Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

29.10.2020
4450

Соңғы нүкте

Күз  демі

 

Құр жерге тимей табаны,
Жапырақ желмен ағады...
Бұлттардың батып түбіне,
Жұлдыздар Аймен тоңады.

 

Салқындық билеп саналы,
Жапырақ – пілте, жанады.
Бұлттарды суық жел үрлеп,
Басына Күннің қонады.

 

Шымшылып өтер бетіңді,
Желі де өткір, өтімді.
Қыркүйек үнсіз қоштасып,
Қия алмай тұрған секілді.

 

Сарыға көк түс өзгерсе,
Ауа да дымқыл, сыз берсе..
Жаңбыры бұлттың – көз жасы,
Жабырқай берген күз келсе...

 

Көктемнен күдер үзгелі,

Көрмедік екен біз нені?!.

Мазаны алып бекерге,

Қосқандай ащы шекерге.

Күз демі!..

 

Соңғы нүкте

 

Бәрі кеш...
Шегін, шегінбе,
Жүрістің шаңы көгіңде...
Қуанып келіп, өкпелеп, 
Кетесің,
Мына өмір не?!.

 

Сол жүріс... 
Адасқан қажетті жерінде,
Иелік жоқтай сенімге...
Жылап кеп... жылап кетесің,
Мына өмірге!

 

Жұлдыз аққанда көгінде,
Соңғы нүктедей кебінде...
Біреулер келіп, біреулер кетіп барады,
Базарлы, мына өмірде.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: