Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақтың салт-дәстүрлері ұлттық құндылық» атты иллюстративті-кітап көрмесі ашылды

Блогтар

15.03.2021
6426

«Қазақтың салт-дәстүрлері ұлттық құндылық» атты иллюстративті-кітап көрмесі ашылды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 22 Наурыз - Ұлыстың Ұлы күніне орай «Қазақтың салт-дәстүрлері ұлттық құндылық» атты иллюстративті-кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің негізгі мақсаты -  «Наурыз» мерекесінің шығу тарихы, қазақ даласындағы орнын оқырмандарға таныстыру.

 

Көрме  негізгі екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім - «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні», екінші бөлім -  «Ата-баба дәстүрі – ұрпаққа өнеге» деп аталады. Бірінші бөлімде Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды. Ал, екінші бөлімде ата-бабамыздың түсінігіндегі «Жаңа жыл», қазақ жерінде ұлыстың ұлы күнін тойлаудағы ұрпақтар сабақтастығының маңызын дәріптейтін «Жеті қазына», «Қазақтың бата-тілек өсиеттері», «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Жаңа дәстүр жаңа салт», «Салт-дәстүр сөйлейді» сынды кітаптар ұсынылған.

 

Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнерін көпшілік қауымға насихаттайды. Әз Наурыздың маңызын кітаптар, мерзімді басылымдардағы мол мағлұматтар арқылы жеткізу - өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әрбір адам үшін таптырмас  мүмкіндік.

 

Іс-шараға белгілі жазушы Жәди Шәкенұлы, Ақын, ғалым, аудармашы, публицист Бақытжан Тобаяқов және оқырмандар мен кітапханашылар қатысты. Көрме Наурыз айының аяғына дейін созылмақ.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: