Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ПОЭЗИЯ
Өлеңдер топтамасы

Блогтар

02.12.2017
5203

Өлеңдер топтамасы

Өлеңдер топтамасы

Joldigazi Dolda

 

 · Қара орманға келеді қар үскірік

 

Қара талдың қабығын қарып сылып
Қара таудың жотасың қарыстырып
Қарашаны ызғарлы шығарып сап
Қара орманға келеді қар үскірік.

Қара түнде төбеден Ғарыш күліп
Қалың шоғын маздатып жағып тұрып
Қасқыр Айға мұң шертіп зарын айтып
Қара тасты жаңғыртып алыста ұлып.

Қараша үйдің түндігін қабыстырып,
Қатал қыс та ақ боран қар ұштырып.
Қатар тұрған боз үйдің керінеиі,
Көлбендетіп көк түтін жарыстырып.

Қара кеште қызарып іңір ауған,
Қара суық құлайды шыңыраудан.
Қатып жатқан өзеннің мұз астында,
Қара суы тынбайды зымыраудан.

 

 

******* 

Боз жусаны жарғанда сұры бүршік,
Боз бұлттарым жаңбырын жылы бүркіп.
Боз адырдан қашқанда орғып қоян,
Боз биенің қасында құлын үркіп.

Боран соғып сілкиді қозғап талды,
Басын тұман басыпты боз қапталды.
Бура бұлттар бауырлап шөккен кезде,
Боз іңгеннің ботасы боздапта алды.

Боз самалы ескенде боз даладан,
Боз далада ырғалып боз қараған.
Боз шағылға боз ізді қалдырып кеп,
Бойжеткен қыз хат алған боз баладан.

Баурайына таудын күн құлай келіп,
Бұлдыр кеште боз арай шырай беріп.
Бұлыңғыр көлеңкесі түскен кезде,
Бұта ішінде адасып жылайды елік.

Будақтап көк түтіні боп -боз үйден,
Боз тезек жағатұғын баттап үйген.
Балалық қызығы мол боз жазығым,
Боз күлше жеуші едік отқа күйген.

Боз құйырық боз айғыр кісінеген
Буйраттарым кіріп жүр түсіме үнем
Боз қырауы шалғанда боз таңтарда
Боз сайлардың іздеуші ем ішіменен.

Буғау құрық ұстадым боз ағаштан,
Боз биені ұстауға оза қашқан.
Болдырмайтын жүйрік қой құлыны оның
Борбайына шаң жұқпас соза басқан.

Боз сағымды боз белде созғылатқан
Боз атымды суардым боз бұлақтан
Боз шаңын да көтеріп кең жазықтың
Босамайтын тақымым боз құла аттан.

*******



 

Туған жер сенде өткен көктемім


Мен далада өскенмін бала күннен,
Бұлт жылатып нөсерлеп дала күлген.
Шапқылап тай құлындай асыр салдым,
Босамаған белдерде лала гүлден.

Жүгіріп құмда жалаң аяғыммен,
Даланы шаңындатып бір балағыммен
Сіңіріп күн сəулесін тұлымыма,
Үйіме жусан иісін ала кіргем.

Сырласып толқындармен сан ағыммен,
Кеңесіп кең даламен сана кірген.
Əр күнім өтті менің көктемдей боп
Күн сайын құлпыратын жаңа бүрмен.

Аспаннан қыран көріп шаңырақтан,
Бұлтарды тауларыммен жамырасқан.
Түн болса ғарыш жаққа көз жүгіртіп
Алаңсыз ұйықтап арай таңым атқан.

Алтайдың қарлы шыңы асқақ заңғар,
Тізілген көп жоталар ақ бас таулар.
Басынан дəриялар бастау алған,
Жалаңаш сары белдер сайлы аңғар.

Төбесі күн шағылған шоқылары
Етекте ауыл қонып отырады
Есімде мен еркелеп өскен белдер
Береке құт дарыған атырабы.

Белдерден кетпей бояу жасыл əрі,
Нəрімен бес түлік мал асырады.
Апай төс көне жота сырын бүгіп
Тарихтың талай сырын жасырады.

Алыстан көрінеді мұнар басып,
Көңілде сағынышпен мұң арбасып
Шіркінай сол көктемім қайда менің
Күз болып мына көңіл тұр алмасып.

Ат десе ішкен жеген қояр асын
Тұлпардың дүбірене оянатын
Таң атпай арғымақты ерттеп мініп
Аралап бір қайтатын тау арасын.

Шіркінай сол күндерім қайда менің
Құлазып қалды ма екен қоңыр белім
Мені іздеп жатыр ма екен таңбалы тас,
Қынасын күн мүжіген өрім -өрім.

Мен өскенмін алаңсыз көк белімде,
Қараушы едім жалықпай көкке күнде.
Бей-күнə балалығым қалды менің
Туған жер сенде өткен көктемімде.

********

Қара түндерден нала тыңдаймын,
Арманның аппақ қанатын жайдым.
Жұлдыздар самсап тұрған мен жырақ,
Жерменен жүрмін арасында Айдың.

Шарлаймын ұзақ шақырымға да,
Болсын деп қайғы мақұрым нала
Түссеңші жұлдыз өртенбей жанып,
Қолыма менің ақырын ғана.

Беретін едім бақыт таң жасап,
Жанымау саған жақұттан қашап.
Ғарыштан келер ғайыптан бақыт,
Қалдырып мұңды уақытты алға сап.

Жанарда тұрса жаңған шоқ ұшып
Жүректің отын маздатшы құшып
Үзілмей үміт жалғанып мəнгі
Қалады сезім сонда -ақ тоғысып.

Сезімді сəби құндақтағанмын,
Ешкімге əнін тыңдатпағанмын.
Сен болсаң ұшпас бақ қонған кезде
Өзіңмен жаным түнге ақтарармын.

 

*******

Мен ұрпағымын Көктүріктің
Бастауымын бұлжымас тектіліктің
Ай нұрына шомылып рухты болып,
Күн нұрына майңдайдан өптіріппін.

Мен сəби едім қасқыр емген,
Мен мұңайсам таудағы тас түнерген
Дала мені өсірді батыр қылып
Қорықпайтын оғыланмын қаскүнемнен.

Мен туған ұлы дала шежірелі,
Тектілік топырақтан сезіледі
Əр қазақ КөкТүріктің ұрпағы ғой
Сондықтан мақтанышпен көз іледі

Ауызымда Құртқа ананың сүті қалған,
Қыран рұх самғап тосар күтіп алдан.
Сүтпен келген өрлікпен батырлық бұл,
Сəби кезде құнығып жұтып алғам.

Мен Қасқыр емген Өр-Түрікпін,
Мен Туғанда түнерген жел тұрып түн.
Айға қарап ұлуды үйренірпін,
Арасында жүріп мен бөлтіріктің.

Мен ұлиын сен маған жылашы Айым.
Даламның тасын малтап құм асайын.
Мына Тау мына белдер үйім менің,
Бесігім боп тербелген мына сайым.

Мына орман мына бел дөң көптеген,
Тəй тəй басқан жерім ғой еңбектеген.
Саф Алтындай сақталған Сақ мекені,
Күн нұрына шомылтып жөргектеген.

Мен шыққанда еңбектеп,тас ұңгірден,
Асқар таулар иіпті басын бірден.
Аспан ашып қабағын, қасын күлген,
Жүрегіме найзағай жасын кірген.

Көк- Тəңірім мəңгілік ғұмыр берді,
Бағындырғам мəңғілік жұмыр жерді.
Алтай менен Атырау Сары-арқаны,
Хан-Тəңірдің мұз құрсау шыңын берді.

Ғасырларды келемін аттап -аттап,
Көк-Тəңірім берген соң қат-қабат бақ.
Күн нұрына шомылған Ғұн ұрпағы
Жұқпайды екен дұшпаным жақса батпақ.

..

Жолдығазы Долда


Мен сені күтемін 
Киелі ағаштың бұтағына ақтық тағып нұр байлап
Күлтесіне гүлдердің айдан түссе мұң қаймақ
Жағалауға толқындар асыққанда айдынның
Жазғы түнде ұйықтамай сыңсығанда тынбай бақ

Мен сені күтемін
Алыстағы жұлдызды ат жалына құлатып
Ағылы тегіл боздаған ақ інгенді жылатып
Топырақтан нəр алып таңғы шыққа суланып
Тауда құрақ қаулаған тас тұрғанда гүл атып.

Мен сені күтемін 
Сарғайғанда сағынып ешкімненде сұрамай
Кешке жиек қызарып шашқан кезде күн арай.
Орман кезіп торығып жалғыз жүрген аралап.
Жаңбыр жауған кездерде жабыққанда құралай.

Мен сені күтемін
Жақұт тамшы аспаннан тамған сəтте төгіліп
Алтын жіпке тізіп ап ай қалғыса көз іліп
Ғарыш жақтан бір шуақ бар аспанды көмкеріп
Келген кезде түсімде перизатқа кезігіп.
Мен сені күтемін.

Жолдығазы 
17 .11.2016 .

Еркіндіктің қадірін біліп қауым,
Атты міне арайлап күліп таңым.
Мəңгіліктің алауын жағып далам,
Қояр емес бар əлем ұлықтауын.

Үзілген сон бодандық құрсаулары,
Қалықтады қыран боп шырқар бағы.
Аспанында қазақтың сəуле тұнып,
Кең даламның төрінде нұрсуалады.

Нұрсаулады расында шуақ тұнып,
Ел еңсесі биіктеп қуатты ұлық.
Босағасы бекіді Қазағымның,
Орынықты бұлжымас тұрақтылық.

Алтынменен безеніп шаңырағы,
Айтылады əуелеп əн-ұраны.
Деуірлерде көктеген бəйтерегі,
Жайып жатыр тереңге тамыр əлі.

*******

 

· 

Жүрегімде кісінеп жылқы мұңдар
Түнергенде түн кейде жыр құлындар

Ыршып түсіп кеудемнен ала құнан
Домбырамның күй ағып шанағынан

Мен тартамын желменен сүйемелдеп
Қісінейді құлын жыр күй емем деп.

 

Жас кезімде мініп ем ашамайға,

Қазақпын деп жазыппын, қашап айға.

Қанға келіп құяды киемен кеп
Сағынған соң туған жер жиі елеңдеп.

Боз інгендей кеудемде күй өлең көп
Боздап бара жатқандай түйем өрлеп

Бота кезім барады өрлеп үнем
Құмалағы шашылып жөргегінен

Мен ауырсам туған жер кие меңдеп
Топырағын түсімде сүйем ем деп.

Жүрегіме үйірі кеті ме еніп?
Тай тулайды ішінде текпіленіп.

Мен ұйықтасам тыпыршып жұлқынамын,
Тыпырлайды тоқтамай жылқы жаным.

*******

 

Ертең қандай болады бүрсігүнім,
Жердің тыңдап отырмын тылсым үнін.
Іңір кеште тыңыштық мүлгіген ну,
Естіртеді ап -анық гүл сыбырын.

Мен үндемен ,еш нəрсе сұрамайын,
Шығар түнде жарқырап шырақ айым.
Сенің саяң маған бір жайлы мекен,
Сұра менен мəн жайды сұра қайын.

Саялы ағаш өзіңдей жоқ та қайын
Түбіңе мен түнейін от жағайын
Жапырағың сыбдырлап сыр айтады
Басқа жерге аялдап тоқтамайын.

Сұлу қайын ақ қайын ақша қайын
Сенің мына саяңнан бақ табайын.
Жерде өзің менімен сырлас болсаң
Ал аспанды көркейтсін аппақ айым.

Мөлдір шықтар гүлдерде мөлт еткенде,
Жұпар есіп санама нəл сепкенде
Түнді оятып мүлгіген салқын самал
Тылсымына елітті мөлтек кеуде.

*******

Қарашаның қалыңдап күртік қары,
Қара жердің жамалды жыртықтары.
Долы боран ызыңдап дала кезіп,
Сілкілейді төбені жұлқып тағы.

Үсік шалып бұтағы күлдіреген,
Қара суық қабығын тілгілеген.
Шытынайды аязға қаусап тағы,
Қарағайдың қасында тұлдыр емен.

Бота бұлттар аспанда қынжылады,
Боз жотаның артына күн құлады.
Қалың жауған ақ ұлпа салмағы мен,
Қайындардың бұтағын сындырады.

Кер атымның жонына мұз қатады,
Шымырлатып арқасын сыздатады.
Ысқырады суық жел күңіреніп,
Соғылады айналып құзға тағы.

Қырау қатып қыстын көз кірпігіне,
Қыңсылайды ку боран қыр түбіне.
Үйріне еге боп жалбас айғыр,
Кісінейді таяу кеп жылқы міне.

Батады екен ертеңгі ымырт қалай,
Мына қыстың қатайып суытқаны-ай.
Жылтырайды ұзақта көз ұшында,
Төбе белдер жұп -жұмыр жұмыртқадай.

*******

Жайқалған жапырағы күміс қайын.
Түбіңе отырып бір тыныстайын,
Сыбдырлы жапырақтың күйін тыңдап,
Еңсемді түсірмейін тік ұстайын.

Тыңдайын жүрегіңнің дүрсілін бір,
Мен адаммын емеспін жыршы бұлбұл.
Мұңайғанда саған кеп мұң шағайын
Өзіңдей менде мұңлық шын сырым бұл

Бар сырың ішіңде ғой тұмса қайын
Тыңдасаң зейін қойып, мұң шағайын
Мен дағы саған ұқсап күтіп көктем
Жылдарды шығарып сап жыл санайым.

Желегі желбіреген сұрша қайын,
Неліктен ағарады бұл самайым,
Күз айын дəл өзіңдей ұнатпаймын,
Көктем боп өмір шіркін тұрса дайым

 

 

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: