Басты бет
/
Блогтар
/
ПОЭЗИЯ
/
Іштегі дауыл

Іштегі дауыл

30.01.2019 6555

Жүрегім жазды қалайды

Көңілім күзге кеп құлайды,

Кейде алай-дүлей болған сәттерде

Іштегі ыза, долы булығып,

Қыстағы борандай тулайды

Жүрегім жазды аңсайды

Көңілім күзді қалайды

Жан дүнием азан-қазан

Көктемнің күніндей құбыла,

Ызғарлана барып, жылайды

Жүрегім жаз деп жырлайды

Көңілім неге сонша толмайды

Мына, шіркін дүние,

Неге сонша алдайды

Неге сонша арбайды...

Пікір қалдыру: