Блогтар
Сары қазақ
(Әңгіме)
Тау баурайы, таза ауа, самырсын қарағай мен долананың исі мұрын жарады. Әдемі сәмбі талдардың арасындағы бес қабатты ғимарттың қылтимасында қалың тұман ойдың ішінде қылтип Сары қазақ тұр. Сары қазақ Әйелі мен екі қызын қытайға қалдырып, Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық унверситетіне қырыққа таяған жасында магистратура оқуға келді.
Төменге көз салды, Ханжүйжаң( қытайдағы Хан текті өз бастығы)ды көрді, есі шыға балконнан құлапкете жаздады. Қалпалақтап өзін зорға ұстады. Жүрегі дүрсілдеп соғып кетті, кайта қарауға батылы бармады. «Ей, сары қазақ өз отаныңда тұрсың» дейді ішінен бір дауыс. Қалшылдап тұраған тәнін зорға сүйреп қылтимаға таяды. Ешкім жоқ, мұрнының ұшындағы қызылы тарап, рухы денесіне кіріп, өзін зорға тапты.
***
Сары қазақ- оның студент болған алғашқы күндердегі лақап аты.
Қалаға студент болып жаңа келген ол өзін қоярға жер таппай, құбылмалы қоңыр көзілдірік киіп, унверситет қақпасының алдында паңдана жан-жағына қарап тұр, абыр- сабыр сапырылысқан адам. Қақпаның екі қапталы асхана, ұсақ дүкендер. Аңқыған кәуәп исі алысқа кетеді. Орталарына құмырасын тіктеген біреулер айнала қоқиып отыр. Құшырлана темекі сорып түтінін аспанға үрлеп, елеурей тіл қатысады. Жаңа піскен тандыр нанның жағымды исі еріксіз сілекей шұбыртады. Күн ана көлбей түскен сәулесін жинай«шіренбе бала»дегендей ұясына батып барады. Сары қазақ қала содыры Қаруынның көзіне түсті. Жаңакелгендерді соққыға жығып, ақшасын алып кете беретін дүңген жігіті оған жақындады. Көзілдірігін жұлып алды. Сары қазақтың асау да жабайы отты жанары жарық етті. Қаруын қойнындағы жалтылдаған чайдауын жұлып алды, жасынан үй артындағы биік жотаға күніне бұзу қуып бірнеше шығып түсіп, жардан жарға өр қояндай секіріп өскен ауыл баласы көз ілестірмес жылдамдықпенбілектен теуіп суық қаруын ұшырып, жанындағы екі жігітімен қосып сұлатыпсалады. Билетсіз кино көргендер «сары қазақ, сары қазақ» деп таңдай қағып, шапалақ шалып жіберді. Сол күннен бастап шын атын ұмытып, сары қазақ атанды. Ол «сары қазақ» деген атын сондай мақтаныш сезінді.Тегінде қазақтар сары нәсілді болыпты, кейін моңғол, жоңғар шапқыншылығынан кейін қоңыр, қара болып, жақ сүйегі қысқарыпты.
***
Сары қазақ сегізінші сыныпқа дейін бестік баға алып пед колиджіге оқуға түсті. Ол алысқа секіру, қысқа аралықта жүгіру, бір орында тұрып қарғу пәндерінде алдына жан салмады. Оқуын бітіріп бір неше жыл мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ берді. Замана талабына қарай арнаулы курсты саясаттану мамандығы бойынша сырттай үш жыл оқыды. Капитал томындағы «қосымша құн сығу- біреудің ақысын жеу» екенін бағамдады. Ауыр бейнеттегі қара жұмысшының табан ет, маңдай терін толық төлемей, содан тапқанды«пайда, даму» деп жүргендерден жиркенді. Толық курсты жұмыстан қол үзіп Үрімжіге барып үлкен унверситеттен әдебиет мамандығын тамамдады. Адам жанына үңілді. «Абай жолын» оқып шықанша қызықты, бірақ тез суынды. Сары қаза алғаш рет қазақты жек көрді. Өз дініне салқын қарады...
Жаңадан келген аудан әкімі бағына жарай Үрімжідегі ағасының досы болып, аудандық білім басқармасына инспектрлікке тез ауысты.
Күн жамау бұлттың арасынан сығалай көтіріліп келеді. Ту шығару, «келдім жұмысқа» деп қол қою, қар күреу, саяси сауат ашу, т.б азанғы харбаластық енді басылып қолы босағандар қыдырғыштап кететін өліара шақ. Қол астындағыларды тексеріп қысық көз, тайқы маңдай Хан жүйжаң мысық табандап келді. Тетір қарап музика тыңдап, ғаламторды шарлап отырған Сары қазақтың құлағындағы наушникті алып тыңдап көрді. Паузаға тура келіп үнсіз тұрған еді. Апта сайын аузын көпіршіте ашатын жиында қазанға құрғақ қуратын темаға кірмей аман қалды.
Аулыға қызмет тексеріп барды. Қазақ тілінде өтілетін жалғыз «ана тілді таңдау пәні ретінде оқығысы келгендер оқиды» деп ата-аналардың өз еріктеріне қалдырыпты. «Өзіміз саяси лагерге барып қытайша үйреніп кетеміз бе» деп қорыққан халықтың ешқайсысы өз туған тілін таңдауға батылы жетпей, боркемік күй кешіпті. Бүгінде барлық сабақ қытайша. Қазақ инспкетрі Сары қазаққа тыңдайтын сабақ жоқ. Кетер шақ. Қол бұлғап қазақ мұғалімдер жалғыз құтқарушысы сияқты ауданнан келген жалғыз қазақ инспектрге ыржия қарайды.Олда өтірік күледі. Жұмысқа барады, келеді, құры жүріп айлық алады. Бары да жоғы да белгісіз. Бұған шыдамаған Сары қазақ ұйқысыздық ауыруға шалдықты. Таң атқанша көзі бақырайып жатады...
Басқа жол іздеді, көзі көрмейтін, құлағы естімейтін алысқа кетсем, деп арманады. Тағы Үрімжідегі ағасына қоңырау шалып мазасын алды, ол жолын тапты.
Әсем қалашық ҚазҰУ, таң самалы терезеден ішке енді.... Сары қазақ қара келіншегін, екі аппақ қызын ойлады. Әйелі «сен ол жақа барсаң тоқал алып аласың» деп көнбей талай күн ыдыс-аяқты салдрлатқан. Екі күннің алдында келіншегі қоңырау шалды. Сары қазақ қуанып қалды.
Тал-теректің түбінде басын ішіне салып, бүлкілдеп жүгірді. Тез отырып тез тұрды... басы айналып, көзі қарауытты.
Комнатаға келіп суық дұшқа түсіп, сабаққа барды. Өзі білетін теорияларды қайталаған жапақ мұрын, балдыр бет, ақ бас ағай «Иә, солай емес пе» деп қыздарға қарап, қайта-айта сөзін бөледі. Қызындай қыздараға көз тоқтатқан ұстазға жаны ашыды. Сары қазақ балаларының ит жейдесін басына жасатап жатып, өзгелер ерлікке, еркектікке балайтын «зина» деген үлкен күнадан өзін сақтады. Ол жанында жүрген көп сұлудан біріне көз салмай, басын төмен салып, үш жылды өткізді.
***
Баяғы инспектірлік. Аулыға қызмет тексеріп барды. Барлық сабақ қытайша. Қазақ инспкетрі Сары қазаққа тыңдайтын сабақ жоқ. Кетер шақ. Қол бұлғап қазақ мұғалімдер жалғыз құтқарушысы сияқты ауданнан келген жалғыз қазақ инспектрге ыржия қарайды. Олда өтірік күледі.
2014 жылдың 27 қазанында Шинжияңға Ши төраға келді. «Батыс өңірді бар күшпен ашу» қызметін тексерді. «Ауданға келеді екен» деп барлық кадр бір деммен тыныстап жатты... Алдын ала дайындалған сценарийды бұзып, көшде көліктерді тоқтатпай, барлық ел өз тірлігімен томпаңдап жатқанда, итті үргізбей бір жеті бұрын Үрімжіге келді. Кедей қара шаруалардың үйіне бас сұғып, күзгі молшылықта қатықсыз қара су ішті. Көп жайды көзімен көрген оның қысық көзі, сызық боп, жалпақ беті одан бетер жалпайып «халық тұрмысын дөңгелек дәулетке жеткізбей ештеңе істеуге болмайды, ол үшін орнықтылық» деп күбірлеп, басқа ешқайда бармай келген ізімен кері қайтты. «1966-76 жылдардағы саяси астаң- кестең аласапран жылдарда өмірдің өзінен білімін алған, өз айтқанынан басқаға көнбейтін нағыз тоң мойын екен» деп күбірледі Сары қазақ.
Сары қазақтың туыстары түрлі алман-салықтан, міндетті еңбек атаулыдан құтылды. Жерді құнарландыру, мал басын сапаландыру, ара бағу т.б... деп көп ақша берді. Барлық құндылықты ақшаға құрған олар саналарындағы «мен қазақпын»деген кедергіні алып тастады. Өздерін сондай еркін сезінді, көп құрсаудан құтылып, қапстан босағандай болды...қалың көрпесін, сусылдақ жұқа көрпе ауыстырды. Биік үстел қойып, үйіне аяқ киіммен кірді. Қоқайып ас ішті...Сары қазақ жалғыздың күйін кешті.
Үкімет көп елге алдыңғы қабырғасын толығымен әйнек етіп, су тегін ақ кірпіштен үй салып, төбесіне айдаһар орнатты. Жалғыз Сары қазақ үйінің шатыршасына айдаһардың темір қаңқасын орнатуға қарсы шықты.
Хан жүйжаң кеңсеге шақыды. Бұл жолы ұрысқан жоқ. «Жауын құрттан айдаһар жасама» деп сөз бастап ол «батыр тағдыры» туралы ескертті, ендігісі өз таңдауың дегендей қысқа қайырды. Сары қазақ өзіне туара қарады. Әділдікіздейтін, бір мойын, аңғалдығын алғаш рет мойындады.
Ит басына төгілген іркіттің қайтарымы бар-ау деп, әйеліне күбірледі.
- Түнде түсімде қалың қар басып, суық үскірік аяз ұрып тұр, есік ашылмайды, үй төбесінде қысық көз аласа адамдар қаптап жүр... Осындай мамыра жай кезде тездетіп ата жұртқа кетсек.
- Барсаң өзің жоғал, басқа таудың шөбін аңсаған киік азады деп байбалам салды пұшық мұрын қара қатыны.
- Ойланайық...
- Ойланатын түгі жоқ. Естіп жүрміз барғандардың жырғап жүргені шамалы «оралман» атанып ол жақта. Осы елде жалғыз қазақ қалса мен сол.
Елеусіз жатқан ауылға барып қызмет етуге Хан жүйжаңға өтініш жазды, кезінде зорға жетен аудан орталығынан кетіп, құлазыған қу медиянға өзі тіленіп тұрған Сары қазақтың мұнысына таңданды.
«Жазалағандарды қуатын ит байласа тұрмайтын жер емес пе? оның советтің шекпенінен әлі шыға қоймаған елден оқыған білімі неге керек» деп, Хан жүйжаң миығынан күле тез қол қойды.
***
Аядай ауыл. Әр көше жарқыраған асфалит. Ауыл ортасынан қызыл кірпіштендаңғаратып төрт қабатты бала-бақша, бес қабатты жатақты мектеп, футбол, баскетбол алаңы, жүзу көлшіктері салынған. Жол бойына спорттық қондырғылар қоқяды.
Бұрын-соңды мұндайды көрмеген ел қатты қуанды. Басында ауыл адамдары шешініп суға түсуден ұялды, бірте-бірте жалаңаштанып көлшікте бақаша жүзетін болды. Барлық балалар екі жасатан бала-бақшаға көк тиынсыз алынды.
Алты жастан мектепке ақысыз кірді. Оқулығын алдына таудайғып үйіп тастады. Бала-шағаның барлығы бақша мен мектепте тегін үш уақ тамақ ішіп, өзгенің тәрбиесіне алды. Айлықты еселеп көтерді, тіпті, шал-кемпірлерге бұрын соңды болмаған зейент ақы берді...
Ел комунизмге жетті деп жар сала айқайлады. Немере бағудан қолы босаған аталар мен апалар көздеріне қуаныштың ыстық жасын алды. Кезіндегі Мау төрағаға рақмет айтуға қауынын арқалап есгімен Пекинге барған ұйғыр ақсалға жете алмасада, күндіз-түні «Ши төраға жасасын» деп, күмбірлеп дұға жасады.
Азанмен спортпен айналысып жүрген Сары қазақ мешіттен шығып келе жатқан ақсақалға кездесіп сәлемдесті.
-Ата өзіңіз жақсы көретін адамға Алладан дұға тілейсіз-ғой.
-Иа, балам солай.
-Ши төрағаға дұға тілеп жатсыз ба?
-Әрине. Ауылымыз үш жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Сол Шидың еңбегі емес пе?
-Үйде намаз оқуға тиым салды...Мешіттерді азайтты.
Шал үнсіз қалың ойдың ішіне қалмалды...
Түске жақын Сары қазақ ауылдық үкіметке бас сұқты, ауданнан келген қытай кадр кеңседе жалғыз отыр...
-«Сен жақсы» деп қытайша амандасты.
-Ол жақтырмай «сен жақсы» деп аузын жыбырлатты.
- (Қисық мойнын жасырып галсток тақсада, орсақ тісі орсаңдап мені қайтесің дегендей сөйлегенде қалпсыз қозғалады). Сізге кім керек?
-Сіз.
-Айта бер.
-Қалай ойлайсыз, Ши төраға отырғалы үш жыл болды, келесі жылы жалғастыбилікке отыра ма?
-Бар...бар... ондай үлкен шаруада нең бар, өз жұмысыңды біл деп, көзі шадыраң етіп, қуып шығуға шақ қалды.
- Сізді ауданнан келген кадр деп әдейі келдім. Үш жылда табысты еңбек етіп, қала мен аулды теңестірген Ши төрағаны барлығымыз жақсы көреміз. Жалғасты отырса деп тілейміз.
-(Не дерін білмей аңтарылып қалған ол, сәл тұрып бетіне тесіле қарап)...жақсы, сен жақсы ойлайды екенсің деп арқасына қақты.
Отыр... отыр деп жағдайын сұрады. Кетерінде жұмыс болса келіп тұр деп бәйек болды.
Қыркүйектің басында ауа райы бұзылып, дауыл ұйтқи соғып, топырақты көкке ұшырды. Қыстың биыл ерте түсетінін ел аңғартты.
Жаңа оқу жылымен Сары қазақты бір үрей құшағына алды... жүрегі суылдап тоқтамады....
Есіктің қоңырауы шырылдады, төбе-құйқасы шымырлап есікке барды... үн жоқ, тыныштық. Құлағы шыңылдады. Енді жамбасы жер искегені сол телефоны шыр ете түсті, жүрегі дүрсілдеп қолфонды қолына алды, келіншегі екен, жаныорнына түсті....
Екі қызы балабақшада, келіншегі жатақты мектепте, қытайшасы жетпеймұғалымдіктен қалып, аспаздың көмекшісі болып ыдыс-аяқ жуып, шаң сүртеді, әйтеу айлығы сол бұрынғы мұғалім кезіндегі айлық. Ол соған мәз. Жұмысы елден бұрын басталып, кейін аяқталады. Амалсыз келіншегі сонда қонады. Сары қазақтың жалғыздыққа еті әбден үйренді, үйге кірген жалғыз шыбынды дақуып жүріп сабап өлтіреді.
Сары қазатың ішіндегі бір жартысымен сөйлесіп мектепке азанмен келеді. Бар мен жоқтың ортасында өз иделогиясын жасаған қысық көздер айдаһар төтемін айтып айналасына айбар шегеді, шын мәнінде айдаһар бар ма, жоқ. Ал бар деп ойласаң көз алдыңда ертектегі адам жегіш жуан жылан келе қалады. Бар десең бар, жоқ десең жоқ.
Жиналыс. Жиналыс десе тісі қақсап, сай сүйегі сырқырап жүрегі ауыратын Сары қазақ бес мұғалымның алтыншысы болып қарайып құр суреті отыр.
Ауылда тыныштық сақтау, әр кім айналасына разы болып, ішкі жан дүниесін тыныштандру, сонда біздің Шинжияңда орнықтылық болып, баянды тұрде дамиды. Пекинге қарап бой түзеу, тәніміз бөлек болса да жанымыз бір болып, жуңхуа ұлтының ортақ санасын қалыптастырумыз керек деп аласа бойлы, мыртық денелі мектеп директоры қозы қарнын сипап қойып, қызыл басты құжаттың екінші бетін ашты...Барлығымызда төрт сенім болу: ортақ саяси сенім, қытайлық еркшелікке ие комунизімнің өміршеңдігіне сенім, ортақ мәдениетке сенім, болаттай тәртіптің астында алтындай табыс болатынына сенім.
Бұнысы «Қытайда тұрасың ба, қытай бол»деуден басқа ештеңе емес екен-ау деп ойлады Сары қазақ. Әр күні таңғы жетіде ту шығару, кешкі алтыдан тоғызға дейін кәрі-жасқа саяси үйренуді ұйымдастыру мектептегі алты мұғалым мен ауылдық үкіметтегі үш кадрдың мойнындағы шаруа. Таусылмас харбаластық.
Есіктің қоңырауы тағы шырылдады, төбе-құйқасы тағы шымырлады.
Қытайдың боқмұрын баласы кірді. Сары қазақ атып тұрып қол берді. Өзі оқытқан шадыр көз, селдір шаш, сопақ бас Қабай. Кезінде оған қазақша атты өзі қойған. Әкесі Уаңбау осы ауылда тұрады. Баяғыда келіп қазақа сіңіп, қазақ болып кеткен қара қытай. Жанында пұшық мұрын орсақ тіс қазақ па қытай ма белгісіз біреуі бар екеуі Сары қазақты жер асты бөлмеге апарып, сығырайған шамның түбінде көп сұрақтың астына алды.
- Қолфоныңызды беріңіз.
-Сөйлесуден арыға жарамайтын ескі нокиосын көріп, қол созбады.
-Неге шетелге оқуға бардыңыз.
-Ба Жин, Сау Ю сияқты оқығым келді.
-Олар кім?
-Ол Жүңгоның атақты жазушылары.
-Сіз неге төмен қарап, тұнжырап жүресіз.
-Мен қыздарға қараудан ұяламын.
-Е, түсінікті.
-Неге арақ ішпейсіз, ел сияқты.
- Аузыма алсам болды құсып қоям.
-Сіз не ойлайсыз.
- Ши Төраға аман болса деп ойлаймын.
- Мынауыңыз дұрыс...жақсы... боссыз
***
Сары қазақ өзіне таныс ақсақалмен ту шығарудан кейін тағы бірге қайтты...
-Ата бұрынғы мәдениет төңкерісі мен бүгінді салыстрасыз деп бәсең үн қатты.
-Балам ол кез жақсы еді-ғой. Жауың белгілі. Тап жауы болмасаң болды. Кедейдің баласы болсаң бақытты едің. Ал қазір қауптың қайда екенін білмейсің.
Қазір жауың көрінбейді... үндемей қабатын ит сиқты.
Мас болып, ойсыз-күйсіз күй кешіп, өтірік күліп, бақытты адамдай жайраңдапжүрсең құтылдың дейді шалдың ішінде бір үн.
Кіналы еместігіңе нық сеніп, адамша ойлап ақымақша сөйлеп, өздерінің айтқанын өздеріне қайталап айтсаң жеткілікті дейді Сары қазақ өзіне өзі күбірлеп.
Бүгін түсте ұлы қорғанның ішінен келген қытай туыстар ауыл халқына кезекті туысқандық бір шәугім шайын берді екен.
-Біз ойлауды өзгертіп «мен қазақ, ол ханзу дегенді» миымыздан алып тастағанда ғана дамимыз, ол үшін бір тілде сөйлесек, бір салт-дәстүрді ұстансақ деп, масаңдау ауыл әкімі тілін шайнап, тосыт көтерді. Қане қарттарды сиылаған елміз алдымен сіздермен соғыстырамын деп, алға қадам басты. Алдыңғы дастарханда арам су ішпеген ақсақалдар сол күні түнде үйренуге кетіп, үш айда қайтып келді. Ақсақалдар бүгін толығымен ауыз тиді ащы судан.
Ауылға Ханжүйжаң келіп ата-аналармен жиын ашты. Бірінші болып сөз алған сақал-мұрты қырылған шал: «біздің де қытайша сөйлегіміз келеді... қалаға барсақ мылқау боламыз, тіпті радионы түсінбей барамыз, тіл үйрету курстарын ашып берсеңіз. Балалардың да ең мықты оқығаны мұғалым болды...хансзу тілін оқығандар қашанда биікте»деп сарнады. Хатшы қыз видио жазба жазып отыр... одан кейін сөз алғандар ауылдың жетістігін айтса, бреуі айлығын айтып мақтанды...
Ай жарық...көшеде мастар кетіп бара жатты, мастардың көбі әйел...өз көзіне өзі сенбей таң қалды Сары қазақ...намаз оқып жүрген кешегі таныс шалдың өзімас, икс басып барады... азанда ту шығрамыз, кеште үйренуге барамыз, түнде.... деп...тырық...тырық күледі қатындар... жарты жылдық саяси үйренуден келген Қонысбай жынды болып кетіпті дейді бір әйел даусын көтере...мен бас десем, құлақ дейді... жыланы еш жыбырламайды, пішіп тастапты.... қарқылдап күлген қатындардың түнгі даусы алысқа кетті.... Ши Жушидың бүгінгі сөзі «ашық позатция білдіріп, батыл үн қату» дейді бірі...Баяғыда жылаған балаға «мас қалмақ келе жатыр» деп қорқытушы еді, ол кезде қалмақтар мас жүретін, кейін олардың бәрі қытай болып кетті...енді «мас қазақ келе жатыр» өз ойынан өзі қорықты... «мен Сары қазақпын» деп қайталады, жалғыз арқа сүйер күшін өз бойынан таба алмады...