Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

13.07.2017
8475

ҚҰДА КЕЛДІ!!!

ҚҰДА КЕЛДІ!!!

(ӘЗІЛ ӘҢГІМЕ)

 

Балғаштың үйіне жеткені сол еді, соңынан ағасы Секеннің әйелі қақпаға кептелісіп, ілесе кірді. Алқым-жұлқым болып, шашы дудырап кеткен.

  • Ойбай, құда келді! Жалғыз қызды әкетіпті! Ағаң талып жатыр!..
  • Қайдағы құда?! Қызың кеше ғана оқуына кеткен жоқ па?
  • Кетсе кеткен шығар... Жеткізбей жолдан қақшыған ғой... Енді қайттық?
  • Құдай қайткеннен сақтасын! Өз қызыма сайлап отырған тойдың жайы

бар, ағаның қызы менің қызым емес пе! Абысыныңа жолық, ал мен қойды сүйреп өзім жетем.

Аяққа жығылуға келген төрт-бес адамды астарына мамық салып, төрге шығарып, алдарына ақсарбас әкеліп бата алып дегендей, ырым-сырымды ағылтып жатыр. Бір қарағанда жақсы адамдар секілді көрінді. Әйтеу, барған жерінде бала жыламай жүрсе болды емес пе... Екі жас бақытты босынға жетіп, ащы-тұщыдан алысып отыр. Сөз реті балаларға тірелгенде: - Біздің Гүлжан кеше ғана кетіп еді, қаперінде ештеңе жоқ сияқты болатын. Құда келеді десе адам баласымыз ғой, бағын байлап неміз бар... – деп жеңгеміз көңілі босап, көз жасын сығымдап алды. Құдалардың бірі аузы аңқая:

  • Біздің келіннің аты Нәзима. Түскеніне бір айдан асты, артынып-

тартынып жеткеніміз осы еді... – деп төңірегіне адырая қарады. Аспан қақ айырылып жерге түскендей болып кетті. Тек, күркірегені ғана жоқ.

«Құдалар» осы ауыл екенін біледі. Құдаларының аты Секен екенін де біледі. Ауылға кіре берісте сексеннен асқан Селдірбек деген қария тұратын-ды. Бұлардың «бағына» сол кездесе кетеді. – Әссәләуикүм, ата! Секен деген кісіні танысаңыз үйін сілтеп жіберсеңіз. – деп өтініш білдіреді.

  • Ө­й, балаларым- ау, ол маған пірблем емес, есігінен кіргізіп тастайын

ала кетсеңдер, жолым солай түсіп тұр еді – дейді. Қария «құдаларды» өзіне ыңғайлы жақтағы Секеннің үйіне жеткізіп, жөнімен кете барады. Ал ауылдың екінші басындағы құда тосқан екінші Секен зарығып, кешті бекер батырып жатқан еді...   


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: