Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Лара ФАБИАН: Мен жәй ғана ән айта алатын ақынмын!

Блогтар

13.05.2017
5157

Лара ФАБИАН: Мен жәй ғана ән айта алатын ақынмын!

Лара ФАБИАН: Мен жәй ғана ән айта алатын ақынмын!

Лара Фабиан (Шын аты-жөні Лара Крокет) 1970 жылдың 9 қаңтарында Бельгияның Эттербек елдімекенінде туылған. Әлемге әйгілі әнші. Кейбір сыншылар Лараның дауысын періште дауысы деп бағалайды. Бала кезінде биге де қатысқан. Өз карьерасын 14 жасында бастаған. Оның еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қайырмасын қосыла шырқайтын «Je t’aime!» (Мен сені сүйемін!) әні әлі күнге планетаның түкпір-түкпірінде тыңдарманындарын мұңға бөлеп тұрады. Сүйген адамынан мәңгіге айрылған әнші алғашқы концертінде тамағын өксік қысып, «Je t’aime!»-ді айта алмай қиналып қалады. Сонда зал Ларамен бірге әндете жөнеледі. Ол сахна баспалдағына жайғасып отырған жерінен тұрып кетіп, халыққа жақындай түсіп, жылай бастайды. Саз біткенде оның пианинода отырған продюссері Рик Алиссон жанына келіп, Көрдің бе, менің өмір сүруіме себеп қалмады, - деп ең. Осылар үшін өмір сүр, адамдарды қуанышқа бөле! – дейді... Қошеметті қолшапалақтар оның көңілін одан сайын толқыта түседі...

Өмірі әрі қарай жалғаса береді. 1996 жылдың басында Францияда Лара «Жыл Жаңалығы» атанады. Оның дауысы тек Францияны ғана емес, бүкіл Европа, Америка, Азияны да шарлап кетеді. Ендігі әлемнің түкпір-түкпірінде концерт бере бастайды. Бұл ақша табу жолындағы тер төгу емес, халқының шынайы махаббаты, өнеріне деген сұранысы және тағдырлы әйелдің тәңір силаған ерекше дарынының көрінісі болса керек. Тіпті көршілес Ресейде де кеш өткізеді. Бұл жолы әкесі де, Рик Алиссон да емес, қазақ еліне белгілі Игорь Крутой пианиномен сүйемелдейді. Көптеген әнді орыс тілінде шырқайды. Косметиканы өте аз мөлшерде қолданған, өте қарапайым киінсе де Лараны жиналған жұрт ұйып тыңдайды. Төрт актовалы дауысы тағы да талайға таңдай қаққызады. Рояль мен виолончельсіз сахнада өнер көрсете алмайтын өнер иесі бұл жолы тағы осы аспаптармен бірге әндетеді.

2007 жылдың жиырмасыншы қарашасында әншінің өмірін зор қуаныш құшақтап алады. Ол ана атанады. Періште қызға көп кездесе бермейтін ерекше ат қояды. – Лу. Әлі күнге дейін әнжинақтары миллиондаған данамен шығып, тез арада сатылып кетіп жатады. Әйтсе де атақ пен байлыққа мастанбаған әйел өзін тым қарапайым ұстайды.

«Мен жәй ғана ән айта алатын ақынмын!» - дейді екен.

Оны өмірде көргісі келетіндер қаншама. Ендеше ғұмыры ұзақ болғай...

 

Дайындаған: Нұрғазы Нұркен


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: