Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨЗ ОЙЫМ
Қарнымның бір тойып, бір ашқаны-ай...

Блогтар

16.05.2019
4189

Қарнымның бір тойып, бір ашқаны-ай...

 

Жұмыстан кейін диссертацияма материалдар қарайын деп орталық кітапханаға тарттым. Құжаттарымды толтырып болып, енді кітаптар алайын десем, алдымнан күлімсіреп бір қыз шықты. Есіме бірден түсті, өзім сабақ берген білімгерлердің бірі. Өзі бір ажарланып, сұлу болып кетіпті. Сабақ барасында аузына құм құйып алғандай сөйлемейтін қыздардың бірі еді. Сондай сәттерде қалай бағаларымды білмей отырушы едім. Бүгін міне, алдымда өз ісіне ұқыпты, жақсы маман иесі тұр. Меніменен жылы амандасып, барлық қажет қағаздарымды алдыма қойып берді. Байқаймын, тиянақты қыздың ұжым арасында беделі де бар сияқты. Жұмыстан шыққалы нәр сызбасам да, сол қызға қарап көңілім толды. Біраз уақыт отырған соң, қыздарға рақметімді айтып, аялдамаға қарай жүгірдім.

 

Дала азынап тұр, кешкі аяз басталыпты. Автобусқа отырып едім, алдымда тұрған екі жігітке еріксіз көзім түсті. Жастары отыз бес шамасында болу керек, қалшылдап бір орында тұра алмай тұр. Маған тіпті біреуі тіпті дірілдеп тұрған сияқты болды. Әңгімелері де мәнсіз, мағынасыз, екі сөздерінің бірі боқауыз сөз. Сөйтсем, екеуі де жұтынып алған екен. Әрине, көпке топырақ шашқым келмейді. Бірақ, мына екі жігіттің тұрысынан қарным ашқанын сездім. Мағжан ақынымыз жырлағандай, «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін», - дейді. Сол қырандай күшті, қанатты жастарымыз қайда? Ащы суды ішіп алып, бір орындарында әрең тұр. Ауыздарынан құлаққа жағымсыз сөздер шығып жатыр. Мұнысы несі? Қазіргі таңда жастарымыздың көзі ашық, көкірегі ояу емес пе? Ең өкініштісі, осы спирттік ішімдіктерге көп жастарымыз әуес. Әртүрлі ойлар санамды билеп, үйіме сондай қарным ашып келді.

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: