Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПРОЗА
Неге бәрі мұз?

Блогтар

26.03.2020
5342

Неге бәрі мұз?

Неге бәрі мұз?

І  бөлім

 

Неге бәрі мұз?(Жансаяны сағындым)

 

Мамыр айы болатын. Жуырда алған сұр пиджагымды киіп қала орталығына шықтым. Алма ағашының гүлдеуін ұзақ күттім. 25-ші маршруттан түсе сала кешкі жылы самал сезілді. Жүргіншілердің жүзінен шаттық, қуаныш көрінеді. Біз жаққа көктем кеш келеді. Ол «Сендерде көктем болмайды , қыс пен жаз ғана бар» дейді. Өтірік.

 

Мамыр. Ол бізде ғана нағыз бейнесін аша алады. Бізде ғана сұлу болады. Соңғы қоңырауды мамырдың таңғы салқынымен қарсы алмасан, көктедеммен де қоштаса алмайсын. Менінше солай.

 

Зеріккенде серуендейтін көшелер. Редакция алдына тоқтадым. Кешкі алты шамасы, бәрі тарап кеткен шығар,алма ағашынын бірнеше сабағын алып, иіскей бастадым.

 

Жансая үшінші қабатта тұратын. Келген сайын бір іспен шабыттана айналысып отыратынын көретінмін. (Тіпті ұйықтап жатса да түсінде жақсы дүние бастап қойған сияқты). Қазір де:

 

- Саруки, қалайсың? Не жаңалық?!

 

- Жақсы. Әзірге ешқандай... Өзіңде ше?

 

- Ботя, шай ішейікші! Дипломдық жұмысты аяқтап қалдым, редактурадан өткізіп, жетекшіме бір тексертсем, вуа-ля, бәрі дайын! Как на личном?

 

- Сұрамашы, ешкім жоқ. Болмағаны да дұрыс-ау. Сен біреумен сөйлесіп жүрсің бе?

 

- Жоқ, енді былай бар, бірақ ол менің адамым емес сияқты.

 

- Өз адамын қандай болу керек?

 

- Ол ақылды, интеллектуал, жан-жақты, түсінігі мол...

 

- Неге бәрі мұз?

 

- Қиын.

 

- Иә.

 

- Әрі қарай не жоспар?

 

- Астанаға кететін шығармын.

 

- Імм, бәрі ойдағыдай болады.

 

- Надеемся.

 

Тәтті шай біткенше болашақ туралы жоспар, басы – аяғы жоқ әңгімелер мен шынайы күлкі.

 

- Үйден шықпағалы екі күн болды, қыздармен қалаға шығайын дегенбіз, әрі сені шығарып саламыз.

- Жүр.

 

Күн әлдеқашан батып кеткен. Кешкі самалды түнгі салқын ауа басып, тоңазытып барады. Үйге жетуге асықтым.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: