Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Өлеңдер топтамасы

Блогтар

22.11.2017
24874

Өлеңдер топтамасы

Өлеңдер топтамасы

Елбасыма алғыс       

                                                                                    

Тоқсан бірдің күзінде,

Атандық ел Тəуелсіз

Бірақ ешкім білмейтін,

Ел едік бір елеусіз.

 

Ширек ғасыр ел үшін,

Маңдай терді төктіңіз,

Қазақтай бір ел барын,

Əлемге паш еттіңіз,

 

Ағайындар келсін, деп,

Əлемге жар салдыңыз,

Туған ата мекенге,

Шақырып қарсы алдыңыз.

 

Совхоздардың мал, мүлкі,

Жекеге өтсін дедіңіз,

Меншікке ие болар деп,

Халқыңызға сендіңіз.

 

Тоқсаншы жылдың ортасы,

Тоқыраған кезіміз,

Жалақысыз жүрсек те,

Үміт берген өзіңіз.

 

Халықты ойлап қамығып,

Ақылға сап көрдіңіз,

Ақмоладай қаланы,

Астана ғып бердіңіз.

 

Білімсіз ұлт, ұлт емес,

Деген бір ойға келдіңіз,

Жастарым білім алсын деп,

Мүмкіндік жасап бердіңіз.

 

Тəуекелге бел байлап,

Ел үшін еңбек еттіңіз,

Қиындықты еңсеріп,

Жеңіске талай жеттіңіз.

 

Біріне-бірі сай келген,

Бар еді сөз бен ісіңіз,

Сауаптысы көп болып,

Тасыды қайрат, күшіңіз.

 

Иманыңыз бек артып,

Меккеге сапар шектіңіз,

Елдің ойлап ертеңін,

Аллаға дұға еттіңіз.

 

Ерекше мінез, құлқыңыз,

Үлгі етеміз соны біз,

Бəріміз сіздей бола алсақ,

Жеңіске талай жетеміз.

 

Арманға жеткен бабамның,

Ұрпағы біздер екенбіз,

Жаратқан өзі қаласа,

Мəңгілік ел боп кетерміз!

01.12.2016ж.

 

Осы бізге Жаратқан, не деп еді?

 

Осы бізге Жаратқан, не деп еді?,

Харамнан қаш, адалдан же! деп еді,

Қонаққа адал астан дəм татқызып,

Сауапты, іске, жақын кел, деп еді.

 

Туысты, досты, құда-жегжаттарды,

Əрқашан, адал аспен сыйла, деді,

Тозаққа түспеуді шын қаласаңыз,

Асыңа, арақ қосып құйма, деді...

 

...Адамдар ренжісе ештеңе етпес,

Аллаға қарсы келіп қалма, дедім,

Арақтың харамдығын біле тұра,

Құдаға ішкізгенің қалай енді?

 

Арақ ішкен адамның білесің бе?

Күші жетпес нəпсімен күресуге,

Арақтың бір грамын ішіп қойсаң,

Ұпайың кетер шайтан үлесіне.

 

Күнəсін біліп тұрып, арақ ішсе,

Құдаңыз душар болар азапты іске,

Қабыл болмай, қырық күн тілегені,

Өкініші, өрт болып, жанады іште.

 

Иманды жеңілдірме қу нəпсіге,

Мəңгіге ұтыласың, шайтанға ерсең,

Адамды азап оттан құтқаратын,

Шынайы Иман деген жалғыз нəрсе.

16.11.2016г.

 

Бүгінгі көзбен көргенім

                                                       

Бүгінгі көзбен көргенім,

Көңілге қаяу түсірді,

Иманы əлсіз адамның,

Көптігін көріп күрсіндім.

                                                       

Мешітке келе жатқан-ем,

Өтейін деп бесінді,

Топырлаған топ көрдім,

Бір адам қайтқан секілді.

                                                       

Түрлеріне қарасам,

Елуден асқан көбісі,

Кейбірі шылым тұтатып,

Алламен болмай тұр ісі.

                                                       

Əңгіме, өсек соғып тұр,

Жасы бар жəне кəрісі,

Намазға бару ойда жоқ,

Тиген бе Алла қарғысы.

        

Мешітке жақын кеп тұрып,

Намазға бұлар бармады,

Бұндайды мүлдем күтпеп-ем!,

Еріксіз бұған таң қалдым.

                  

Осыған аздап қапа боп,

Мешітке кірдім ақырын,

Жамағат қатар-қатар боп,

Бастапты намаз оқуын.

                           

Саптарын барып толтырып,

Өтедім парыз, сүннетті,

Сұрадым қабыл етші!, деп,

Алладан дұға-тілекті.

                           

Намазды өтеп болған соң,

Жаназа үшін жиылдық,

Бірнеше қатар сап құрып,

Имамға түгел ұйыдық.

                           

Сырттағы тұрған тобырдың,

Біразы сапты толтырды,

Бұларда дəрет бар ма? деп,

Күмəнім сонда боп тұрды.

        

Дəретсіз тұрса бұларың,

Намазды толық бұзғаны,

Мəйітке обал болары,

Бұларды қызықтырмады.

                           

Тезірек жерге тапсырып,

Құтылу мүмкін ойлары,

Мəйіттің соңғы асында,

Етке бір тойса болғаны.

                           

Жаратқан тура жолға сал,

Күнəһар болса құлдарың,

Туысын ешкім қаламас,

Тозақта от боп жанғанын.

                                     

Басыма мұндай күн туса,

Бұл да бір үлкен қасірет,

Иманы берік болуын,

Бауырға, досқа нəсіп ет.

27.10.2016ж.

 

Менде де, сенде, бəрінде бар кемшілік

 

Менде де, сенде, бəрінде бар кемшілік,

Мойындатпайды, көкірек мінез, өршілдік,

Кішілігің жоқ, кісілігің де алыста,

Көрелмай жүрсің, бойыңа толып кекшілдік.

 

Саналы ой жоқ, санасыз сөзің көбірек,

Сандырақ-шатпақ, өкпе сөз айттың езгілеп,

Араққа тойсаң, сағынып шыға келесің,

Дос бола тұра, ісімді сен жек көресің.

 

Иманым менің, мына сен үшін бес тиын,

Намазға кепті, дегенді қашан естимін,

Арақты сатпа, таратпа, мүлде ішпе деп,

Ескертсек тағы, қасарып соны істедің.

 

Туыс пен досың, ісіңнен тəлім алмаса,

Сөзімді ұғар, көндірем деуің далбаса,

Бетбе-бет келсең, Алладан қорқам, дейсіңдер,

Айнала беріп, туғанның етін жейсіңдер.

 

«Әдетті жаман, тасташы!» десем болмайсың,

Ойыңда түк жоқ, өлмейтін жандай ойнайсың.

Ойнақтап жүріп, өмірден өтсең осылай,

Қабірде досым азапқа түсіп сорлайсың!

20.10.2016ж.

 

Түс

 

Алдыңкүні, тым ерекше түс көрдім,

Жақсылыққа жорыдым, сол түстерді,

Қайтыс болған, ата-анама кезігіп,

Құшақтадым, беттерінен иіскедім.

        

Мені көріп қуанса да, ата-анам,

Бауырымның біреуіне өкпелі,

Кімге екенін, маған олар айтпады,

Өзі сезер, деген шығар өйткені.

                           

Күлімсіреп былай деді, жай ғана:

Бір бауырың қайда? деді, ойлана,

Бізді неге ол зиярат етпейді,

Деген сəтте мен оянып кеткемді.

 

Көрген түсім бауырларым осы енді,

Барлығың да ескере жүр болса енді,

Ата-анаға қолдан келер көмегің,

Құран оқып бағыштауың, дер едім.

 

Пайғамбардың, өсиеті қалдырған:

Ата-анаңа Құран оқу артынан,

Зиярат қып, ата-анаңның қабірін,

Ажырамау, ата-баба салтынан.

 

Осы күнге бізді есен жеткізген,

Жаратқанға сансыз шүкір еттім мен,

Ата-анамның жақсылығын еске алып,

Бөлісейін, жасырмайын ешкімнен...

 

...Уақытында, ғұмыр кешкен азғана,

Талай жақсы, істің басын қозғады,

Талай жастың, жарастырып жұптарын,

Бір-бірлерін, кешіруін құптады.

                           

Бұл пəниден, əлдеқашан кетседе,

Жақсы істерін, ұмытқан жоқ еш пенде,

Туыстардың, кейде басы қосылса,

Соларды айтып, еске алады өткенді.

                           

Əкем өте сыйлы болды, ауылға,

Сыйлап өтті қарындас та, бауыр да,

Қонақ қылып, төбесіне көтеріп,

Асығатын, дастарханын жаюға.

                           

Ата-анамыз, адамдар ед көргенді,

Ұнатпайтын, өсек-аяң тергенді,

Қолы ашық, аса жомарт болған соң,

Үйде жоқты, басқадан ап бергенді.

                           

Жақсылығын, айта берсем, көп енді,

Тəрбиеге, аса көңіл бөлгенді,

Адалдық пен əділдікті құптайтын,

Екеуі де, мейрімді жан болды енді.

Қабірлерің Құранменен нұрлансын,

Бар жақсы сөз өздеріңе арналсын,

Құран Кəрім аяттары қабыл боп,

Жаратқаным тозақ оттан қорғасын!

07.10.2016ж.

 

Аман-есен боларсыз

 

Аман-есен боларсыз,

Ең алғашқы ұстазым,

Əріптерді үйретіп,

Бірге өтіп ед қыс-жазың.

 

Сол кезде бір қылығым,

Еске түссе күлемін!

Арам ой жоқ, бала едік,

Таза екен ғой жүрегім.

 

Күнде-күнде бес алып,

Мен мақтанып жүргенде,

Алғашқы төрт еріксіз,

Келіп түсті дəптерге.

 

Қ əрпіне жеткенде,

Жаман болып кеткен бе,

Баттитып төрт қойдыңыз,

Қызыл балмен дəптерге.

 

Соңғы сабақ біткен соң,

Үйге қарай біз кеттік,

Бір досымды көндіріп,

Төртті беске түзеттік.

 

Қандай жақсы досымда,

Қызыл балдың болғаны,

Жол үстіне тұра қап,

Төртті бес қып алғаным.

 

Жұмысымыз біткен соң,

Мен мақтандым үйге кеп,

Байқамастан мұғалім,

Маған бір төрт қойды деп.

 

Бірақ оны түзеттік,

Жазғаннан соң беске деп,

Анама айтып жатырмын,

Апай білмей қапты деп.

 

Еркін деген досым бар,

Оқиды ол беске тек,

Апай қызыл бал берген,

Дəптерлерді тексер деп.

 

Сол досымның арқасы,

Төртті бес қып жатқаным,

Бағалардың бəрі бес,

Деп өзімді ақтадым.

 

Анам момын кісі еді,

Əйтеу маған ұрыспады,

Бірақ əкем мектепте,

Жаман болды ұрысқаны.

 

Мұғалімнен кешірім,

Өзі барып сұрады,

Екі бетім ұяттан,

Бір бозарып, қызарды.

 

Баға жөндеу қылмыс деп,

Сонда ескерттің ұстазым,

Содан бастап бұл сөзді,

Мəңгі есімде ұстадым.

 

Разымын өзіңе,

Секер апай мəңгілік,

Сізден сауат ашпасақ,

Жүрер ме едік, мəңгіріп,

 

Шəкіртіңнің көбісі,

Кандидаты ғылымның,

Өздері де ұстаз боп,

Дəнін екті білімнің.

 

Бүгін бізде мереке,

Бүгін күні Ұстаздың,

Құтты болсын мерекең,

Достарым мен Ұстазым.

 

Еңбектерің еленіп,

Шəкірттерің мақтасын,

Алла өзі жар болып,

Бар пəледен сақтасын.

30.09.2016ж.

 

Құрбан айтың құтты болсын халайық

 

Құрбан айтың құтты болсын халайық,

Шын көңілмен құрбан малын шалайық,

Бір Жаратқан ырза болсын бəріңе,

Ұлы Алланың сүйген құлы болайық.

 

Құрбан шалу бір парызың бауырым,

Дəм татқызсаң ырза болар ауылың,

Шалар малың арық, тоқсақ болмасын,

Құрбандыққа арна малдың тəуірін.

 

Алла үшін сойған малың шырағым,

Қияметте өз алдыңнан шығады,

Намаз оқып, ораза тұт, құрбан шал,

Алла төгер сонда нұрын, шуағын.

 

Мына жалған мəңгі емес, бес күндік,

Құлшылықтың керектігін кеш білдік,

Қияметте азап шеккің келмесе,

Бауырларым ренжітпе ешкімді.

 

Шалған малың қабыл болсын ағайын,

Болмасыншы елде қайғы, уайым,

Құрбан айтқа жылдан жылға жеткіз деп,

Жаратқаннан дұға-тілек сұрайын.

 

Ассалаумағалейкум, Адам ата

 

Ассалаумағалейкум, Адам ата,

Ұрпағың кең жайылды шар тарапқа,

Жүз тоқсан түрлі ұлтқа бөлінгенбіз,

Өсіп-өніп жатырмыз әр тарапта.

 

Тілі өзге, түрі бөлек, діні басқа,

Түрлі ұлт, бір-бірімен араласқан,

Мейірімді мінезінің арқасында,

«Қазақ»-қа көптеген ұлт бауыр басқан.

 

Ең сүйікті ұрпағың, Пайғамбарым,

Жұмақтың төрінде ғой, оның Тағы,

Үмбеті, «парыз, сүннет» орындап жүр,

Азапқа түспесін деп «шыбын жаны».

 

«Лә илаһа илла Аллаһ» - Жаратқаным,

«Мұхаммед, расул Аллаһ»  – Пайғамбарым,

«Үмбетім, үмбетім!» деп, бізді ойлады,

Сондықтан «Құран» оқып, дұға арнадым.

 

Адасқанның көбісін жолға салды, 

Жаннат бақта, бір болу, болды арманы,

«Құран» менен «Хадис»ті аманат қып,

Үмбетіне жол нұсқап кете барды.

 

Адам ата Жаннатта орның бар,

Өзіңмен бірге болар бар Пайғамбар,

Беделі Мұхаммедтің бәрінен зор,

Үмбетіне шапағат ете алар. 

 

Жаратқан, мен өзіңе жалбарынам,

«Иманды ұрпақ бер!», деп, мен жалынам.

Жүрегі күнәлардан қараймасын,

Әрқашан құлшылықта сені ойласын.

 

Ұрпағым өзің сүйген құлдан болсын,

Пайғамбар Мұхаммедтің жолын қусын,

Шайтанның сыбырына көнбейтұғын, 

Иманды ұл, инабатты қыздар болсын.

05.08.2016ж.

 

Тарихтан талай өтті жақсы адамдар

 

Тарихтан талай өтті жақсы адамдар,

Тыңдаңыз сыр шертейін, «Ей, жарандар!»,

Тақуа, шын ғұлама, болып еді,

Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп және Абайлар.   

 

Біреудің мал-мүлкіне сұқтанбаған,

Имани қуаттары мықты адамдар,

Пара беру, алуға қызықпаған,

Алла өзі жар болған құтты адамдар.

Қиналып көмек қолын сұрағанға,

Қолында барын берген ашық жандар,

Айтар сөз, ақылдарын миға құйып, 

Білгенін үйретуге ғашық жандар.

 

Сынақпен келген билік, байлықтарын,

Алланың Хақ дініне жұмсағандар,

Әбу Бәкір, Османды үлгі тұтып, 

Соларға жан-тәнімен ұқсағандар. 

 

Білімі, еңбегімен, күнін көрген, 

Тақуа, әрі мырза, асыл жандар,

Тапқаннан зекет беріп, садақа ғып,

Алланың ақ жолына тасығандар.

 

«Сауапты ісің болса, мақтанба» деп,

Тура жол, түзу бағыт нұсқағандар,

«Арыңның ала-жібін аттама» деп,

Күнәдан нәпсін тыйып ұстағандар.

 

Арақ пен доңыз етін ауызға алмай,

Харамнан өмір бойы сақтанғандар,

Намаз бен оразасын қаза қылмай,

Ислам дінін таза сақтағандар.

 

Жаннатқа баруды тек арман еткен,

Ұрпаққа үлгі болды-ау  -  осы жандар,

Бұлардың қасиетін ұғам десең,

Қазағым басқа ұлтқа ұқсамаңдар!!!

12.08.2016ж.

 

Адамдар қазір, ұятты қойды ойлауды

 

Адамдар қазір, ұятты қойды ойлауды,

Зина мен пара, күнделік іске айналды,

Арақ пен шарап, наданның болды қалауы,

Кемпір мен шалдар, ішіп ап, ыржақ салады.

 

Харамнан қаш! деп, Имамдар зарын қылады,

Құлаққа ілмей, күнəһар басын бұрады,

Құдайсыз жандар, болса да сап-сау жанары,

Шындықты мүлдем, көрмейді, соқыр баяғы.

 

Шайтанға және нәпсіге еріп көбісі,

Күнәлі іске асыға шауып барады,

Ажалы жетсе, бұларға күнә үстінде,

Тəубесіз өтіп, Тозақта мәңгі қалады!

21.10.2016ж.

 

Сәлем, балам, білем ауыр сабағың

 

Сәлем, балам, білем ауыр сабағың,

Шаршасаңда түспесінші қабағың,

Қиналсаңда жас кезіңде оқып қал,

Бар ғой әйтеу жатар орын, тамағың.

 

Шүкір айтам, құлы болдың Алланың,

Алға қойған орындалсын арманың,

Халал ас жеп, арам астан алыс бол,

Күнә іске ешқашанда барма ұлым.

 

Бес парызын мұсылманның білесің,

«Өзің жар бол, Аллаһым!» деп тілерсің,

Нәпсің менен шайтан, азғырған кезде,

Жеңіспенен аяқталсын күресің.

 

Біліміңмен жақсы өмірге жетерсің,

Зекет беріп, қажылық та өтерсің,

Ораза ұстап, өтей алсаң намазың,

Ауыр тартар қияметте таразың.

 

Үміт артам, мен өзіңе сенемін,

Жаратқаннан дұға тілеп келемін,

Тағдырымыз жаратқанның қолында,

«Алла амандық берсін!» айтар тілегім...

24.02.2016ж.

 

Әкемнің айтқан дұғасы....

 

Әлі есімде, сол бір күн, әлі есімде,

Әкем жатқан, ауырып қал үстінде,

Өтерден бір күн бұрын, болған жағдай,

Айтып ед, бір дұғаны, түн ішінде.

 

Білмеймін, өңім бе әлде, түсім бе екен,

Сол түні, сол дұғаны, естіген ем,

Мен білер аяттарға ұқсамайтын,

Дұғаны бұрын мұндай, естімеп ем.

 

Арабша айтылғаны, анық еді,

Құранның мақамын мен танып едім,

Дұғаның мәнін білгім келсе дағы,

Сұрауға бата алмай, қалып едім.

 

Ертеңі, таң атқан соң үйге кеттім,

Жұмыстан шақыртып ед, жедел жет деп,

Түн іші телефонмен хабар жетті,

«Жан әкең, өтті өмірден!» кері қайт, деп.

 

Осылай тағдыр басқа жазғаннан соң,

Әкешім бұл жалғаннан кете бардың,

«Анаңның жанына қой!», деген едің,

Сөзіңді соңғы айтқан орындадым.

 

Әкең мен анашыңнан артық кім бар,

Тек айтып жақсылығын ұлықтаңдар,

Оларды әр дұғаңда еске алып,

Артынан бағыштауды ұмытпаңдар.

 

Жаратқан Жаннатынан орын берсін,

Ата-анам қол ұстасып бірге жүрсін,

Кәусардың суын ішіп, шөлін басып,

Жұмақтың бақшасынан жеміс жесін!

 

Жаратқан мен өзіңнен сұрайыншы,

Дұғасын әкем айтқан қабыл қылшы!,

«Жоқ дейді игіліктің, ерте кеші»,

Дұғама бәріңіз де «Әумин!» деші...

23.02.2016ж.

 

Харам тойдың зияны

 

Кейбір қазақ, шашылып, той тойлайды,

Әрине оған ешкім де шек қоймайды,

Көбі бірақ басқамен, бақталасып

«Асып түссем солардан!», деп ойлайды.

 

Бар болса егер, жетіп тұрса тойласын,

Ысырапқа жол бермеуді ойласын,

Дастарханын адал асқа толтырып,

Харам астан ештеңе де қоймасын.

 

Екі жасты үйлендірген ата-ана,

Тілеп тұрар ақ тілек пен батаны,

Харам ішіп айтсаң егер тілектер,

Қабыл болмай текке кетіп жатады.

 

Арақ алып беріп тұрсаң батаны,

Бар періште сізге қарғыс айтады,

Жас отауға берген бата дарымай,

Бір айдан соң ажырасып жатады.

Салдары тек осы болса жарайды,

Зияны оның бұмен тоқтап қалмайды,

Дүниеге сәби әкеп әкесіз,

Жесір қызың одан ары сорлайды.

 

Сәби өсер сезбей әке мейрімін,

Өксуменен өтер енді кей күні,

Көнеді ғой, тағдыр солай болған соң,

Неге солай?, деген ойлар жейді мың. 

22.02.2016ж.

 

Жүректі ерітер, қайғылы мұңды өлең


Жүректі ерітер, қайғылы мұңды өлең,
Анамды, əкемді, ойлаймын кейде мен.

Сағыну, еске алу, бізге де тəн екен,
Бет сипап, дұға оқу, əдетім тəңертең.

 

Тағдырға, көнемін, қия алмай, жүргем жоқ,
Кетерін ертерек, мен əттең білгем жоқ.

Жақсы адам десе де, əкем мен анамды,
Сəждесіз өткені, өкінтіп барады.

 

Əкеңе, анаңа, Жұмақты қаласаң,
Үнемі дұға қыл, сауабы орасан,

Дұға мен тілекке, еш нəрсе жетпейді,
дегені, Имамның, есімнен кетпейді.

 

Ауызында кəлима, жүректе иманы,
Болғаны əйтеуір, тек үміт сыйлады.

Сондықтан, рухына, əкем мен анамның,
Бағыштап отырмын, аятын Құранның.

13.10.2017ж.
 

Есімде əлі, менің бала күндерім
 

Есімде əлі, менің бала күндерім,
Анашымның жетегінде жүргенім,
Жылағанда қорқынышты түс көріп,
Дұға оқып жатушы еді білгенін.

 

Есімде əлі, ертегі айтқан түндері,
Еске оралад(ы) өткен бала күндерім,
Кеше ғана сияқты еді-ау, анамның,
Аман-есен, ортамызда жүргені.

 

Ол, біз үшін ең ардақты, жан еді,
Ақыл айтып, бағыт берер дана еді,
Араздасқан дос, туысты тату ғып,
Адасқанды өзі жөңге сап еді.

 

Жайдары еді, мінезі оның кең еді,
Келетіғұн қонағы да көп еді,
Ешбіріне анам қабақ шытпастан,
Дастарханға барын үйіп-төгеді.

 

Анашымның бұндай асыл мінезін,
Бағалайтын, Жаратушым бір өзің,
Бисмиллаһ, деп айтуды үйреткен,
Мына маған, сол анамның дəл өзі.

 

Бəрін айтып, бірін айтам не керек,
Анам кетті ана жаққа ертерек,
Енді менің қолдан келер амалым,
Аят оқып, бағыштаймын сауабын.

Жаратқаным қабыл алшы дұғамды,
Анашымның жадыратып жамалын*.

12.10.2017ж.

 

Бір сәттегі ой

 

Жұма намаз біткен соң,
Шықтым дағы мешіттен,
Жұмыс жаққа асықтым,
Қалмайын деп кешікпей.

 

Бір жігіттің қасынан,
Өте берем дегенде,
Əй, Нұқыш!, деп бас салды,
Сөйтсем,Такең екен де.

 

Қабыл болсын намазың,
Қабыл болсын жұмаңыз,
Дедік дағы қоштастық,
Асығыс қол ұстасып.

 

Кешке дейін кетпесең,
Үйге барып қонып кет,
Деп айтуды ойладым,
Бірақ үлгере алмадым.

 

Сотка қарап тұр екен
Біреу күтіп тұр мекен?
Ал жақсы! деп жоқ болды
Əлде асығыс жүр мекен?

 

Табатын жол əр-түрлі,
Ризығын Алланың,
Жолдан қалма бауырым,
Кездесетін алда күн.

 

Жолың болсын жортқанда,
Жаратқаның қолдасын,
Мынау пəни жалғанда,
Еш жамандық болмасын!

08.08.2017ж.

 

Жарайсың Серік!
 

Жарайсың Серік!,
Жарадың Бақат бауырым,
Ақтайдай бабаң,
Аунап түсті-ау дəл бүгін.

 

Ағамыз Бақыт,
Керейден үміт үзбеген,
Өзіңдей ұлды,
Отыз бес жылдай іздеген.

 

Биылғы жылы,
Тілегі оның қабыл боп,
Лашын цол*ын,
Бұйыртты Алла Сізге де.

 

Шеруші елі,
Куə боп мынау жеңіске,
Құттықтау сөзін,
Жолдауы жақсы емес пе?

 

Жеңісті сəттен,
Үзінді көріп, қуандым!
Өзіңе арнап,
Толғана жаздым бұл əнді.

 

Қарсыласың да,
Шымырлау екен, қуатты,
Бірақ та оны,
Əдемі шалып құлаттың!

 

Бойыңда екен,
Тасыған күшің, қуатың,
Тіл-көзден сақ бол,
Алладан тілеп, дұға қыл!,

 

Мұсылман жанның,
Қуаты күшті қаруы,
Алланың Нұры,
Дұғаңның қабыл болуы!

 

Төгілген терің, 
Еңбегің жиі ақталсын,
Жаратқан Алла,
Пəледен өзі сақтасын!

13.07.2017ж.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: