтардың жолын қуып сыр бақтым,

Тегін берген сөзді сегіз қырлаттым.

Тағат қылдым қалам барда қолымда,

Жаппар Ием, ғашықтықтан жырлатқын!

 

Топырақ сипат – тәнім-дүр,

Жапырақ сипат – жаным-дүр.

Талақ қылдым көзді арбаған дүниені,

Жаппар Ием, ғашықтықтан табындыр!

 

2012


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: