Блогтар
Не істей аламын
Не істей аламын
Қол жетпеген арманың көп, қарағым,
Баяндадың жасқа толып жанарың.
Пендемін ғой, мен де өзіңдей ғанамын,
Айтшы, енді, мен не істей аламын?!
Қолың жетпей, таба алмастан амалын,
Жүрегіңе қанша жара жамадың.
О, мендегі орнын көрсең жараның?
Айтшы, енді, мен не істей аламын?!
Бұл өмірдің жұмбақ толы қамалын,
Деген едің оп-оңай-ақ аламын.
Қанша жерден бұлқынсаң да, қарағым,
Айтшы, өзің, мен не істей аламын?!
Жол ортада алдап сенген адамың,
Кеш біліпсің адал емес, арамын.
Айтқанменен өкініштің зар-әнін,
Айтшы, оған, мен не істей аламын?!
Ісін істеп жүрген сынды баланың,
Қате болып шыға берді-ау, қадамың.
Өмір-жұмбақ, шарла, аспан-ғаламын,
Айтшы, өмірге мен не істей аламын?!
Қағазым ақ, қара бірақ, қаламым,
Жылай, жырлай өлеңнен өш аламын.
Мен де адаммын тағдыр-отқа жанамын,
Жанып-күйіп, ертең күл боп қаламын,
Бұл тағдырға мен не істей аламын?!