Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
СЫН
Қазақ даласының өз “Дубайы” қашан пайда болады?

Блогтар

27.08.2019
6432

Қазақ даласының өз “Дубайы” қашан пайда болады?

Қазақ даласының өз “Дубайы” қашан пайда болады?

          

Әлемде туризм саласы дамыған бірқатар мемлекеттер бар: Түркия (Анталия, Стамбул, Анкара және Бешикташ), Араб Әмірлегіндегі Дубай, Монако Княздігі, Мальдив және Кариб аралдары, Швейцариядағы Альпы таулары, Үнді мұхитындағы Сейшель аралдары, Грекия, Италия, Испания, Кипр, Сицилия, Перудағы Анды таулары т.б. Мәселен Түркияның (Türkçe Devlet Turizm Işı) жылдық бюджетінің шамамен 25 %-ы туристік саладан келген таза табыс (транспорт құны, сервистік қызмет көрсету, реторан және асханалар, қонақүй және жағажай арендасы, турне және экскурсия билеттер бағасы, туристтік тауарлар және мәдени іс-шаралар). Әлемге әйгілі туристік орындар қаншама: Жапониядағы Фудзияма тауы, Африкадағы Килиманджаро тауы, Альп таулары, АҚШ-тағы Гранд каньон, солтүстік Италиядағы Венеция, Үндістандағы Тәж-Махал, Қытайдағы Ұлы Қытай қорғаны, Маңғолиядағы Шыңғыс хан кесенесі, оңтүстік Франциядағы Ницца (La Ville Provence Marseille de Niсe), Ұлыбританиядағы Стоунхендж, тіпті Ресейдегі Сочи, Қырым және Байқал. Ал біздің Қазақстанның туристік саласы дәл сол жаһандық деңгейде әлі танымал бола қойған жоқ.

      

Тіпті көршілес елдердің де туризмдері аса даңқты. Өзбекстанда Бұқара, Самарқанд, Ферғана көне кесенелері, Қырғыстандағы Ыстықкөл, Азербайжандағы Баку алмалары, Армениядағы Ереван коньяк фестивальдері және Грузиядағы Боржоми жер асты шипа суы ісппеттес туристік нысандары да жеткілікті. Егер қызықты ірі туристік нысандар турасында айтсақ, Қазақстанда олар баршылық. Оның үстіне сан жағынан артылып жатыр: Қорғалжын қорығы, Бурабай, Маңғыстау (Үстірт), Марқакөл, Ақсу-Жабағалы, Сарыағаш, Шарын, Меркі, Көлсай, Қатон-Қарағай, Іле Алатауы т.б. Көріп тұрғанымыздай еліміздегі туристік саланы әлемдік деңгейде дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Алайда, инфрақұрылым, экономиканың жеке ірі салаларының бірі ретінде туризм ұғымы бізде қалыптаса қойған жоқ. 20 жыл бұрын туристік жолдар, қонақ үйлер, санаториялық-курорттық шипажайлар, демалыс-қорықтық аймақтар қалыптаса қоймаған өңірлердегі асқан баяу өзгерістер дәл біз қалағандай формада және жылдамдықта қалыптасып жатқан жоқ. Осы жақында ғана 23-24 тамызда қасиетті Ұлытауда өткен “JEZKIIK” халықаралық туристік форумында жасаған баяндамасында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай аталмыш туризм саласы күні бүгінге дейін кенже дамып келе жатыр. Сондықтан, Үкімет назарында болсын, азаматтық қоғам назарында болсын, арнайы мамандар, сарапшылар, отандық туризм саласындағы кәсіпкерлер “Қазақстандық туризм” деген түсінікті аса жоғары халықаралық деңгейге дейін қысқа мерзімнің ішінде дамытып, жеткізуі керек.

     

Ұлы даланың терең тарихын топырағына сіңірген қасиетті Ұлытау өңірі жер-жаһаннан келген елшілер, ғалым-тарихшылар, тілшілер мен туризм эксперттерін және ресми қонақтарды қазаққа тән қонақжайлылықпен құшақ жая қарсы алды. Таудың баурайын бойлай көк шалғында аппақ-аппақ шатырлар мен киіз-үйлер ортағасырлардағы қазақ ордаларындай тізіліп тұрды. Ұрпақтар жалғастығының өзгермес нышаны ретінде біздің еліміздің басшысы, Президент Тоқаев ұлы бабаларымыздың ата дәстүрін жалғастырғандай “Құрылтай ордасын” тікті және Абылай ханның, Тәуке ханның үзілмес дәстүрі ретінде ол да өз ұлағатты СӨЗІН сөйледі. Сол сөздің басты тақырыптары ұлы тарих, ата-бабамыздың өнегелі өсиет-мұрасы және төл мәдени мұра арқылы қазақ мәдениетін күллі әлемге паш ету туралы жоба-жоспарларын елге ұсынды.

   

Президентіміз келесі міндеттерді алға қойды: “Көптеген шетелдік туристерді бес жұлдызды қонақүйлер, курорттар сияқты сияқты әмбебап дүниелер жалықтырды. Орларды әртүрлі халықтардың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерттеу, барған елдің тарихымен танысу қызықтырады. Сондықтан, әлемде өзіндік ерекшелігі бар жерлерге баруға, тарихи фестивальдерге және көне әрі қайта қалпына келтірілген маңызды оқиғаларға қатысуға деген сұраныс артып отыр. Біз осындай үрдістерді пайдалануымыз қажет. Қазақстанның әлемге ұсынатын бірегей орындары бар.” Сонымен қатар мемлекет басшысы туризм саласын дамытудың жаңаша инновациялық формадағы әрі төл ұлттық мазмұндағы даму жолдарын нысана-нысанаға жіктелген жүйелі, мемлекеттік және ірі бизнестік көпжылдық жоспарларының қажеттілігін меңзеді.

   

Мәселен, Санкт-Петербургте Петр I мұражай және сарай кесенесі, Мәскеуде Пушкин мұражай-үйі, Швециядағы “Vasa” деп аталаын флотқа арналған ең үлкен көне нысанасы және Ұлыбританиядағы Стендфорд на Эйвонеде орналасқан Шекспирдің мұражай өлкесі, АҚШ-тағы Джордж Вашингтонның және басқа да Америка алғашқы Президенттерінің үлкен кесене іспеттес мұражайлары (тауға салынған төрт алып мүсінін тағы есептеңіз) бар. Ал кең байтақ қазақ даласының ұлы тарих беттеріндегі көптеген тұлғалары, оқиғалары, кезеңдері, ерліктері қаншама! Әл-Фарабиден бастап Абайға дейін, Бөгенбай батырдан бастап Бұқар жырауға дейін, Асан-Қайғыдан бастап Жамбыл Жабаевқа дейінгі мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бұның барлығы тек төл мәдениеттің жақсы іргетасы ғана емес, сонымен қатар туризм саласының дамуына үлкен негіздеме болар еді. Мысалы, Шотландия кіп-кішкентай Лох-Несс көліне (The Loch-Ness Lake) бола 10 000 мыңдаған туристерді жинайды. Ал Бермуд аралдары “Бермудский треугольник” (The great Enigma of Bermuda triangle) аңызымен-ақ бүкіл туристерді жылдар бойы әлі күнге дейін ұстап тұр. Пасхи аралдарындағы 2000 жыл бұрыңғы алып мүсіндер Мысыр пирамидаларындай туристердің назарын тартуда. Ал Қазақстанның туристік даңқы әлі тым аздық етеді. Көбінесе ТМД елінің тұрғындары Алматыдағы Медеуді, Көкшетаудағы Бурабай көлін, Каспий жағасындағы Ақтау портын және Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи, Тараздағы Айша бибі мен Қарахан баба кесенесін ғана аралайды. Әрі сол туристердің жылдық орташа көрсеткіші Ыстықкөлге немесе Самарқандқа баратын туристердің санынан асып түспейді. Бұл – үлкен кемшілік!

       

Қарағанды облысындағы Жезқазған мен Ұлытауға сапарларым маған келесідей әсер етті. Әсіресе, шетелдік қонақтармен бірге Кетбұқа кемеңгер, Домбауыл, Алаша хан, Жошы бабалардың басына құран бағыштап қайтудың сәті түскеніне айрықша риза болдым. Таңғы жетіге таман жеке ұшақпен аэропорттан түсе сала Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы форумға арнайы келген барша шетелдік қонақтар мен біздерді өзі алдымыздан шығып, жылы қарсы алды. Далада жайылған кең дастарқан. Таңғы астан соң болған соң дайын тұрған, бірнеше күмістей ақ автокөліктермен бейне бір жорыққа шыққан керуендей экспедицияға жол тарттық. Байырғы қазақтың көшпенді ауылына ұқсас этноауылға келіппіз. Киіз үйде қонған күндерімді, өмірімде алғаш рет алтыбақан тепкен түндерімді, Ақтоғайдың табиғи ұлттық тағамдары, балдай қымызы, біздің киіз үйдегі қонақтарды қарсы алған Ақтоғайдың бетке ұстар азаматтарының жылы қарым-қатынастары, сыйластықтары айрықша есте қалды. Жақсы демалысқа қарамастан, осы екі күндік саяхат барысында мені толғандырған терең ойлар да көкейімде орын алып, елордаға орала салысымен өзіндік жеке толғанысымнан туған келесідей ұсыныстарыммен бөліскім келеді:

 

  1. Әр қорықтың қасында бірнеше әрі ірі, толыққанды туристік орталықтарды әлемдік стандарттарға сай етіп құру, ашу. Жарнамасын жасау. Ол үшін барлық 14 облыстың автомобиль жолдарын, теміржол торабын, авиарейстер жүйесін Грекия немесе Түркияның деңгейінде жақсылап әзірлеу керек. Бұл іс-шара әлбетте мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді қайта қарау, қайта реттеуге алып келеді. Дегенмен, Президент және Үкімет басшысы осы іспеттес жобаларды қолдайды деп сенемін.
  2. Туристермен тікелей жұмыс жасайтын мамандар тобын ауқымды көлемде оқытып, дайындап, кәсіби әзерлеу. Ол үшін тек волонтерлік ұйымдар ғана емес, туристік кәсіби жоғары институттарды салу керек және әдеттегідей ағылшын тілін бастапқы деңгейде ғана білетін әрі кетсе даяршы қызметін ғана атқара алатын персоналдан бас тарту керек, оның орнына бірнеше тілді жетік меңгерген, өз тарихы мен мәдениетін өте жоғары деңгейде білетін әрі өзіне міндет ретінде жүктелген өлкені егжей-тегжейлі білетін мамандарды көптеп әзірлеу керек. Қонақ үй және шипажай персоналынан бөлек, бұл салаға журналистерді, кинорежиссерлерді, өнер қайраткерлерін және бизнес саласының барлық өкілдерін бір арнаға жұмылдыру қажет. Яғни қонақтарды демалдыртып қана қоймай ұлттық рухани құныдылықтармен таныстырып, ұлттық өндірістік өнімдерімізді сатуымыз керек. Бұл табысты үш есе арттырады әрі әлем бойынша біздің туризмеге тиімді жарнама болар еді.
  3. Әр туристік орталықтың қасына үлкен географиялық, этнографиялық, ең озық электронды ақпараттық-техникалық қондырғалары бар өнер, ғылым және өлкетану-тарих тарихи-танымдық көрмесі, түрлі көңіл көтеретін форумдар, қазақ мәдениетінің кешегі мен бүгінгісін таныстыратын іс-шаралар, қазақ тілінің ашық сабақтары, семинарлары және ашық аспан мұражайлары керек. Ашық аспан мұражайлары тек орта ғасырларды ғана емес, еліміздегі барлық ғасырларды көретсін. XIV ғасырдан бастап XXI ғасырға дейінгі барлық тарихи кезеңдерді мультимедиялық заманауи құралдармен қамтып көрсету қажет. Сондай-ақ, сол туристік орталықтардың қасынан жазғы демалыс лагерлерін, жазғы жастар фестивальдерін, жергілікті халыққа арналған мәдени ашық аспан концерт кештерін, жеке-жеке киностудияларды, театрларды, цирктерді, геологиялық, экологиялық универститеттерді ашу, жастар әскери-патриоттық, әуесқой өнер және экологиялық жастар қоғамдық ұйымдардың жыл сайын өтетін фестивальдердің дәстүрлі орнын бекіту туризмге пайда әкелер еді.

 

Қазақстан туризмінің әлем мойындаған жасанды емес, табиғи брендке айналарлықтай бірегей болашағына сенемін!


Бөлісу:      
Риза Ысқақ
30.08.2019 16:54
Бексұлтан, көп рақмет!
Бексұлтан
29.08.2019 17:46
Керемет
Насиба Сейдоллаева
28.08.2019 00:14
Прекрасная статья! У нас и правда есть куда развиваться. Побольше бы таких статей!!!
Риза Ысқақ
28.08.2019 13:15
Рақмет!
Пікір қалдыру: