Блогтар
Сағынасың достарды
Сағынасың достарды бала күнгі
Ақжайлауды, аңсайсың қара түнді.
Жатушы еді бұйығып қыр-белестер
Сүтке тойған момақан бала сынды.
Жаз өтетін өзенде, жағалауда
Баратынбыз тоғайды аралауға.
Қарақаты, мойылы, бүлдіргені
Тере барған жетуші ед бар адамға.
Тегін берген табиғат сыйын теріп
Балалықтың ойнадық күйіне еріп.
Бақытты екен сол бір шақ, бақытты екен
Үйден шықпай отырмын бүгін нағып.
Ақшатауда, шіркін- ай сол ауылға
Сол тоғайға тағы да барамын ба?!
Бір күндері барамын, бір жылдары
Ажал шіркін алмаса қарауылға.
Сәлем, сәлем жандарға мені білген
Жақсы көрсе айналам сенімінен.
Жаман десе, жек көрсе өзі білсін
Бола берсін өзінің өмірімен.
Мен оларға айтпаймын жек көрем деп
Өз-өзімді қинаймын, тексерем көп.
Әйтеуір мына қалған өмірімді
Өзімше өткерем тек.
16.05.2017