Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
СЫН
Ғасыр түпкі руһани компасынан жаңылды

Блогтар

16.04.2019
7165

Ғасыр түпкі руһани компасынан жаңылды

Ғасыр түпкі руһани компасынан жаңылды

ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ШЫҢЫ МЕН СЫРЫ

 

Мақала авторы: Рақымбаев Медет Қайырғазыұлы

 

 

Жаһандану  жаңа белеске көтеріліп ақпарат ағымы басталған бүгінгі заманда ғылым-техника дамып адам баласының өмір сүруі әлде қайда жеңілдеді. Әлемдік деңгейде сауда-саттық мемлекет аралық байланыстар орнап, мәдени алмасу басталды. Дүниеге диктавайт етіп отырған дамыған импералистік елдер аз ұлттарға өзіндік мәдениеттерін сіңдіруде. Бұл сайып келгенде көптеген дамымаған, немесе дамушы елдердің өзіндік төл мәдениетіне ажырауына әсер етуде. Өз ұлтының ғасырлар бойғы дәстүрінен тілінен жаңылған ұлттар байлық басты мұрат саналып, ұлттық тамырынан үзіле бастайды. Мылтықсыз майдан мәдени жаулау соғысы басталған жаһандану дәуірі талай аз ұлттарды атынан аударып түсірердей ғасырлар бойы қалыптасқан өзінің ұлттық таным тәрбиесінен қол үзуіне әкелуде. Соның салдарынан қай тілде сөйлеп жазып нан таба алам сол тіл менің ана тілім деген ойға сиятын космополиттер қаптап өсуде.

Адамзаттық құндылық ізгілік жайында сөз қозғағанда тіл, ұлттық құндылық жайын айналып өту мүмкін емес. «Отанды сүю иманан» деген біздің ұлттың танымына салар болсақ адамзат баласы өз ұлтынан ажыраған сайын ішкі мәдениеті сөзсіз төмендейді. Осы орайда әлем көгіне көтеріліп ізгілік, руһанияттың жаршылары зиялылар ішінен топ жарып адамзаттық санаға сілкініс берер тұлғалар көптеп керек-ақ. Дегенменде әр заманда әр түрлі зиялылар биік сана деңгейіне шығып шоқ жұлдыздай ізгілікті жаятын жандарға бағыт бағдар көрсетіп келді.

Ерте заманан белгілі Орта Азия ойшыларды өздерінің ешім қайталамайтын дараланған ойларымен әлемдік деңгейде барша адамзаттың руһаниятына реформа, санаға серпіліс жасап отырды. Қазақ топырағында дүниеге келген Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари сияқты күллі түркіге ортақ болған тұлғалармен, Абай, Шәкәрім, Мұхтарлар сынды қазақ әдебиетін әлемдік деңгейге көтерген ұлылар жетерлік.

ХХІ –ғасырда да қазақ даласында қанат қаққан адамзаттық құндылықты құлшына қолдаған, дүниені дүр сілкіндіріп қайталанбас жырымен жаһандану дәуірін жасандылыққа емес, жақсылыққа шақырған, әлемнің беделді ұйымдарының назарын аудартқан дара тұлға Мұхтар Шаханов екені сөзсіз. Көптеген әлемнің танылған зиялылары ақын шығармашылығын жоғары бағалап оң пікірлер білдірді. Бұл жөнінде Фридрих Хитцер: «Шахановтың өркениеттің адасуы –нағыз шыншыл рухани дабылдар эпопеясы, ол –Орталық Азиядан оянған найзағайдай Батыс-Европа кеңістігіндегі қара түнек ойларды селк еткізді» деп жазды. Ақын шығармашылығының негізі адамзаттық ізгілік, рухани білім мәселесі ақын өлеңдерінің өзегі.  Содан болар ақын шығармашылығы әлемдік деңгейде оқылатын биік поэзия шыңы болып бағаланды.  Пәкістан Республикасының Мәдениет, спорт, туризім жөніндегі министірі:«Мұхтар Шаханов –  ХХІ  ғасырдың ұлы рухани реформаторы» деуі ақын шығармашылығына берілген дәл баға. Кез-келген шығармасын шындық жүзіне қойып жазатын ақын жалпы адамзаттық игілік ізгілікті, рухани ілімдердің әлсіреуіне зор алаңдаушылық білдіреді. Бүгінгі қоғамдағы керағар мінездермен, пендешіліктің кесірінен адамилықтың артта қалып бара жатуына, рухани ойдың талай адам санасынан алыс қонуына ақын ашына үн қосады.

Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?

Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.

Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?

«Әрбір қимыл –қарсы қимыл тудырады» тірлікте.[1. 241]

Дүние дамып адам баласы байыған сайын қарапайым қасиеттіліктен ажарай бастайтыны белгілі.

Рас қазір күллі әлемде байлыққа ауды есіл дерт

Байлығы озса мысықтарда жолбарысша көсілмек.

Бес жүз қабат үй салуда емес бүгін боз елес,

Ақшаң болса маймылдыда бастық сайлау сөз емес.

Адамзаттың бар тағдырын енді ақша шешеме? [1. 240] деп ақын қоғамға ой тастайды. Адамзат баласының басқа мақұлықтардан айырмашылығы бар болса ол ақылында екені сөзсіз. Ал егер ақылды ақша билесе адам баласының гуманизімінен ажарағаны. Экономика дәуірінде ақшаның басты рөлге шыққаны белгілі. Заманымыздың ұранының өзі бүгінде қарын байлығы мен көмей мәселесі басты мұратқа айналды.

Тек баюдың жолын үйрен бір күніңді бос етпе!

Адамдығың барма жоқпа алынбайды есепке.

Ұрла, алда, тамыр жібер «сайтангерлік» айлаға,

Айлалының айбыны асқақ, мерейі үстем қайда да,

.....................................................................................

Ар мен ұят бұл ғасырда аса қоймас пайдаға... [2. 151] деп нарық

заманының ұят деген ұлы сезімді басып баратын шындығын шебер суреттейді.Қарын тоқтық ғана адам баласының гуманизімін әлсіретпесі белгілі. Бұл жерде қоғамдағы кез-келген саладағы әсіресе халық көп пайдаланатын қарапайым қоғамдық орындар мен көшедегі жайдақ ойдың кесірінен адам тәрбиесіне әсер ететін қаптаған жеңіл жарнамалар, мағынасыз фильмдердің көптеп түсірілуі, музыка саласындағы жеңіл әуендерді қайта-қайта тыңдатып халық талғамын әлсіретуі осының бәрі адамзаттың жалпы тәрбиесіне бүгінде орасан зардабын тигізуде. Ақын осы орайда

Көшелерде жұртты бұрар пендешілік арнаға

..........................................................................

Кілең арсыз, пайда-нарқы ақырған бір жарнама,

Көре алмайсың ізгілікке шақырған бір жарнама. [2. 152] біздің қоғамның

бет бейнесінің бір көрінісі осылай. Жасырып жабатыны жоқ арзан дүние  өтімді келетіні, жақсылықтың жарнамасы қашанда кешеуілдеп жүреді.

            Бүгінде ғылым мен білім дамудың шыңына шығып ғалымдар ашқан жаңалық күннен күнге дамып бұрыңғыдай емес, адам баласы еш нәрсеге таң қалмайтын жағдайға жетті. Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби айтқан «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың хас жауы» деген сөзіне мән бере қарағанда дүниені басқа бағытпен дамырма еді? Білім+рух болып құстың қос қанатындай болмай тұрғанда дәуірде рухсыз күші қанат жая бермек.

Ақын өзі айтқандай «Компьютербасты жарты адамдардың» ақыл-ойы робот түйсік пен ойлағасын гуманизімнен қашық тұрары анық. Расымен техниканың тілін білім, дүниені дамытып дөңгелеткенімен іс бітеме? Адамдар арасындағы нәзік қарым-қатынасты реттейтін мәдени сезімді дамытудың жолын кім қарастырады?

Ғасырымыз –іздеу, өрлеу, қиратулар алаңы

Адамзатты қарын мүдде қайда бұрып барады? [1.221] деп жанашырлық

сезімді жаншып кететін қоғам жасандылығы қайда бет бұрып бара жатқанын болжап біліу қиын.

Қоғамның басты проблемасына айналған бүгінгі адам бойындағы жағымсыз қылықтар дүние дөңгелегін басқа бағытқа бұрып барады.

                        Жердің шарын таң қалдырған мүлде

                        Энштейін былай депті бірде:

                        -Күйбең тірлік бойын жеңген,

                        Рухани баюды ойын көрген,

                        Асығыстық тұсау салған парқына,

                        Зор қауіп бар американ халқына.

                        ..............................................................

Сынай қарап және келер күндеріне дүрмекті

Бұл ел мықтап ойлануға міндетті,

Ойланбаса – құрығаны –

Осыны айтып ұлы ғалым,

Қайта түсіп арнасына бастапқы

Шекспирдің өлеңдерін жатқа оқи бастапты. [3. 79]

Америка әлем көшін алға сүйреген экономикалық дамудың «Эверест шыңына» шыққан ел екені белгілі. Бірақ.....

Америка әлі де таймай тұр күш қуат тағынан.

Қарулы өлкеге өзге елдер амалсыз үндемес...

Америка алға шықсада экономика жағынан,

Ол бізге рухани салада үлгі емес. [1, 259] деуі шын мәніндегі

Американың руханиятына берілген баға.Рухани баюды ойын көру қай мемлекеттің болсын түптеп келгенде шыңға шығармас. Әлемге үлгі болып өз бағытымен жүргізіп отыратын бұл елдің тек озық жағын болмаса, рухани жағынан ешқандай үлгі емес екені анық.

Ондай шақта кім отырмақ ізгіліктің төрінде.

Атышулы Американ кітабы

500 дана боп басылды елінде. [3. 82]  Америка кітаптың көптеп

басылуына қаражаты жетпеген мемлекет емес екені белгілі. Бұл сол елде руханиятқа, мәдениетке, әдебиетке сұраныстың болмағаны.  Түптеп келгенде адам бойындағы ізгілікті дамытпау үлкен қауіп.

Әдебиет дамуы қай елдің болмасын гуманизімінің тірегі руханиятының

көрсеткіші екені белгілі.Ізгіліктің бұлағы, ұлтты сақтау құралы десек артық айтқандығымыз емес. Барша әлемнің экономикада көшін бастаған Америкадағы руханияттың деңгейі төмен болса бұл дүние жүзіндегі дамушы аз ұлттарға сөзсіз әсер етері анық.

Әлемде қаншама ұлттар мен мемлекеттер бар. Бірақ осы ұлттар өзіндік ата-бабалары қалыптастырған жолдан жаңылып отаншылық сезімдерінен мүлде ажырағандары өте көп. Адамзат баласына тән қасиет ізгілік жайын сөз еткенде ұлтжандылық, тіл мәселерін айналып өту мүмкін емес. Себебі бір –бірімен өте нәзік тығыз байланысқан бұл сезімдер адам баласының ішкі мәдени гуманизім болмысын көрсетеді. Дүние жүзіндегі халықтар сыртқы бет болмыстарын сақтау арқылы ғана емес, өзіндік ұлтық сипатымен, ата-бабасына қалған мол тарихын білумен қатар сақтап, дамыту арқылы ерекшеленеді.

Қасиетті ата қоныс –өзен-тауын жерсінбей,

Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей

Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,

Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.

Әлде бұлда жолы шиыр ұлтымыздың жолы ма

Қалай түстік біз батыстық қиратқыш күш торына?

Қуанып ек қосылдық деп кәусар бұлақ қорына

Адасқандай тылсым нудан

Біз олардың кір су құйған

Жүрек пен ой айнытатын құбырына тап болдық,

Тіпті аз жылда қолда барды жоғалтуға шақ қалдық... [1, 239] иә бүгінгі

қоғамның ащыда болса шындығы осы. Бұндай ұлтсыздану мен ізгілік атаулының жойылып бара жатуы әрине қоғамды алаңдатары анық. Әсіресе біз сияқты алып империямен көрші болған соң ұлттың болмысы отаншылыдық сезімдері бұл замандағы аса қажетті дүниелер. Ақын шығамашылығына ойлы көзбен қарасақ шыныменде қоғамның бағытын жеңіл аңғаруға болады.

Адами құндылық дүниедегі ештеңкеге айырбастауға келмейтін  ұлы құндылық. Руханиятпен бүгінгі жалаң білімді қатар қойып ақын былай ой түйеді:

            Секілденіп «лимузинмен» даңқ санасқан ат арба,

Рух солай сырғып кетті ең соңғы қатарға. [2. 154]

Әр бір халық бүгінгі таңда жалпы адамзаттық құндылықтың тетігі әр бір ұлттың өз отанын сүю арқылы имандылық, ізгілігін дамытарын біліп, осы жолда экономиканы дамытқандай бұрылатын болса «Әр адамның рухани мүмкіндігі қаншама

Биіктікке тартар болса , әне соған соншама

Билік, сенім кілтін берсек»...Тазалыққа шөлдеген

Өжет ғасыр дамыр еді бәлкім басқа жолменен...[2 153] деп Мұхтар

Шаханов айтқандай руханиятта қазіргі ғылым секілді дамыр еді. Әйткен күнде бүгінгі дәуір жүрісіне қарап «ғасыр түпкі рухани компасынан жаңылды» деген ақын сөзіне қосылмасқа шара жоқ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.Мұхтар Шаханов. Жұрт жатқа айтып жүрген жырлары. Алматы, 2011.

            2. Мұхтар Шаханов. Сүймегендер сағынбайды. Алматы, 2014.

            3. Мұхтар Шаханов. Дәуір дастандары. Алматы, 1993.

 

 

Рақымбаев Медет


Бөлісу:      
Ерқанат
11.03.2020 12:55
Керемеет
Ақмарал
18.04.2019 14:47
Өте керемет жазылған мақала. Осындай мақалалар көп болсын
Мерей
17.04.2019 21:17
Жақсы жазғансыз,ойыңызды ашық жеткіліксіз керемет.
Шырай
17.04.2019 11:45
Өте тамаша
Данияр Р
17.04.2019 09:34
Өте жақсы жазғансыз! Жазатын жақсы дүниелер көп болсын!
Qazaq
17.04.2019 01:06
Мұқтар Шақанов шындықты айтып шырылдаған ақын бірақ құлақ аспайтындар көпқой шіркін. Медет әдемі талқылап ойыңызды жақсы жеткізіпсіз. Бес күн жалғанда расыменде сүрінбейтін жақ, таймайтын тұяқ болмайды ғой. Мақалаңызды оқып бір ой серпілттік. Адамға ой салатын туындыларыңыз көп болсын, қ аламыңыз ұштала берсін. Ақшадан рухани байлықты жоғары қоятын жастарымыз көп болсын. Рахмет
Меруерт
17.04.2019 00:39
Тамаша жазылған мақала. Ащы да болса қоғам шындығы.
Альфия
17.04.2019 00:29
Шығармашылық табыс тілеймін, жақсы тақырыпты қозғапсың
Пікір қалдыру: