Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

Блогтар

07.11.2017
7322

Сүю қиын...

▪Сүю қиын▪

Сүю қиын...
Махаббаттың сезбесең заңдылығын,
Қайғы-менен атырған таңды құлың.
Сен силаған өкініш-Өткір қайғы,
Содан болар көңілім,қанды бүгін.

Сүю қиын...
Тікен болып жүрекке қадалса мұң,
Қара түннің жастарын таң алса мың.
Бір ғажайып жанымды тебірентер,
Басқанындай бір тынық,самал соңын.

Сүю қиын...
Артық көріп бір жанды жаныңнан да,
Түніңнен де іздейсің таңыннан да.
Ең қиыны бұл жүрек жылайды ғой,
Жылайды ғой сүйгенін сағынған да.

Сүю қиын...
Жалғызсырап-жабығып жылап тұрып,
Жалбарынып-қамығып сұрап-тұрып.
Бұл махаббат жүректі шалады ғой,
Сүйіп келем сонда да құлап-тұрып.

Сүю қиын...
Сырын білмей сезімнің жанатынмын,
Жұлдыздармен бейнеңді салатынмын.
Сүю қиын жаным-ау сүю қиын,
Құшағын да қоп-қою қара түннің...

Автор:М.Жексембаев


Бөлісу:      
Пікір қалдыру: