Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Махаббат нүктесі (жалғасы)

Блогтар

06.11.2020
4838

Махаббат нүктесі (жалғасы)

(лирикалық проза)

 

Әлгі жігіт құлағыма Сөздеріне алданбаңыз. Бәрі сондай. Қарындас, қайтыңыз! деді де кетті өз жайына. Біздерден шыққан шексіз ыстық энергетиканы сезді-ау. Сол кезде бейсаналы түрде алданғым келген де шығар... 

 

Жалғыз өзім ғана ашық алаңда баяу билеп жатсам, артымнан ақырын ғана сұр футболка киген жас жігіт қасыма келіп менімен бірге билей бастады.Отырғандардың бәрінің көзі - бізде. Қимылдары орынды, баяу, болмысына жарасады.Сөйлемейді.Сөйлемей-ақ мені бір  қарасымен ғана жұтып алғандай.Жанарында құпия көп. 

 

Ер адамдардың көздеріне сирек қараймын, тәуекел етіп бір асықпай тоқтап қарап қалып ем, басым айналып қалды. Алғаш денем дірілдеп, тұла бойым ыстықтан күйіп жатқандай сезілді. Жерді сезіп тұрған мен жоқ. 

 

Біраз билеген соң, кетіп бара жатыр ем Риза, шығып сөйлессек бола ма? деді. Жоқ, шықпаймын. деп дауысым дірілдеп, көзім жыпылықтап асығыс кетіп қалдым. Сосын бәрі билеп жатқанда, үстелімізге барып ұзақ демалып отырып қалдым. Ол келді кенет қасыма Отырсам бола ма? , Не үшін? деп сұрадым сенімсіз. Сыртқа шығып сөйлесейікші деп жауабымды алмастан отыра кетті қасыма. 

 

Көздеріме көз алмастан тік қарап отыр, отты, тұңғиық жанары менің ішкі сарайыма кіріп кеткен сияқты. Тағы жалма-жан төмен қарадым. Әй жоқ-шәй жоқ қолымды ұстайын деп жатыр, жүрегім үзіліп кетуге шақ қалды, орнымнан атып тұрдым да қолымды бірден апыл-ғұпыл тартып алдым. 21 жастасың, жігітпен жүріп көрсеңші дейтін әпкелеріме Жігітпен жүрмек түгілі, тіпті  қолымды да ұстатпаймын! Қимаймын өзімді. деп жиі айтатынмын үйде сол кездерде.

 

Жүр онда билейік деді, мен келісе кеттім. Оның қасында маған ауа жетіспей қала берді. Шаштарымды түзеді ме, сипай бастады ма бірдеңе болып жатты. Анық көріп тұрған мен жоқ. Бірақ, әр қимылын, тынысын сезіп тұмын. Билеп жатып  білдіртпей сүйгісі келді білемін. Кенеттен Қайтуым керек дедім де, сыртқа сырт киімсіз жүгіріп атып шықтым. Аппақ қарда ұзақ жаттым. Мен оны Грей деп атадым...

 

Егер, ер азамат маған бірден ұнамаса, ешқашан ұнамай өтеді.  Көңілім оның қасымда болғанын қалап тұр. Ол кезде де әлі Үркек Керім ем. Әлдебіреу ұнай қалса, бейсаналы түрде оқыстан қаша бастаймын. Оның себебін қазір де білмеймін.

 

 

Риза ЫСҚАҚ
ҚР Журналистер Одағының мүшесі, публицист-эссеист.


Бөлісу:      
Нұрлыбек
04.11.2020 19:17
Жазбаларың көбейе берсін!
Нұрлыбек
04.11.2020 19:11
Керемет! Мхаббат нүктесі
Пікір қалдыру: