Блогтар
ШЕЖІРЕ-ҒҰМЫР
ШЕЖІРЕ-ҒҰМЫР
Ахаңның Астанадағы кезеңі мен сонау ХҮІ ғасырда Қасым хандығындағы Ораз-Мұхаммед ханның жанында қызмет атқарған Қадырғали Жалайыридің бейнесімен шендестіремін. Ресей патшалығына тұтқын болып түскен Ораз-Мұхаммед ар алдындағы адалдығы мен ерлік істері арқасында Қасым хандығының тағына отырғандығы белгілі. Сол оқиғаның құрметіне Қадырғали Жалайыри атақты «Жами ат-тауарих» (ғылымға танылған атау) атты Шыңғыс ханнан Қазақ хандарына дейін ұласқан билеушілердің шежіресін жазады. Хан тағының жанынан орын алады. Еңбектің соңғы сөздерінің сөресіне «тарақ таңбалы Қадырғали би Жалайыри» деген мәліметті қалдырады. Аталмыш еңбек 400 жыл өткен соң, тарақ таңбалы Ақселеу Сейдімбектің Алты Алаштың шежіресі жинақталған «Қазақтың ауызша тарихы» атты туындысымен Астана төрінде қайта жаңғырып, лайықты жалғасын тапты.