Қысқасы, ұнайсың
Маған сені сағыну ұнайды,
Жүректің әрбір дүрсіліменен,
Және сені қызғану ұнайды,
Отырып іштей күрсінгеніммен.
Маған сені ұнату да ұнайды,
Жанымның ашып сарайын,
Сені өзіме қарату да ұнайды,
Үздіксіз, үзіліп қараймын.
Сенің мені іздегенің ұнайды,
Сырыңды айтуға асығып,
Үмітіңді үзбегенің ұнайды,
Сезімің күн санап ашылып.
Көңіліме қарағаның ұнайды,
Жаралап алмауға тырысып,
Бақытқа балағаның ұнайды,
Кей-кезде алсаң да ұрысып.
Сүймеуге дәт бар ма, бұлай шын?
Қысқасы, ұнайсың…
