Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

28.11.2017
4177

Себеп

Солғын ағаш тербетіп теректерін,
Назын тыңдап отыр ғой жел өкпенің.
Мезгілінен күз кетпей қыс келгенге,
Іздеп әлек бұл жайдың себепкерін.

Қара жерде жамылып ақ мамығын,
Айтып отыр аспанға жоқтау үнін.
Күндіз күнді көрмеймін,түнде айды,
Тұман торда неліктен ақ жарығым.

Әлем әне айтады қоғам шерін,
Жатқада жақынғада тоналды елім.
Иман,намыс парасат өшкелі ғой,
Себеп іздеп жоғалты адам сенім.

Соғыста бар жоқ емес жаһанда алуан,
Өмірінен ертерек адамды алған.
Себебі не?
Не себеп деген сұрақ,
Күтіп жүр ғой қайтемін санамды алдан.

Медеу тілеп Тәңірден жебеп келген,
Өмір өтер ол дағы кезек керуен.
Адам өмір сүреді бұл жалғанда,
Шыныменен алысып себептермен.

Шыныменен алысып себептермен,
Өлең жазып отырмын себеп берген...

       Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ. 


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: