Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ТАРИХ
Қазақ идеологиясы қайда?

Блогтар

07.06.2020
6361

Қазақ идеологиясы қайда?

Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді,

ділі өшсе ұлтын жоғалтады,

діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.

 

Алыстан әуезі талып естілетін ғұн империясы, жауынгер сақтар мемлекеті, үйсіндер, түркештер, шығыс түрік қағанаты, оғыздар елі, қарлұқтар, найман мемлекеті, керей хандығы, әлі күнге рухынан ел қорқатын әлемді жаулаушы Шығысхан және оның ұрпақтары құрған алып империялар бүгін қайда? Олардан бізге не қалды?  

 

Бабаларымыздың сан ғасырлық имандылық істерін, жауынгерлік жорықтарын, аналарымыздың көз жасын, сансыз шаһиттердің қанын, абыз ақсақалдардың дұғасын Ұлы Алла Тағала қабыл етіп, тәуелсіздікті 1991 жылы қазақ баласына алмасына қоймай бере салды.

 

Өзін Құдай санаған (Алла сақтасын) Чин ШыХуаң  б.з.б 221-206 жылдарда таққа отырып Чин империясын құрды. Елді басқару оңайға соққан жоқ, біртұтас ақшаны жасады, ортақ жазуды қолданысқа берді, әскерді бірлікке келтіріп, қуатты солдаттар қосынын жасақтады, жеті мемлекет болып тұрған кездегі ескі қорғандарды бұздырып, арба жолдар жасатты, сыртқы қорғанысты күшейтіп, біртұтас қамал, қазіргі ұлы қорғанды соқтырды, осылай «мәңгілік ел құрамын!» - деп, халқын әскери күшпен қатты ұстап отырды, алайда ел іші ала тайдай бүлініп, патша елдің тәнін басқарғанмен, жанын басқара алмады, егер елде ортақ идеология болған жағдайда, нағыз алып империя құруға болатынын білді. Сол жолға жету үшін барын салды...

 

Елде ортақ идеология болмаса, ертеңгі болашақ бұлыңғыр. Ел құрушы ұлт қазақ, ондағы негізгі тетік елтаңба, ту, ата заң, Елбасы - біз сол төңіректе топтасуымыз керек. Ал Елбасы – біреу, сондықтан үлкен масштаппен түсіну бізге міндет. Елбасының шырылдап жүрген мәңгілік елі, рухани жаңғыруы, ұлы даланың жеті қыры т.б саясаттары бәрі-бәрі осы бағыттағы шаруа екені баршаға аян. Басшы болу деген мамық креслоға жайғасу, байлыққа белшеден бату емес, керісінше ел жүгін, халық аманатын, ұлт тағдырын мойнына алу деген сөз, оның ертең сұрағы болары хақ.  ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫ  барлық отандастарымыздың жақсы көруі, қорғауы парыз, әрине, қазір ел аман, жұрт тыныш, соғыс болып жатқан жоқ, неден қорғаймыз? Қайтпек керек?

 

Елді бақытқа жеткізетін идеологияны іздеу керек!!!

 

Бақыт әр адамның қызыққан ісінде. Мүғалімнің бақыты студенттің алдында, ананың бақыты баласының алдында, диқанның бақыты тамшылаған терінде. Демек ар адамның бақыты әр түрлі. Сол сияқты әр ұлттың да бақыты әр түрлі болады. Қазақ елінің бақыты мәңгілік ел болу. Мәңгілік ел деген - ұрпақтарымыздың материялдық, рухани, саяси, т.б тұрғыдан келешекте ешкімге бодан, отар, құл болмауы. Адам өзі емес, ұрпағымен мың жасайды. Бүгін біздің мүлкіміз болған заттар ертең басқанікі, біз пайдаланған заттарда да бұрын басқа біреудікі еді. Сен бір қонақ үйге барып, кетерде «Бұндағы заттар - менікі, алып кетем» - десең, қожайын: «Сенің ақылыңды ат тепкен бе? Қалай келсең, солай кет»,- деп ақырады. Тырдай жалаңаш жылап туылып, боз матаға оралып кетеміз, аузын айға білеген патшалар Перғауын,  Намрұт, Чин Шыхуаң, Шыңғысхан да солай келіп, сонша дүние-мүлкі бола тұра, қалтасы жоқ боз матамен қайтты.

 

Әйтсе, ата, әке, бала сынды осы ғасырда жасап отырған үш ұрпақтың мойнындағы ұлы міндет өз тамырын іздеу, өзін-өзі толық тану, ҚАЗАҚТАНУ болмақ. Біздің ұлттық идеологиямыз қайда? Ұлттың тамыры қайда? Өкінішке орай, қазақтар өздеріне сырт көзбен, бөтен ұлтқа қарағандай қарап, өз атасының басқан ізін жамандауға дайын тұрады. Әрине, ескі заманға қайту, соларша өмір сүру деген сөз емес, ата-бабаларымыздың өмір сүрудегі асыл рухын ала білу, олар соншама алапат соғыстар мен жаулаушылар заманында өздерін жоғалтпай қалай аман сақтады, осыншама ұлан-байтақ мекенді бізге қалай қалдырды?! Біз ертеңге не қалтырамыз?!...

 

Бабаларымыз сол мәңгілік рухты қайдан алды? Қазақ идеологиясы дегенде көп адамдар ұлттың салт-дәстүрін көз алдына келтіреді. Салт-дәстүр ел басқарудағы моральдық заң. Ұлттың ділі - онсыз ұлт болмайды. Десе де, ол ұлттық идеология рөлін атқара алмайды.

 

Біздің жыл санауымыздан бұрынғы VII-VI ғасырда Авеста кітабында  Тұран елі туралы жазылды. Тұран патшасын Афрасиаб (қорқыныш тудыратын тұлға) деп аталды. Сол кездегі сақтар қызыл бастар елін жиырма жылдан артық жаулап отырды. Ежелгі сақ қорғандары, алтын адам сол заманнан бізге сыр шертеді.

         

Ежелгі адамдар өздерін қоршаған құпия әлемді өз өресі жеткен деңгейде түсініп, қабылдауға тырысты. Бұл көптеген сенім мен нанымдардың пайда болуына себеп болды. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейін жеткен деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін білеміз.

 

Дәстүрлі нанымдардың негізгі түрлеріне: Aнимизм(тaбиғaттағы жанды-жансыздың рухы бар деп қарау және оған бас ию). Фетишизм («ерекше қaсиетті зaт» сенімі және олардың мaгиялық қуaтынa негізделген. Пұтқa тaбыну, бойтұмaр тaғыну). Тотемизм, ата-баба аруағына табыну, шаманизм,  көкке және жерге табыну.

 

Біздің алғашқы нанымдарымыз тотемизмге негізделді, әр тайпаның өз тотемі болды. Қазақтардың әлі күнге көк бөріні пір тұтуы, аққуды атпауы - осы мифтік жануарлардың күші мен қамқорлығына деген сенімі.

 

Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын жан тұрағы деп қарастыру - оларды құдіреттендіруге жол ашты. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың ара жігін ажыратты және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырды. Әлемдік діндердің бастау тегіне Көкке табынудың (Тәңірге сену) өзекті қағидалары оларға арқау болған. Көкке табыну - уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірге, аруаққа табыну болды. Ол кездің әдебиетінде басты тақырып  елдік, ерлік, салт-дәстүр, жоқтау болды.

      

Бұл үрдіс пайғамбарымыз(Илаһи билік 23 жыл) және оның төрт халифатының (Ижма 622-651) 29 жылдан соң, 661-750 жылдарда Уммия билігі үстемдік етті, 751 жылы Қарлұқтар кезінде Тараздағы Атлақ шайқасынан кейін Аббасилер билікке келуді. Содан бастап Тұран елі ислам дінін өз еріктерімен қабылдай бастады. VIII-IX ғғ Орта Азияда араб тілі мен мәдениетінің үстемдігі айқын сезілді. Әл-Фараби тағы басқа көптеген оқымыстылар осы кезде шықты. Бабамыз Әл-Фараби философия, логика, этика, метафизика, филология, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан  “Кемеңгерлік меруерті”, “Қайырымды (ақылды) қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” “Медицина каноны” тағы басқа 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Ол көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Оның еңбектері Еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етіп, әлемнің екінші ұстазы атанды. Ойшыл философия ғылымының мақсаты — Жаратқан иені тану. Ол Өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз Зат. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-Тағаланы деді. Барлық ғалымдар Алланың ғылымын зерттеп, Соған жақындайды. Әл-Фараби  «Қайырымды қала» атты еңбегінде: Адам баласы тарихтың қайнаған дәуірінен қанша алыстағанымен ол діннен, жаратылыс ақиқаты туралы ұғымнан алыстамайды. Дін адамзат баласының әлемінде, дұрыс өмір сүрудің жолы Жаратылыс иесінің адамзатқа салып берген тура жолы дейді. Ғылым мен философия адамы болу үшін жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі керек деп атап көрсетті. Қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан. Адам қанша атақты болсын, данышпан, кемеңгер, батыр, сәуегей болсын, барлық адамзатты өзіне қарата берсін ол адам дүниені өзгерте алмайды, табиғатты қайта жасай алмайды, кәрілікті жеңе алмайды. Зиялы адам имандылығы, қабілеті, тәрбиесі, адамгершілік қасиеттері арқылы адамзатқа, ұлтына, діні мен діліне дұрыс қызмет етіп, ұрпаққа ізгілігі мол істерін қалдыра білсе адамзаттық кеңістіктегі тұлғалыққа қол жеткізбек. Ойшыл «камили инсани» аңсайды.

 

X-ғасырда орта азияда парсы тілі мен мәдениетінің үстемдігі байқалды, Зафарнама сол кезде жазылды. Х-ғасырдың соңғы жартысынан бастап Қараханиттер дәуірі басталды, Сатұқ Боғра хан өз тегін іздеді, өздерін біз ежелгі Тұрандықтардың ұрпағымыз деп үш жүз жылға жалғасқан өз еліндегі мәдени, тілдік үнсіздік ғасырын бұзды. Ислам дінін ел идеологиясы етіп, түрік текті мұсыманбыз деп жар салды. Осыдан соң XІ-ғасырда түрік тілі мен мәдениеті өз териториясында салтанат құрды.

                                                        

 

***

 

 

Ұстазы Арыстан бабтың соңғы деміндегі өсиетімен Йассауи Бұхараға барып, қожа Жүсіп Хамадани хазіретінің  қызыметінде болып, мүршидтік кемел мәртебеге жетеді. Жүсіп Хамаданидің екінші халпесі қожа Хасан Андаки 1157-жылы  рамазан айының 26-жұлдызында дүние салған соң қожа Ахмет Йассауи атамыз пір болып Бұхара халқына дағуат жасап жүргенде, Илаһи аянмен туған өңірінің діні басқа отаршыл халықтардың қол астында қалатынын біліп, пірлікті қожа Абдулхалық Ғыждуани хазіретіне беріп, барша шәкірттерінің оған қол беруін өсиет етіп, Түркістанға өз халқын құтқаруға келеді.

 

Түркістан халқында ежелгі оғыздардан сақталған 24 тотемдік символ болды, олар көк бөрі, бүркіт, ителгі, қыран, сұңқар, тазы, қаршыға, үкі, қарылғаш, аю, ай, күн, жұлдыз, тұмар, от деп жалғаса беретін. Ежелгі дүниетанымда біздің ата-бабамыз қасқырдан тарайды, не қасқыр емізеді, әйтеу, ит тұқымдас етіп көрсетеді. Міне, бұл Йассауиден бұрынғы бүкіл түрік халықтарына ортақ шежіре. Бүгіні адамтану ғылымында біздің ата-тегіміз қасқырдан тарайды деп айтуға бола ма, Дарвинизмнің адам маймылдан жаралды дегеніндей күлкілі нәрсе емес пе.  Адамды тәрбиелейтін Пайғамбарлар тізбегі тоқтаған соң, ұстаздық қызметті әулие-ғұламаларға берілді.

 

Йассауи түркі халықтарының дүниетанымының көкжиегін кеңейтті, көне түркілік дүниетанымды ислам қағидалырымен байытты, жаңа өркениет қалыптастырды. Пайғамбарымыздан бұрын құрып-бітуге шақ қалған Араб түбегі Құранмен сусындап, қырық құрау болған арабтардың басы бірігіп, мәңгілік Илаһи ілімнің нұрына шомылды. Құран түспесе, Пайғамбарымыз сол жерде тумаса Мекке мен Мәдинаға миллиондаған адам барар ма еді. Уотт Монтгомери «Исламның орта ғасырлық Еуропаға ықпалы» атты еңбегінде: Пайғамбар мисуагі әлемге тіс жауатын щетканы сыйлады. Сүннет көйлегі пижмаға айналды, ғұсыл тазалықты, дәрет төсекке аяқты жуып жатуды үйретті, жұмаға дайындалып сақал мұрт, шаш тырнақты алу жеке гигиена мен мәдениетті үйретті. Бұрынғы төсекке де жүн шекпендерімен құлай беретін жаман әдеттерінен айырылып төрт мезгілге қарай киім киетін болды, биттен құтылды, тамақты фарфор ыдыспен ішетін болды, кептірілген балық жейтін Еуропалықтар жеңіл сорпа, қою тамақ, тәтті тағам жеуді әдетке айналдырды,  Араб цифыры, компас, қағаз жасайтын дирмендер Еуропаға келді, солай жаппай сауаттанды.  Зайтүн,  інжір, банан, жүзім, құрма, шие жемістері келді,  егінді үнемдеп суғару үшін шағын арықтыр қазды, Гиттар алғаш Испанияда Кодрова халифатында пайда болды. Сәулет өнері дамыды, медицинаға жаңа серпін берді, солай Ибн Сина атымен аталды. Дәл солай мәңгілік ілім көне түркілік мәдениетке де өз сәулесін шашты. Қоғамды жаңартты, Йассауи түркінің ежелгі өмір сүру заңдылықтарының шариғатқа қайшы емес жақтарын сол бойынша қалдырды, қайшыларын назиралық жолмен ақырын жаңғыртып, синтез жасай білді.

 

Йассауи атамыз қазақ ұлтына ұлттық идеология жасады, жыр-дастандардағы тотемдік ұғымдарды илаһи ілімге сай етіп назиралық жолмен жаңғыртты. Тәңірді-Аллаға. Көкбөріні- Адам атаға. Періні- періштеге. Киесі бар адамды- Әулиеге. Құт қонған дуалы ауыз адамды- Пірге ауыстырды т.б, солай қазақты келешек ұлт ретінде дайындады, ру басына қожаларды қойып, дәстүрлі діни сана қалптастырды, дін ғибадат қана емес, әуелде әдеп-ақлақ, иба-ізет, ар-ұят, білім-өнеге, адамгершілік, мейірімділік деп үйретті. АН­ФАЛ сү­ресінің 29-aятындa: «Ей, мү­мін­дер! Аллaдaн қор­қыңдaр, Оғaн құл­шы­лық жaсaңдaр, тaқуa бо­лыңдaр, сондa Аллa сен­дер­ге ерек­ше қaбі­лет бе­ріп, жaқсы мен жaмaнды, aқиқaт пен жaлғaнды aйырaтын қүш бе­ре­ді. Кү­нәлaрыңды ке­ші­ре­ді, сен­дер­ді жaрылқaйды. Аллa қaмқор­шы, aсқaн жомaрт». Міне осылай Құранда көп жерде мадақталатын шын тақуалықты халық жанына әдемі сіңірді. «Бір шәугім шай бөліспеген еншіміз» деп танымайтын бір бейуана Алтайдан Атырауға дейінгі алып аумақта көк тиінсіз кет беретін болды. Ол қазаққа иманның алты шартын терең сіңіріп, шариғатқа берік үлкенді силап, кішіні аялайтын, намысты, елінде жетімі, жесірі, қайыршысы жоқ ұлтқа айналдырды. Ел иманын парыз, ужіп, сүннет, мүстәхап, мәндүп, нәпіл амалдарымен қорғатты. Адамдардың өмір сүру салты сүннетке лайық болды, солай тариқатты ұстанған озық ұлт деңгейіне көтерді. Әйелдің пірі күйеуі деп, от басында отағасы өте беделі болды, күйеуі қайтыс болған әйелдің пірі кем болды деп «кемпір» термині қалыптасты. Ауыл ақсақалдары соттың рөлін атқарды, билер жоғары сот болды. Солай қоғам тәртібі күшті болды, Йассауи ислам ілімін қазақтың мақал-мәтеліне орап елге ұсынды, өлең-жырдың бәрі имандылыққа шақыратын тұнық жырға айналды, қазақтың рухани сұранысына тамша азық бере білді. Сансыз шәкірт оқыты, соның арасынан көптеген әулие шығып, халықты кереметімен тура жолға салды. Бүгінде кез келген қазақ «атам молда болған»,- деп мақтанышпен айтады, себебі барлық қазақ дінді мықты ұстанған, «Иа-сиин» сүресін білмейтін қазақ кемде кем болған ол кезде. Соның кшімен бізді жаулаған моңғолдар, т.б  өздері бізге жауланып, сіңіп кетті. Орыстың ағы мен қызылы болып үш жыз жыл қазақты отарлап, ойына келгенді істегенде де бізді жоғалта алмады, қытайдың қайыс ноқтасы қанша қатайсада қазақ жоғалмайды. Қазақтың өмір сүруі басқалар үшін қылмыс болған сол заманнан Йассауи ілімінің рухымызға сіңуінен аман қалдық Әллһамдүлла. Алайда тәуелсіздік алған 28 жылдан бері қазақтар өзін таба алмай адасты, сан мәдениет пен сан тарихтың ішінен өзін іздеп жүр.

 

Йассауи ілімі қазақ мәдениетінде, дүниетанымында, менталитетінде, әдебиетінде (өлең-жырларында), мақал-мәтелдерінде, салт-дәстүрінде күні бүгінге дейін айқын көрініп тұр. Йассауи ілімі болмаса қазақты көз алдыға елестеу мүлде мүкін емес. Йассауидің қазақ жыраулар поэзиясын қалптасыруда сіңірген еңбегі өз алдына. Жыраулар пірлерінің «Хәл» ілімін меңгеріп, дуалы ауызға айналып, ел-жұртқа, хандарға жырмен кеңес берген. Жыр тыңдағанда арқасы қозбайтын, рухтанбайтын қазақ жоқ, қазақтың бойындағы Алла жақсы көретін көп қасиет ақкөңіл, адал, арлы, намысты, ұятты, батыр т.т.  осы жырдың рухына сіңгені болмақ, Алып далада диялект жоқ, ұлттың өзегін шірітпей ұстаған бір күш осында жасырынған. Сондықтан да жыраулардың еңбегі өлшеусіз. Күні бүгінге дейін халықтың тілі һәм көзі болып келе жатқан айтыс соның заңды жалғасы. Қазақты аттан түсіріп, жырын өртеген орыстар көп нәрсені бізден жақсы білген. Йассауи ілімі қазақ ұлтының бас идеологиясы болғаны айдан анық. Абылай хан бастаған қазақтың хан-сұлтан, игі жақсылары алыс аумақта өмір сүрседе, соңғы демінде өзін «Йассауидің жанына апарып жерле»,- деп өсиет етуін терең ойлансақ біраз дүниенің басы ашылары хақ. Біз қанша Йассауиден алыстасақ сонша қазақ ұлтымыздан алыстаймыз. Әрине, жалған, білімсіз, надан сопылық басқа, (буддис, христиан сопылары тауда өмір сүрді, тәркі дүние, үйленбейді). Құранда еш жерде сопы термині кездеспейді, керісінше Арaб бол, бaсқа бол, ақ бол, қaрa  бол Алла алдында ең қaдір­лі­ле­рің – тaқуaлaрың.деп қайта-қайта мадақтап отырады. Біз дінсіз ғалымдардың көзімен тақуа мен сопыны шатастырдық. Йассауи атамыз нағыз тақуа, 63 жасында жер астында ғұмыр кешуі  Пайғамбарымызға деген әдбінен және Илаһи аян (анығын Алла біледі).

 

ХХ-ғасырдың басында ұлттық рух(жан)ын Алаш көсемі Әлихан Бөкейханың бойынан және оның жанындағы тау тұлғалардан көрінді, ол «әр қазақ қызының бас жасауына Абайдың өлеңдер жинағын беретін болсын»,- деп өздері бастырған кітапты елге көптеп таратқан екен. Демек, бұдан Алаш арыстары ұлт ақылманы Абай Құнабайұлын өздеріне рухани ұстаз тұтқанын аңғарамыз. Абай өз ұлтының тамырын дәл басып, барлық кеселін айтып, одан арылудың да жолын көрсеткен. Мағжан атамыз «қазаққа ақылдан да, ақыннан да Абайдан асатын ешкім жоқ, одан кейін қолға қалам алудың өзі ұят»,- деп толқыған екен. Абай Құранды тікелей оқып нәр алған, Йассауи ілімін қазақ жыраулары негізінде  терең меңгерген, шығыс шайрлары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхалилерді өз тілдерінде бойына сіңірген және өркениеттер ағысын орыс көзімен оқыды да бұның бәрін Абай өз хәлібінің сүзгісінен өткізіп синтездеп, туған еліне өлмес шығарма етіп ұсынды. Қазақтың бас ақыны, қазақ көсем сөзшісі «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»деп елді бірлікке шақырып, үлкен болашаққа бастаса, «Құдай бір Құран шын, Құдайдың Өзі де рас, Сөзі де рас» деп өзіңді жаратқан Алланы тануға үндеді, айналаңа бір сәт ой көзімен қарай алсаң , Құдірет иесін танисың. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түссе сәулесі, іштегі кірі қашырса, адамның хикмет кеудесі»деп адамның ақыл көзі емес, жүрек көзі ашылғанда Жаратушының нұры түседі, бар күнадан пәктенеді, сол кезде адам нағыз адамға айналады деп өзінің «толық адам» болу идеясын ортаға салады. «Патша Құдай сиындым, тура баста Өзіңе» деп бір Алладан медет сұрайды, бар ісін Соған тапсырады. Абай «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп өкінді, ағасы Құдайберді ауыру төсегінде жатып інісі Абайға аманаттаған баласы Шәкәрымді өз тәрбиесіне алып, өзі шықпаған биікке жеткізеді. Шәкәрім қажы қазақ өркениетінде өз алдына бір әлем,  нағыз Алаш көсемдерінің бірі осы Құдайбердіұлы болды. Алаштықтардың молдасы Омар Қараш «Өрнек»  атты кітап жазды. Қазақ идеологиясы Қожа Ахмет  Йассауиден бастау алады, оның аржағы сүйікті Пайғамбарымызға барып тіреледі. Ұлы Алла Құран арқылы Пайғамбарымызға тура жол көрсетті.  Әманда, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!!! Қазақ мәңгілік ұлт!!!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: