Блогтар
Қазақ қызы
Қазақ қызы , қазақтықтың қалпын сақтап қалғайсың ,
Кеше өткен ата -баба, салт-дәстүрін жалғайсың .
Қолаң шашың ,қиғаш қасың, ұзын етек көйлегің ,
Көрінеді сонда сенің нағыз қазақ екенің .
Еліктемей еркін жүрші , елігіндей еркенің ,
Жараспайтын жат қылықты жаныңа жақын етпегін.
Тәрбиелік тәліміңмен баурап алсаң сен елді ,
Нағыз қазақ қызы сендей болсын, сендей болсын дер еді .
Заман қанша өзгерседе, сен ешқашан өзгерме ,
Жасандылық толып жатыр, мына жалған әлемде.
Тек сен ғана мен үшін ең шынайы,
Саған ғана бар сырымды айта аламын ұдайы .
Дүниеге келген адам, бірден жаман болмайды ,
Оны өзгерткен мына өмір адамдардың жағдайы .
Бәрі жақсы болса егер, жаман қайдан тулайды,
Мүмкін кінә әрбір жанның, өзінде жиі шулайды .
Сол себепті тәрбиеңді, тал бесіктен басташы ,
Атақ-даңққа құмарлықты осы жерден тасташы .
Бұның бәрі тек бір күндік атақ- даңқ,
Өлсең егер, ешкім сені, еске алмас-ау мадақтап !