Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Блогтар
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Сөз киесі – Дүкенбай Досжан» атты еске алу кеші өтті

Блогтар

10.09.2019
4993

«Сөз киесі – Дүкенбай Досжан» атты еске алу кеші өтті

 «Сөз киесі – Дүкенбай Досжан»  атты еске алу кеші өтті

Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, көркемсөз шебері, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының,  М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанның туған күніне орай еске алу кеші болып өтті. 

 

Іс-шараның мақсаты - сөз өнерінің шебері Дүкенбай Досжанның шығармашылық жолын оқырмандар назарына ұсыну, қазіргі ұрпаққа қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрлері, оның шығармаларында көрініс тапқан проблемалар туралы айтып беру.

 

Дүкенбай Досжан - мың тағдырдың жазушысы. Дүкенбай Досжанның кітаптары қазақ халқының өміріне, қоғамдық сана мен ұлттық дәстүрлерге арналған.Оның еңбектері адам жанына терең енуімен, бейнесімен, динамизмімен ерекшеленеді. Оқырмандар оның әңгімелері мен романдарын оқығанды ​​ұнатады.

 

Дүкенбай Досжан – 11 роман, 23 хикаят және 100 әңгіменің авторы. Кітаптары әлемнің 20-дан астам елдерінде аударылып жарық көрген.

 

Дүкенбай Досжан  – Қазақстандағы  ең оқырманы көп жазушы атанған қаламгер.

 

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен оқытушылар,  оқырмандар және студенттер қатысты.


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: