Блогтар
ҚОҒАМДАҒЫ ЕҢ ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМ
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық және құқықтық зерттеулер институтының жетекші зерттеушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Есет Жемісбекұлы Есенғараевтың «Общество, институты и социальная наука» атты монографиясының тұсаукесері болып өтті.
Тұсаукесердің алғы сөзін п.ғ.д, профессор, ҚР Ұлттық академмиялық кітапхана директоры Ү.Д. Мұналбаева құттықтау сөзімен бастап, автордың жазған еңбегінің қоғамға қажет екндігін алға тартты. Жастарды көтере отырып, ел болашағының алға адмдайтындығын және оларға үлкендер тарапынан қашанда бағыт-бағдардың қажеттігіне жіті тоқталды. Алдағы уақыттарда автордың келісімімен оқырмандар «Казнеб» электрондық кітапханасы арқылы да танысып біле алатындықтарын ескертті.
Монография әлеуметтiк жүйелердiң типологиясы мен институционалдық құрылымдардың өзгеруiне және әлеуметтiк жүйенiң талдауы мен олардың өзгеру мәселелеріне арналған. Автор әлеуметтiк жүйелердi жаңғырту үшiн әлеуметтiк-мәдениеттiң маңыздылығын атап көрсетедi. Сондай-ақ, адам баласы жаңа әлеуметтік-мәдени білімдер мен тәжірибелерді қалыптастыра алатын болса, қоғамды жаңғыртып олардың дәстүрлерінің негіздерімен сабақтастығын сақтай отырып, табысты болуы мүмкін деген ұстанымды айқындайды. Аталған ұстаным мен көзқарастар қазақстандықтардың қоғамдық санасын және құндылықтарын өзгерту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі идеяларын растау болып табылады.
Сонымен қатар қоғамдық институттардың жоспарларының негізді және әлеуметтік саланы дамытудағы рөлі ашық айқындалып, келген қонақтарға нақтылы түсіндірілді. Айта кетерлігі кітап саласындағы оның ішінде көркем әдебиеттің қоғам дамуындағы маңыздылығы тамаша суреттеліп, әрбір этаппен бөлу арқылы оқырманға ұғынықты жазылған.
Тұсаукесерде оқырмандар мен келген қонақтар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, қызығушылық танытқан сұрақтарға тұшымды жауаптар болды. Өзекті деп танылған мәселелердің түйткілін шешер кітап қалың оқырманға жол тарты.
Іс-шараға ғалымдар, оқытушылар, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен белгілі журналистер қатысты.