Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
«Қыздар! Құрсақтарыңызды лайламаңыздар!»

Блогтар

03.11.2017
6108

«Қыздар! Құрсақтарыңызды лайламаңыздар!»

«Қыздар! Құрсақтарыңызды лайламаңыздар!»

         «Жақсы сөз жан жадыратады». Әр жанның жүректен шыққан ыстық лебізі, шынайы ықыласы қай пендені болмасын, тебірентпей қоймайтыны айдан анық. 
   Алматы қаласына жұмыс сапарымен барғанымда М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың белді актрисасы, халықтың сүйікті қызы - Күнсұлу Тұрғынбекқызы Шаяхметовамен жүздескен болатынмын. Аз - ақ уақыттың ішінде Күнсұлудай асыл әпкеміздің тұщымды әңгімесі әлі де құлағымнан кетер емес. Ол кісінің мына жазбасын оқи бергін келеді, оқи бергін ... 

 -Айналайын, Алаш елінің құрықтылары мен қылықтылары!
Айтары бар апамыз ғой деп танысаңыздар мені (жанымда болсаңыз жүрегімнің дүрсілін тыңдатар ем) айтарым бар!!!
Қазақ деген керім халықтың ұрпағасыңдар! Болашақ өздеріңнің қолында! Ертеңгі күннің есе тізгіні өз қолдарыңда болмақ! Ата дәстүрден ада, рухани байлықтың құлдырап, жүгенсіз кетіп бара жатқан мына кер заманда ақыл айтуды біреулер кейде ақымақтыққа балап жатады ... Әрине ол Адасқандар! Асылында тіпті ақымақ танысаңыздар да мен үшін әр Қазақ - Жалғызым!!!
Айтарым: Иман жолында болыңыздар!!! Әкенің қаны , Ананың сүтімен, күйдің күмбірімен, жусанның иісімен, саумал иісті самалдың лебімен даритын Қазақ дейтін ұлы халықтың бойына тән барша асыл қасиетке ие болыңыздар!
Ата-ананың разылығын алыңыз - Алланың разылығын алғанмен тең боласыз!
Өтірік айтпаңыз! Ащы да болса шындық ләззім! Адал болыңыз!!! Арыңызбен жеке сот залында кездесіп тұрыңыз! Қыздар! Құрсақтарыңызды лайламаңыздар! Ел еңсесін көтерер ақылды, данышпан, білімді, саналы ұрпақтың дүниеге келуі - Сізге байланысты! Ондай ұрпақ тек қана текті, адал, иман жолындағы алтын құрсақты анадан ғана келер батырлар!
Батырларым, бауырларым мен сіздерді шексіз сүйемін! Асылында солай! Сеніңіз!!!
                                                             Құрметпен: Күнсұлу Тұрғынбекқызы

          

P.S. - Қыздар! Расында да күндей көрікті ажарымен, ішкі жан дүниесінің мөп - мөлдір айнадай жарқыраған тұнықтылығымен баршамызға үлгі Күнсұлудай әпкеміз КЕРЕМЕТ жан ғой, иә? 
Мен үшін Күнсұлу әпке - Баянсұлу, Қыз Жібек, Гүлбаршын, Ақжүністей қазақтың әсем де қайсар қыздарының жалғасы!

 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: