Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨЗ ОЙЫМ
Өмірің өз қолыңда...

Блогтар

03.07.2020
24861

Өмірің өз қолыңда...

Өмірің өз қолыңда...

Өмір деген сіз үшін не? Бұл сұраққа әркім әртүрлі жауап берері анық. Біреулерге сынаққа толы арпалыс, ал енді біріне үлкен бақыт. Өмір деген не десе менің ойыма Мұқағали атамыздың мына бір өлең шумақтары ойыма оралады:

 

Өзіңе-өзің жүк артып,
Өмір деген- тер төгу.
Бір нәрсеге құмартып,
Бір нәрседен жеркену.

 

Біреулерді алдау да,
Біреулерден алдану.
Қор боп өтпей жалғанда,
Қолдан келсе, жан бағу.

 

Кейде шалқып шаруам,
Кейде қашып берекем,
Өмір деген- жаным-ау,
Өзім екем, мен екем...

 

Иә, бұл өмірде ақ пен қара,жақсылық пен жамандық,қатыгездік пен мейірбандық қатар жүреді.Кейбір жандар үшін өміріндегі қиындықтар өздерін қайрай түссе, ал кейбірін осы қиындықтар сындырып жіберері хақ. Алайда өмір деген Жаратушымыздың бізге берген ұлы сыйы. Өмірді бізге сый етіп берген Алланың өмірдегі қиындықтарды да еңсеруге көмектесетінін естен шығармаған жөн.Біз кейде өз өмірімізге көңіліміз толмайтыны жататыны жасырын емес. Кейде сол көңіл толмаушылықтың кесірінен бе, әйтеуір біреуге ренжіп, кейде кек сақтаймыз. Өмір қамшының сабындай қысқа сондай қысқа өмірімізді реніш пен кекшілдікпен өткізгенше, неліктен сыйластықпен сіз біз десіп өткізбеске? Неліктен ренжиміз кімге өкпелейміз?!Біз суретші сияқтымыз ақ қағазға не салатынымызды өзіміз білеміз. Суреттің әдемі шығуы суретшіге суретшінің қиялына ойлауына байланысты. Мұнымен не айтқым келеді, не ойласаң сол сенің әлемің болады, құр бекерге өкпелегенше өміріңді жақсы жаққа қарай өзгертуге іске көшу қажет. Бір сәт ойланып көріңізші сіз бен біздің он екі мүшеміз сау, жақын жандарымыз жанымызда біз осыған шүкіршілік айтуымыз қажет. Ал айналамызда мүмкіндігі шектеулі жандарда бар. Мүмкіндігі шектеулі деген атауы болмаса олар мына біздерге қарағанда ерік-жігері мол. Өз басым сондай жандарды көргенде іштей мынандай ой түйемін: «Мына кісінің жағдайы осындай екен бірақ, ол мұндай күйіне қарамастан жаңа нәрселерді үйренуге тырсады. Мүмкіндігі шектеулі жандардың өзі осылай құлшыныспен өмір сүріп жатқанда, менің қол қусырып бос отырғаным жарамайды ғой?! Қане, іске кіріс баста, үйрен» - деп өзі-өзімді қайраймын. Недеген мықтылық десеңізші, олар ешқашан мойымаған, керсінше олар өмірге деген құштарлығын оятып күн сайын алға ұмтылады. Қандай жағдай болмасын әрқашан мықты болып, өткен өмірдегі жасаған қателіктерімізді ұмытып, тек алға қадам басып жарқын болашақты қалап, артқа қарайламауымыз қажет. Тек алға қадам бас!!!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: