Блогтар
Мен күткен күз...
Дайындалып келер күз сынағына
Сыбыдырлайы күзгі жел құлағыма
Маужырайды табиғат ең соңғы рет
Алтын күннің шомылып шуағына.
Соңғы үміт, соңғы дем, дымы құрып
Өткіншілік мәнінде шын ұғынып
Діріл қағып ағаштың бұтағында
Жүрекке ұқсас жапырақ тұр ілініп. - деп сары далаға сырымды ақтарып отырмын.
Ех, шыныменде сезімде, махаббатта осы күз мезгілінде екен ғой. Ақындардың шабытын оятып мұңыменен музасын астастыратын осы сырға толы сағыныш кейпіндегі сары күз еді. Міне менде сол күз мезгілін асыға күтетін жандардың бірімін. Неге екенін білмеймін Алла тағала біздерге барлық төрт мезгілді сыйға , алайда жүрегім күз келген кезде шабытқа толып , терең ойға мені еріксіз баурағандай болады.Мен күткен күз осы жылы тым ерекше сияқты. Түнгі көше...жаңбырлар төбемнен аспанның жылаған көз жасындай сіркіреп тұр. Мен көше бойын жүрегіммен сырға толтырып жүріп барамын .Сары жапырақтар жерді сүйгендей төбемнен жерге қарай құлап жатыр.Көше бойына маған қарама қарсы бір адамның келе жатқанын байқадым(ер адам екен). Жүрісіне қарасам мен сияқты терең ойдың тұңғиығына батып келе жатқандай. Маған жақындап қалды..Бойымда үрейде пайда болғандай. Алайда маған жақын келіп :
- Сізде күздің салқын түнімен сырласып жүрсіз бе ? деп жмиып тосыннан сұрақ қойды. Маған таныс болмасада оған :
- Ия сырласып сіз сияқты менде жмиып жауап қаттым . Содан кейін әңгімеміз ұзын көше бойымен жалғасып кете барды . Сол күздің маған силаған тосын сиы сол бір белгісіз жан болып қалды. Мен күткен күз сезімге толы еді...Алайда сол жанды әлі күнге көрмедім .Бейне бір періштедей көрініп кеткендей көзден ғайып болды ...