Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
САТИРА
Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ӨЛГІМ КЕЛМЕЙДІ...

Блогтар

25.10.2023
3073

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ӨЛГІМ КЕЛМЕЙДІ...

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ӨЛГІМ КЕЛМЕЙДІ...

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ӨЛГІМ КЕЛМЕЙДІ...

    «Жолымды аштырайыншы» деген оймен, атағы аспандап, айға ілініп қалған көріпкел әйелге бардым. Кезегім келген соң кірдім. Көріпкел қолымның тамырын ұстап тұрып–Сіз «тошно» еркек екенсіз... –деді.

   Қуанып кеттім. Қалай біліп қойды десеңізші? Мен еркек екенмін ғой! Ей, жарандар, маған қараңдар, мен... Мен еркекпін!–Сіз әйел емессіз... –деді ол тағы да.–Шынымен әйел емеспін ғой? Қалай біліп қойдыңыз? Көріпкелдігіңіз керемет екен!–Маған әруақтар СМС–пен хат жіберіп жатыр...–Рахмет сізге апай!–Кіндігіңіз біреу ғана...–Қалай білгіш едіңіз! Ғажап! –деп таңқалдым! Көйлегімнің сыртынан қарап отырып–ақ, қалай біліп қойды десеңізші! Мұндай көріпкелді бірінші көруім! Қол соғып қойыңыздар, мырзалар! Менің кіндігім біреу  ғана екен! –Сіз адамсыз...–Ия, ия, адам емес хаюуандар көп қой! Жолымды ашып берсеңіз...–Жолыңыз жабық екен. Қазір сіз жүретін көшені газ мекемесі қазып тастаған. Олар жолды жапқан соң, су мекемесі қазып тастайды...–Жоға, өмірде жолым болмай жүр дегенім ғой...–Өмірде  тротуармен жүріңіз. –Жұмысқа тұрамын ба? Қай жерге барсам да, ақша сұрайды...–Мұның өзі жақсы мамандық... Жұмыссыз жүрудің өзі– жұмыс...

–Бір басым қашан екеу болады екен?–Екі басты адамдарды сиам егіздері дейді... Сіз өлгенше осы су ми басыңызбен жүресіз...–Апай, қанша жыл өмір сүреді екенмін?–Әйтеуір бір күні өлесіз...

Көріпкелдің кереметіне таң қалып, алақанына мың теңге алпыс тиын ұстатып, үйінен қуанып шықтым. Кеңкелестердей керіліп тұр едім, атаңа нәлет десе, ішіп алған ба деймін, бір полицейдың машинасы құйындатып келді де, қағып кетті! «Әйтеуір бір күні өлесіз...» – деп қалай біліп айтқан еді десеңізші! Ал менің өлгім келмейді, мырзалар… 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: