«Мен кіммін?»: Рухани ізденіс пен перзенттік парыз
«Мен кіммін?»: Рухани ізденіс пен перзенттік парыз
Әдебиет — мен үшін тек жазу емес, бұл — жанның айқайы, қоғамның келбетін тануға деген талпыныс. Көптен бері көкейімде жүрген, қағазға түсіп, енді міне дыбыс болып өрілген «Мен кіммін?» атты аудиокітабымды YouTube арнасы арқылы көпшілік назарына ұсындым. Енді әрбір тыңдарман менің авторлық туындыларыммен еркін таныса алады.
Неге аудио формат?
Бұл жобаның басты ерекшелігі — заманауи аудио формат пен дәстүрлі прозаның ұштасуында. Біз ақпарат ағыны тасқындаған заманда өмір сүріп жатырмыз, бірақ кейде ең маңызды сұрақты — «Мен кіммін?» дегенді ұмытып кетеміз. YouTube арнасына шығарудағы мақсатым — сапалы әдебиетті жастарға жақын әрі қолжетімді ету. Олар жолда, жұмыста немесе демалыс сәтінде «Нанның қадірі» немесе «Әкенің соңғы сабағы» сияқты әңгімелерді тыңдап, рухани азық алса деймін.
Өткен мен бүгіннің сабақтастығы
Бұл туындыдағы әрбір жол — менің ғана емес, менің замандастарымның, біздің қоғамның басынан кешіп жатқан күйі. Қазір интернет пен әлеуметтік желінің заманы болғанымен, адамның жаны жалғызсырап бара жатқандай көрінеді. Сондықтан мен осы әңгімелерді заманауи аудио форматта ұсынуды жөн көрдім. Жастардың құлағында құлаққап жүрсе де, оның ішінен ананың әлдиі мен әкенің ақылы естіліп тұрса деймін.
Мысалы, «Әкенің соңғы сабағы» деген әңгімемде мен тек бір отбасының хикаясын емес, жалпы адамзатқа тән қасиетті — сабыр мен парасатты айтқым келді. Менің өз әкем мен үшін мәңгілік шамшырақ секілді. Ол кісі бізге тек бақыттан жаратылған, шаттықты, ізгілікті ғана үйретуге келген әулием еді. Сол секілді, менің де мақсатым — өмірден өз еншісін іздеген оқушыларыма, өзімнен кейінгі толқынға қырағы сауысқандай жоғы тұрған бағытты нұсқау. Егер туындым біреудің болса да көңіліне сәуле түсіріп, «менің перзенттік парызым не?» деп ойланта алса — бұл менің жазушы ретіндегі ең үлкен бақытым.
Болашаққа көзқарас
Бұл аудиожинақ — тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта «Перзенттік парыз» топтамасына енетін басқа да әңгімелер біртіндеп жарияланбақ. Біз «адасқан ғасырдың» өкілі болмауымыз үшін, өткеннің ащысын да, тәттісін де бағалай білуіміз қажет. Бүгінгі таңда еліміз ірі мемлекетке айналып келеді, бізге бүкіл дүниежүзі көз тігіп отыр. Осындай алмағайып заманда жазушының міндеті — ұрпақтың санасын ояту, оларға рухани азық беру.
Кенжебек Хасен,
жазушы-драматург
https://youtu.be/-UR5zJCyUPs?si=Ge9b_ep49-U_Z9tJ
