Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

08.10.2019
4319

Мақтамаңдар

Мақтамаңдар достарым жалған сөзбен,

Жанарынан жас тамудан талған көзбен.

Жамандықтың-өмірден түрін көріп,

Жақсылықтың барынан арман үзгем.

Жақтауданда жан-дүнием қалған мүлдем.

 

Мақтамаңдар, даттаңдар сынды көзбен,

Осалдығымды білейін құнды сөзден.

Олқылығымды түзейін сонда бәлкім,

Күресермін өмір атты мұңды қызбен.

Жеңермін жамандықтай түнді күнмен.

 

Мұңды қыз қамшы сабындай бар болғаны,

Түнді кейде жеңе алмайды күн жанары.

Сондықтан күн батқанда қараңғы боп,

Ай астында бар әлем мұңданады.

Оларды жазалмайды, жазалайды түн самалы.

 

Мақтамаңдар сондықтан даттаңдаршы

Жалған сөзден бір сәтке аттаңдаршы.

Түнді жойып, күн нұрын себелетсін

Жанарымнан тоқтаусыз аққан тамшы.

Сонда бәлкім сабы ұзарар қысқа қамшы.

 

Түн жойылса, жойылмайды-ау, ай-қайдам,

Түн жойылса шығар екен ай қайдан?
Түн жойылса ұйқыдағы бар адам

Таңғы әтештік оянарма айқайдан.

Тұралмайды-ау, оянбайды байқағам!

 

Осы ойлар жауап таппай тұрғанда,

Мақтанайын, мен қалайша жай табам!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: