Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

05.07.2017
8627

Өмір

Өмір

 

 

Жолаушы, жолың болсын, ашық болсын...
Тоқташы. Аялдашы. Асықпашы...
Бəріміз жолаушымыз, гүл өсірген,
қайда кетіп барамыз білесің бе?!
Гүлдер, гүлдер жайқалған, үзілдірген,
гүлдер, гүлдер, ақ гүлдер, қызыл гүлдер...
Жолаушы жолаушының ізін көрген,
гүлдер, гүлдер келетін күзін білген.
Біліп тұрып, боламыз білмегендей,
жусан өскен төбеден жүрмегендей.
Бəлкім, сөзім сүріншек, қате шығар,
десек те, Уақыт күліп өте шығар.
Жолаушы, 
Күн күрсінсе, Ай жылаған,
Аспаннан əр сəт сайын ой құлаған.
Гүлдер қазір ұйқыда, оянбасын,
Жолаушы, асықпашы, аялдашы...

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: