Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Ойымды айтам...

Блогтар

02.12.2017
5614

Ойымды айтам...

             АТАМЕКЕН

Атамекен тамырым Атамекен,

Тағзым етпей жүргенім қатем екен.

Терең тартқан танысақ бүл ұғымға,

Тамырлардың бастауы жатады екен.

 

Сол тамырдың білем біз ұшындамыз,

Бұтағы жіңішкерген тұсындамыз.

Лақтырған заманы алыс бауырларға,

Ақ қанат көгершінді ұшырғанбыз.

 

Дем жетпейді тым ұзақ алыстасақ,

Үзілердей қысылып тамыр ұсақ.

Мұндайда құтқаратын өзің ғана,

Тыныстауға шақырып жайып құшақ.

 

Атамекен тамырмен жалғасқан соң,

Ыстық қой буырқанып қан аққан соң,

Бір қасық қан, бір түйір бөлшегіңмін,

Бізді алла бір ұлт етіп жаратқан соң.

 

Тамыр құрғап ешқашан үзілмесін,

Жол бөгер сары сулар түзілмесін.

Біздерді бастауменен жалғастырған.

Тамырға сызат түсіп бүгілмесін.

 

Алыста үзік тамыр жыламасын,

Атамекен теппейді жан баласын.

Жанасса бітіп кетер  бөлшегіңдей

Тамырда таниды ғой өз жалғасын.

 

Жетудің жүрген жандар ебін таппай,

Қызыққан жас бұтаққа тоғын баспай

Өзге елдің мамығынан жұмсақтығын,

Айтсаңшы Атамекен тасы қатты-ай.

 

Атамекен тамырым Атамекен,

Сені аттаса жаныма батады екен.

Жүрегіңнің дүрсілінен ояндым ғой,

Лүпілін мен де естіп жатады екем.

 

Барым да, байлығым да, бағым да сен,

Тірлікте қуат берген  тамырда сен.

Бір кесім жер, бір түйір тасың үшін,

Беретін әрбір балаң жаным да сен.

 

Қан мен тердің куәсі байтақ мекен

Бүгін таңың күлімдеп атады екен.

Уыстатқан білсек біз қадіріңді,

Бабалар тыныш ұйықтап жата ма екен.

 

Атамекен тамырым Атамекен,

Тағзым етпей жүргенім қатем екен

Қағысы жүрегімнің тоқтағанша

Бастауым мен өзіңді жырлап өтем.

 

Жырменен тағзым жалғыз азғана екен

Жайылып қанатымыз қорғалса екен

Бірігіп қолын созған алақанда,

Құлпырып атамекен жайнаса екен.

 

 

                СӨЗ САЛМАҒЫ

 

Шежіре ата-мұра бізге жеткен,

Ұшқыр ой ақылы да жүйрік неткен.

Құдіреті талайды табындырған,

Дегендей өтіп кетер сөз сүйектен.

 

Салмағы құйылған шын қорғасындай,

Қалыпта өңделмеген шебер сылай.

Жүрек жылытып, шырақ жағар тауып айтқан,

Қара қылды қақ жарған турасын-ай.

 

Сөзбен келген азандап атауың да,

Сөз тербеген бесікке жатарыңда,

Тәй-тәйлетіп, тілашып, сыңсу айтып,

Шығарып сап ақырғы сапарында.

 

Дүниені қызықтап күлдіргенде,

Ара жікті ширатып бүлдіргенде

Тоқтатын, дау шешіп, билік айтқан,

Татулықтың көйлегін кидіргенде.

 

Жығылғанға сүйеу боп қайрат берген,

Намысты өткірлігі қайрап келген.

Кездесіп, сағынысып, қоштасатын.

Ғашықтар бұлбұлы боп сайрап көрген.

 

Сөз салмағы өлеусіз өлшенбейді.

Қасиетін жоғалтса ел шөлдейді.

Сөз бұлағы суалса ертең тілдің,

Көсегесі көгеріп көркеймейді.

 

 

                ҚАНАҒАТ

 

Білесің бе сен осы қанағатты,

Сұрақ қойып шақырам жамағатты,

Білсең егер сен маған түсіндірші,

Менің ойым бұл жайлы сараң атты.

 

Қанағат айтушы еді тойдырар деп,

Жалғасы жалғыз атты сойдырар деп,

Атыңды соймасыңа амал бар ма,

Жоқшылық кіріп тұрса қойныңа кеп.

 

Жоқ болса қанағат деп ұлисың ба,

Бетіне қарап аздың құрисың ба.

Үйің егер шұрық-шұрық тесік болса,

Қанағат сөзін айтса жылисың ба.

 

Бар шығар мүмкін бейбақ көңіл дархан,

Артқа қарап тартуға тастар арқан.

Жібек бірақ жіңішке деп кім жармасар,

Өйткені иесінде киім жүтам.

Сонда сенің не керек дархандығың,

Қанағатшыл мен деген айқайлы үнің,

Жомарттығың жатса да асып-тасып,

Алақаны бос жанды кім байқар бүгін.

 

Ағайын да алданбас қара суға,

Өтірік десең егер сен бір тула.

Жайлы болса ор жағы бері өтпейді,

Қанағаттан көпір сал мейлі суға.

 

Мен ойлаймын бұл сөзді барға айтқан,

Асып-тасып бүлініп ардан қайтқан.

Тоқ ішер тоят тауып тоқтайма деп,

Бір мезгіл қанағат сөз ұрса жақтан.

 

Екінші айтылғандай еріншекке,

Бар ғой бізде дейтіндер тебін теппе.

Берсе де алдына әкеп шайнап асты,

Салатын жұтам ба деп шегіншекке.

 

Үшінші қанға біткен сараңдықта,

Үстіңнен аттап кетер қалсаң жұтта.

Қанағаттың тамырын басу үшін,

Ондайларға жақында жүрек жұтта.

 

Демеймін қанағатты қоштамаймын,

Бірақ ондай жандардан бос маңайым.

Жүргенде өзім жете алмай жетесіне,

Қалай ғана өзгеден жоқ табайын.

 

Ризалық пен қанағат қолда барға,

Күле қарап алдағы атар таңға.

Қанағат бұл жалғанның қалқаны ма,

Адастырмай салалатын тура жолға.

 

Қанағат сонда менің тарылмауым,

Жоқты аңсап, қолды жайып жалынбауым.

Таза жүрек, ақ көңіл, кең пейілдей.

Адамдық қасиеттен арылмауым.

Қол жеткізу адамдыққа оңай емес,

Шалып тұрар аяқтан өмір егес.

Білгенді ұштап, білмесең сұра жүріп,

Ұмтылмасаң еш нәрсе өзі келмес.

 

 

                       КІМБІЗ

 

Тауып айтар тыңдашы биде емеспіз,

Қазып айтар қарашы күйде емеспіз.

Жарып айтып жарлыны жарылқайтын,

Алары бар сөзінен үлгі емеспіз.

 

Өткенге оралып көп оқымаймыз,

Айтқанды көңілге біз тоқымаймыз.

Басын қосып екі сөзді құрағанға,

Мәз болып айдыны жоқ қоқи қазбыз.

 

Жұрдаймыз салмақты сөз ақылдан біз,

Сүйектен өтіп жоқ қой қадалар біз.

Табан асты тауып айтып, танып болжар,

Жұқпаған ба шешендер қалдырған ізі.

 

Біздікі бос ауаны қауып айтқан,

Курмеуі шешілмес бір дауын айтқан.

Мыжығаннан мезі боп маңайдың да,

Жұта алмай дәмсіз сөзден көңілі қайтқан.

 

Бос өмір аты ғана сүргеніміз,

Мылжың сөз өсек айтып жүргеніміз.

Өзімізден шықпаса да мұра бар ғой,

Одан да шамалыдай түргеніміз.

 

Қалай біз жас ұрпаққа өкпелейміз,

Толтырып себер дәнді жекпей өгіз.

Бос арба шықырлайды көш басында,

Сондықтан шұбарланып көктемейміз.

 

Ес жисақ деп ойлаймын қоқиланбай,

Жүрміз ғой бар асылды шоқи алмай.

Өзеуремей басты да көтерейік,

Кеш сермеп қолымызды қапы қалмай.

 

 

                     ӨМІР ДЕГЕН

 

Қайран өмір ұстатпай аққандайсың,

Бар сырыңды жайып тек ақтармайсың.

Жеткізбейсің өкініп қалып келем.

Кешіктіріп сен неге қақпайлайсың.

 

Біреуге күліп атқан ақ таңдайсың,

Біреуге жолы қиын шатқалдайсың,

Біреуді малындырып көз жасына,

Біреуге бақтан үкі таққандайсың.

 

Бұл сұрақтар пендені мазалайды,

Кейде кейіп тағдырын жазалайды.

Жоққа жылап, барға тулап жүргендерде,

Өмірді өз қолымен жаза алмайды.

 

Сондықтан өкпе өмірге  мен айтпаймын,

Бәрімізде құлымыз жаратқанның.

Бағалайық бауырлар бағалайық,

Қымбат құнын өлшеулі сағаттардың.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: