Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Махаббат мұңы

Блогтар

05.12.2017
7216

Махаббат мұңы

Махаббат мұңы

 

Махаббат деген қол жетпес алыс сағымдай,

Қалайша шыдап жүресің оны сағынбай.

Сүйгеніңді ойлап жүрегің соғар дүрсілдеп,

Ойқастап таудан ағып бір жатқан ағындай.

 

Махаббат қымбат тек ғана сүйіп білгенге,

Сүйгенің арсыз сүйемін десең күлгенге.

Бақытың қолдан ұшып та кетер алысқа,

Бір күні өйістіп миықтан күліп жүргенде.

 

Қолыңда барда бағыңды тектен байлама,

Ер салынар атқа да және тайға да.

Ат пен тайдың айырмасы түйедей,

Тай үстінде отыра алмассың шайқала.

 

Ақ төсек қымбат алтынды күміс тақтан да,

Байлығым менің бақытым ғой деп мақтанба.

Жаныңда егер сырласар досың болмаса

 Не пайда одан алтындай тақта жатқанда.

 

  Армандап асыл махаббат отын жандырдың,

  Салдың ғой мынау тәлпегіне тағдырдың.

  Кезінде өзің сүйемін деген жүректі,

  Жаным ау енді қай жерде бүгін қалдырдың.

 

 

Жанар Айжановаға

 

Ән шырқасаң баяулатып Жанарым,

От болып сенің жанып тұрар Жанарың.

Әттең-әттең белгісіз ау бірақ та,

Қандай жанның уысында қаларың.

 

Жанар десем жанып ақ тұр екенсің,

Топ ішінен суырылған некенсің.

Есіңде ме сен Ақтауға келгенде,

Үйленейік аласың ба дегенсің.

 

Көз тартады төсіңдегі қос алмаң,

Жан дүниең қандай нәзік жасалған.

Дастарханда бірге отырып өзіңмен,

Неткен бақыт сен үшін деп тост алған.

 

Мақтады деп айыпқа бұйырмаңыз,

Сіз қияда, ал біздер қиырдамыз.

Сіз сияқты аруға жете алмаспыз,

Қосылсақ та біздейдің жиырмамыз.

 

Болу қайда Мұқағали, Мұхтардай,

Жүрегінде жыр ұялап жатқандай.

Сөздерінің мәнін дұрыс түсінсең,

Палуанды күреспей ақ жыққандай.

 

Ақынмын деп айтуға да қорқамын,

Дәмі шықпай қалама деп сорпаның.

Ақын жүйрік, тұлпар болса егерде,

Мен тек қана ауылдағы жай аттарша жортамын.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: