Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ӨЗ ОЙЫМ
Сергелдең күндер

Блогтар

19.01.2020
4337

Сергелдең күндер

Сергелдең күндер

Күн салқын. Сенбінің сергелдең бір күні секілді. Таңнан бері жата-жата жамбас тесілуге шақ. Бұл күні менде сабақ жоқ. Сағат 11 лер шамасы. Бірақ, құдді бір 4-5 арасы секілді. Бәрі жым-жырт. Әдетте, бұл уақытта тіршілік қайнап жатушы еді. Неге екені белгісіз, мұндай күндері мен тәннің жаурағанын емес, жанның жаурағанын сеземін. Жан азығын іздеп, үйдің жанындағы 5-ші балалар кітапханасына жол тарттым. Барсам, онда да тып-тыныш. Жан баласы көрінбейді. Бірақ, бұл тыныштық, даладағы тыныштықтан көрі маған жағатын тыныштық. Міне қызық... Жарты сағат бойы оқитын бірде-бір кітап таба алмадым. Кітапханада кітап жоқтығынан емес, менің көңіл-күйіме дөп түсетін кітап таппағандықтан. Содан не керек, оқырман залын айналып жүре бердім.Тап бір кітапханадағы барлық кітаптарды оқып қойып, енді жаңа кітап іздеп жүрген жан секілдімін. Бірақ, бір нәрсе оқымасам, санамдағы сансыз ойдан арылмасым һақ! Кенет, неге осы газет оқымасқа, тым болмаса жаңалықтардан хабарым болады дедім. Кітапхананы қанша аралап шықсамда, газеттер тұратын бөлімді таба алмадым. Бүгін барлығы да менің рухани әлсірегенімді қалайтындай... Сұрай салатын да жан көрінбейді. Әншейінде кітап оқып отырсаң сөйлеп, орындықтарды бір орыннан екінші орынға ауыстырып жүретін кітапханашылардың бірі де көрінбейді. Қой, одан да сыртқа шығып, Есіл жаққа барайын. Бәлкім, сол жақтан бір жылылық сезермін.... Ойлап тұрғаным сол екен, кітапханашы Валентина кіріп келді. Қуанғаннан айқайлап, секіруге шақ қалдым. Тап бір сөнген үмітім қайта жанғандай болды. Мен газет оқымағалы қай заман? Студенттік кезден бері оқымаған шығармын. Содан, Қазақ әдебиеті газетінің бір жылдық санының бәрін сұрап алдым. Газетті оқушылар оқи қоймайтындықтан басқа бөлімге апарып қойған екен. Газетті алып, әр бетін парақтап отырып, шөлі қанбаған жандай оқи бердім.... Кенет, бір аты ерекше әңімені көзім шалып қалды. Шыны керек бастапқыда әңгімені оқуға онша қызықпадым. Оған себеп, соңғы 2-3 жыл көлемінде шығып жүрген әңгімелер легі қанша оқысам да көңілге қонбайтын. Бәлкім ол әңгімелер қызықсыз болды ма, әлде менің оны түсінуге қауқарым жетпедіма білмедім. Оның үстіне бұл әңгімені жас прозашы жазған екен. Әйткенмен, оқып көрейін деп шештім. Бастағаннан-ақ бірден баурап алды. Ерекше жазылған. Жазушының жеткізу шеберлігінде шек жоқ. Тапжылмастан оқи бердім. Өмірде жиі кездесетін оқиға болғанымен, мен мұндай жағдайды бірінші рет оқып тұрғандай сезіндім. Маған қатты әсер етті. Шынымен де оқырманды бірден баурап алатын неткен керемет шығарма. Бұл әңгіме мені біраз ойландырып тастады. Өмірде таңдауды өзіміз жасайтынымызды, сантарау жолдардың барлығын, ойға шек жоқ екендігін, оймен қиылыспайтын нүктелерді де бір-бірімен қиылысытырып жататындығымызды ойладым. Дәл осы өмірімізбен қатар тағы дәл сондай паралель өмір барына нақ сендім. Әсіресе, мына жолдар қатты әсер етті: Тағдыр – таңдау ғой. Алдымызда мың-миллион жолдар бар. Тіпті, біздің санамызда күнделікті қанша таңдау туындайды – сызылған сонша жолымыз бар секілді. Олардың бір-бірімен қиылысуы қажет емес. Квант секілді. Бір сәтте бірнеше жерде бола алады. Иә, менің оқыған әңгімем- Досхан Жылқыбайдың КВАНТ әңгімесі еді. Содан осы кіргеннен кітапханадан күн батарда бірақ шықтым. Шықпаспа едім, кітапхана жабылмағанда. Квант менің өзге кітаптарды оқуға деген қызығушылығымды арттырған әңгіме болды. Бұл жазушының шеберлігі! Әлемде өзгеше ойлай алатын жандардың барына қуанамын!


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: