Сағыныш
Сағындырды...
Жұмсақ сенің қоңыржай топырағың,
Аунағанда шабыттым шабынатын.
Есіңде ме кешегі қара бала,
Жусаныңды жамылатын.
Сағындырды...
Бала күнім жалаң аяқ балпаңдаған,
Қызығына бөлеген шалқар далам.
Тікеніңмен тамырлас болғаныма ,
Бақыттымын Батпаққарам.
Сағындырды...
Нөсерлетіп жауатын жауындарың,
Мейірімге бөлейтін ауыл қамын.
Тебірентер даламды үдей соққан,
Шырғалаң-ай дауылдарың.
Жазғытұрым...
Жайқалып-ай керілер қырат белің,
Самалымен еркелер шулап желің .
Құмсағызы тәп-тәтті Батпаққара,
Айналайын жұмақ жерім.
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.
