Блогтар
Барлығы
ПРОЗА
ПОЭЗИЯ
ДРАМА
СЫН
ЭССЕ
ФОЛЬКЛОР
САТИРА
ӨЗ ОЙЫМ
ШЕЖІРЕ
БІЛІМ
ТАРИХ
АУДИО
ВИДЕО
МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
ӨНЕР
ЛАЙФХАК
ШОУ-БИЗНЕС
МЕНІҢ АСТАНАМ
ҚИССА
АУДАРМА
ЖАҢАЛЫҚТАР
САЯХАТ
РЕЦЕНЗИЯ
СҰХБАТ
МАҚАЛА
05.12.2017
6354
Ғашықтық әні
Ғашықтық әні
Гүлім болшы кеудемдегі өз қолыңмен ілінген,
Үйленсем де, сүйетінім жүрегімнен білінген.
Ләззат алып, асыр салып жүретұғын күн болса,
Махаббатты тең бөлісіп қол ұстасып күліммен.
Икемім бар шын сүйетін өмір бойы өзіңді,
Растаймын не десеңде барлық айтқан сөзімді.
Арнап саған бұл өлеңді жазған менің себебім,
Білдіремін шын көңілді,айдай аппақ сезімді.
Есіңде ме екі гүлді өз қолыңмен ілгенің,
Есіңде ме көрсеткенім жүрегімнің дүрсілін.
Сен қоштасып ауылыңа мен шығарып салғанда,
Есіңде ме қол алысып кірпік қағып күлгенің.
Құттықтаймын он сегіз жас сенің туған күніңмен,
Айналайын күмбір-күмбір сенің күлген күлкіңнен.
Сүйем сені, сүйем сені, сүйем сені жан еркем,
Сүйетінім сол бір түні жүрегімнен білінген.
Бөлісу:
Пікір қалдыру: